Қарым-қатынас.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарымқатынас мәдениеті




Презентация қосу
Қарым-қатынас.Мұғалім мен
оқушы арасындағы қарым-
қатынас мәдениеті
Психолог кеңесі
izden.kz 6.10.15

• Жеткіншектердің психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерін ескеру.
• Баланы орынды мақтау мен жағымды
қасиетін көре білу. әр баланың
бойындағы жағымды қасиетті іздеңіз,
соған сүйене отырып, басқа жақтарын
түзеуге әрекет етіңіз.
• Бала көңілсіз, мазасызданып отырғанын
байқасаңыз, оны көп мазаламай
сабақтан соң оңаша сөйлескен жөн.
• Педагог екендеріңізді танытып, жан
дүниесін түсінуге өзіндік кілтін табуға
тырысыңыз.
Қандай жағдай
izden.kz болмасын сабырлық
6.10.15

танытып, бала өз қатесін
түсінетіндей жағдайға келіңіз.
Қателік сізден кетсе, онаша
болғанда өз қателігіңізді
мойындаңыз.
Бар балаға бірдей қатал болмаңыз,
сабақ үстінде қорқып отырған бала
мұғалімнің айтқанына зейін сала
алмай, шашыраңқы отырады.
Баламен адал болыңыз.
• Балалардың шошып отырғанын
izden.kz 6.10.15

байқаған кезде, әзілдесіп, олардың
бойларындағы қысымды
сейілдетуге тырысыңыз. Одан бала
тәртіпсіз болып кетпейді,
басыңызға шығып алмайды.
(қызықты жұмбақ)
• Бұндай юморды балалардың
шаршағанын байқаған кезде де 1-
2 минуттық пайдаланған тиімді.
• Егер сабағыңыз қызықты болса,
балалар да қызығатындай етіп
түсіндіріңіз.
Қарым-қатынас –
адамдар арасында бірлескен
іс-әрекет қажеттілігін
туғызып, байланыс
орнататын күрделі процесс;
Қарым-қатынас тұлғалар
мен топтар дамуының
және қалыптасуының
қажетті шарты болып
табылады.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢТҰЛҒА ДАМУЫНДА ҒЫ ОРНЫ
Қарым-қатынас - екі немесе бірнеше адамны ң арасындағы
өзара әрекеттесу, оның барысында ақпарат алмасу жүреді.

Көзқарастары мен
мінез-құлық нормалары
қалыптасады
Ойлау қабілеті Сөйлеу қабілеті
дамиды мен тіл мәдениеті
дамиды

Қарым-қатынас

Аға ұрпа қтың
Д үниетанымы
т әжірибесін ме ңгереді
қалыптасады

Қарым-қатынас
т әжірибесі
қалыптасады
Егер балаға мол мейірімділікпен
izden.kz 6.10.15
қарасаңыз, ол да сізге солай қарайтын
болады. Сіз оларға қалай қарым-қатынас
жасайсыз, олар да сізге солай қарым-
қатынас жасайды.
Бала сіздің оған қамқорлық жасап
тұрғаныңызды сезінуі керек.
Егер оқушыны жамандай берсеңіз,ол
одан әрі жаман бола береді, ал егер
жақсы қасиетін көріп қалып, мақтай
берсеңіз, онда ол мақтауға тұрарлықтай
қылықтар істеуге ұмтылып тұратын
болады.
Өз сыныбыңызды мектептегі ең үлгілі, ең
тәртіпті, ең ұйымшыл сынып деп таныңыз
Қарым –қатынас 3
тарапты үдеріс:


Коммуникативтік

Интерактивтік

Перцептивтік
• ақпараттық (немесе коммуникативтік),
қарым-қатынасқа түсетін адамдар
арасында ақпарат алмасу жүреді;
• өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік)
қарым-қатынас жасаушылардың білім,
идея, жай-күй ғана емес әрекет
алмасуларымен ерекшеленеді.
• түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-
қатынастағы серіктестердің бір-бірін
қабылдауы, бағалауы және түсінуі
болып табылады.
Қарым қатынас түрлері
мазмұнына қарай:
Материалдық – адамның өзара алмасатын заттары
мен іс-әрекет құралдары.
Когнетивтік - адамның бір-бірімен байланысы
барысында алмасатын мәліметтер: білім, ептілік т.б.
Кондициялық – адамдардың психикалық және
физиологиялық күйлерінің алмасуы.
Мотивациялық – адамдардың ізденушіліктерінің,
мақсаттары мен қызығушылықтарының,
мотивтерінің айырбасы.
Іс-әрекеттік – адамдардың өзара іс-әрекеттері,
іскерліктері, еңбек дағдылары арасындағы байланыс
   Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-
бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл)
құралдар көмегімен жасалынатын толық
психологиялық контакт, кері байланыс
бір мезгілде өтеді.
Жанама қарым-қатынас —
қатысушылардың кері байланыс
уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу
және техника құралдары арқылы
жасалынатын толықсыз психологиялык
контакт.
Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы
өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей
контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың
белгілері: қатысушылардың психологиялық
жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі.

Бүқаралық қарым-қатынас - бейтаныс
адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы,
стадионда, театрда, шеру - бұқаралық тікелей қарым-
қатынас.
   Персонааралық қарым-қатынас —
ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін
ашатын белгілі тұлғалардың
психологиялық контакттары (чемпиондар,
ғарышкерлер, президенттер).
Рөлдік қарым-қатынас - белгілі
әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың
психологиялық контакттары, мысалы,
оқушы — оқытушы, әке — бала, сатушы —
алушы, көрші — көрші, дәрігер — ауру,
бастық –бағынушы
Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-
қатынас құралымен жүзеге асырылады.

Олар: вербалды және вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас - тіл, сөйлеу арқылы
жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс
құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың,
интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық
құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор,
дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-
ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл
қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара,
мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.
Мақсатына қарай қарым-катынас
психологиясы тұлғааралық қарым-
қатынастың үш түрін ажыратады:


императив (бұйрық)


манипуляция (айла)


диалог (қос сөз, қос тіл)
Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас —өз қарым-
қатынас серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бакылау жасау
мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік
формасы. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру
жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын
көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары
ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау
пайдаланылады (Отыр! Түр! Әкел!).
   Манипуляция, алдап-арбау қарым-қатынасы — жиі
кездесетін тұлғааралық қарым-қатынас түрі,
қарым-қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне
бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету
үшін манииулятор қарым-қатынас партнерін нысана
ретінде қарастырады.
Манипуляциялық қарым-қатынас - басканы өз
мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.
Диалог қарым-қатынасы. Бүл тең құқықтық
субъектілердің арақатынасы, қарым-қатынас мақсаты - өзін-
өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған
арақатынастардан негізгі айырмашылығы - экоцентризмнен,
өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған
ұстанымға көшу. Бүл қарым-қатынас үрдісінде екі дауыс, екі
пікір есітіледі, бұл субъект — субъект қатынасы.
Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-
әрекетпен біріккен өмір сүру
формаларына негізделген адамдардың іс-
әрекеті» — деп көрсетеді.

Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-
әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара
әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа
адамды қабылдау және түсіну барысында
адамдар арасында дамитын күрделі көп
салалы үрдіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Елеусізова С. «Қарым-қатынас психологиясы» А,1995
2.Зязюн.Г.М Основы педагогического мастерства М,1989
3.Интернет желісі
4.Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері,А1987
5. Буркитбаева Г.Г. Текст и дискурс. Типы дискурса.Учебное
пособие. Алматы. 2006.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Тұрақты - жағымды стиль
Формативті бағалау
Қарым қатынасты меңгеру
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
Педагогикалық қатынас ерекшелігі
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде этнопедагогиканың ролi
5- сынып оқушыларын пәндік оқуға бейімдеу
Қарым қатынас стратегиясы
Информатиканы оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Пәндер