Инфляция: анықтамасы, себептері және түрлері


Slide 1

Канагат Акерке ФН-405

ИНФЛЯЦИЯ

Slide 2

Инфляция - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Инфляция - бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Slide 3 Slide 4

Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:

әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;

ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.

Инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.

Slide 5

Шығын (ұсыныс) инфляциясы - бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады: еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы; көрсетілетін қызметтің маңызының артуы; бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі; энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

алтынға;

тауар;

шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

Slide 6

Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

Slide 7

Бағаның өсу қарқынына қарай:

баяу инфляция - баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

орташа инфляция - баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

ұшқыр инфляция - баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Slide 8

Таралу орнына қарай:

локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Инфляция: себептері, түрлері және қарсы шаралары
Қазақстандағы инфляция: анықтамасы, себептері, тарихы және антиинфляциялық саясат
Экономикалық циклдер, инфляция және жұмыссыздық: фазалар, себептері және түрлері
Инфляция: тарихы, түрлері, себептері және ақша айналымын тұрақтандыру шаралары
Инфляция және жұмыссыздық: түрлері, себептері және Филлипс қисығы
Экономикалық тұрақсыздық: инфляция мен жұмыссыздықтың түрлері, себептері және әлеуметтік-экономикалық салдары
Инфляция: мәні, даму тарихы, себептері және басқару шаралары
Баға жасау мен инфляция: теориялар, себептері және Қазақстандағы ерекшеліктер
Инфляция мен жұмыссыздық: өлшеу әдістері, себептері және қоғамдық-экономикалық салдары
Гастрит: анықтамасы, түрлері, себептері және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz