Ақпараттың өрнектелуі мен өлшемі: информатика, ақпараттық технологиялар және есептеу техникасының даму тарихы


Slide 1

СӨЖ

Тема: Ақпарат және оны өрнектеу жолары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы.

Орындаған: Болатов Ш. Ж ВС 505

Тексерген: Кайсанов С. Б

Семей қ. 2015 жыл

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

1. Информатика ұғымы

2. Ақпараттық технологиялар және техника

3. Есептеу техникасының даму тарихы.

4. Ақпаратты өлшеу

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер.

Slide 3

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда

"Wikipedia" сөзінің бинарлық түрдегі ASCII коды

Slide 4

Информатика - адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика - өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым.

Slide 5

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.

Есептеу техникасы құралдары (ЕТҚ) - ақпаратты өңдеу жүйесінің өз бетінше немесе басқа жүйелер құрамында жұмыс істеуге қабілетті бағдарламалық және техникалық элементтерінің жиынтығы. Ақпаратты ұстайтын техникалық құралдар - ақпарат сыртқа шығатын техникалық арналар бойынша тарайтын дабылдарды қабылдау және өлшеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдар, сондай-ақ ақпаратты алу үшін пайдаланылатын басқа да техникалық құралдар.

Slide 6

Есептеу техникасының даму тарихы

Есептеу техникасының даму тарихы ерте кезден-ақ басталды: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль - сандарды қоса алатын механикалық құрылғыны ойлап тапты; XVIII ғасырда В. Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды; XIX ғасырда Ч. Бэббидж механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді; XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін ақпарат пен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері қарастырылған.

Slide 7

ЭЕМ-ры мынадай буындардан тұрады:

1) бірінші буын - ЭЕМ-нің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектердің негізгілері - ваккумдық электрондық шамдар. Мұндай компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары 1 секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын: екі санды қосу, көбейту сияқты қарапайым операциялармен шектелді.

2) екінші буын - транзисторды ойлап шығаруға байланысты, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын ЭЕМ-ры жарыққа шықты. Бұл ЭЕМ-да Алгол, Фортран, Бейсик және т. б. программалау тілдеріндегі программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.

3) үшінші буын - элементтік негізі жартылай өткізгішті интегралдық схема (ИС) болатын ЭЕМ-ры жасалына бастады. Интегралдық схема (ИС) - мүмкіндігі күрделі транзисторлық схемадай болатын, аумағы 1 шаршы см-ге жетпейтін функционалдық блок. Ол жартылай өткізгішті кристалдан (негізінен кремнийден) тұрады да, элементтері он мыңдаған-миллиондаған транзисторлардан, диодтар, конденсаторлар, резисторлар арнайы тақшада тұтас құрастырылады.

Slide 8

4) төртінші буын - элементтік негізі үлкен интегралдық схема (ҮИС) және аса үлкен интегралдық схема (АҮИС) болатын ЭЕМ-ры жасалына бастады. Бұл ЭЕМ-ры білімді нәтижелі түрде өңдей алатын, параллель жұмыс істейтін ондаған микропроцессорлар жиынтығынан дайындалып шықтышина жұмысын басқарушы және арифметикалық-логикалық ақпаратты өңдеуге арналған компьютердің негізгі құрылғыларын бірге қосып процессор деп, ал бір немесе бірнеше АҮИС-дан тұратын дербес компьютер (ДК) процессорын микропроцессор деп атайды.

5) Бесінші буын1990 жылдардан бастап объектілі-бағдарлы программалау тілдері сияқты электрондық құралдары жаңа типті етіліп күрделі дамытылған бесінші буын ЭЕМ-ры дайындалып шықты.

Slide 9

Ақпараттың өлшемі

1 килобайт=1Кб=110байт=1024байт

1 мегабайт=1 Мб=210Кб=1024Кб(1048576 байт)

1 гигабайт=1 Гб=210Мб=10Мб(1048576 Кб)

Ақпаратты беру жылдамдығы (ақпараттыт/с, байт/с . . . )

Slide 10

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Есептеу техникасының даму тарихы
Ақпарат пен информатика негіздері және есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеу техникасының даму тарихы және кезеңдері
Есептеу техникасының даму тарихы: кезеңдер мен негізгі жетістіктер
Есептеу техникасының даму тарихы және компьютер ұрпақтары
Есептеу техникасының даму тарихы және буындары
Есептеу техникасының даму тарихы: сабақ жоспары
Есептеу техникасының даму тарихы: Паскальден IBM PC-ге дейін
Мектептегі информатика сабағын түрлендірудегі жаңа ақпараттық технологиялар
Есептеу техникасының тарихы және ЭЕМ-нің даму буындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz