Күрделі гүлділер немесе астралар тұқымдасы




Презентация қосу
Күрделі гүлділер немесе астралар
тұқымдасы

Орындаған:Нұркенова Г.Т.
Қашқаргүл тәрізділер (
латынша: Asteráceae), немесе
ескі атауы Күрделі гүлділер(
латынша: Compósitae) — қос
жарнақты өсімдіктердің бір
тұқымдасы
Таралуы
Дүние жүзінде кең тараған, 1300 туысқа
бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар.
Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-
деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін
өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте —
шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш
түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық
өсімдік.
Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер.
Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп
тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер.
Жер жүзінде, Арктика және Антарктида
мұздарының өзге таралу аймақтарының
барлығында 1300 туысқа бірігетін 25
мыңнан астам түрі бар
Сипаттамасы
Жапырақтары әдетте кезектесіп, кейде қарама-
қарсы орналасқан, пішіні әр түрлі. Ұсақ гүлдері
себет гүл шоғына топтанған. Бірнеше гүлі бір гүл
тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі.
Гүлі қос не дара жынысты, жыныссыз түрі де
болады. Тостағаншасы жойылып кеткен немесе
айдарша тәрізді. Күлтесі біріккен, осыған орай
гүлі түтік тәрізді, қос ерінді. Аталығы 5, аналығы
1, жемісі тұқымша, эндоспермсіз. Бұлар - негізінен
шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер.
Құрылысы
Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін
жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады.
Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі.
Пішіні, құрылысына байланысты себетг үлде
тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі,
шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне
сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер
күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.
Түрлері
Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады.
Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады.
Ассүттіген, бөрігүл - көкөністік өсімдіктер.
Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған,
қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады.
Жералмұрт (топинамбур) - малазықтық дақыл.
Бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгина) -
сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп
түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп,
қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.
Күрделігүлділер тұқымдастарына
жататын өсімдіктердің ортақ белгілері
Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тоста ғаншасы
кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. На ғыз
күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі - гүлшо ғыры болады.
Күлтесі 5 күлтежапырақшалардан құралады. Оларды ң
төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жо ғары ұшында ғы
5 тісшесі болады. Ал жалған, тілшегүлді ң жо ғар ғы ұшында
3 тісшесі ашылып жайылады. Күлтені ң т үтікшесіне бітісіп
өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады.
Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік ар қылы аналы қ
аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек,
күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі - айдарлы
немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделі г үлділерді ң
формуласы: Т0К(5)А(5)Ж(2)(бақбақ гүлі) .
Шаруашылықтағы маңызы
К. г-дің шаруашылық маңызы зор. Бұлардың арасында
каучуктылары (мыс., көксағыз, гвайюла, жерсағыз, т.б.),
көкөніс түрінде пайдаланылатын (мыс., ассүттіген,
бөрікгүл, шашыратқы, т.б.), мал азықтық (мыс., жер
алмұрты), май алынатын (күнбағыс, мақсары, т.б.),
әсемдік үшін өсірілетін (қошқаргүл, нарғызгүл,
хризантема, қырмызыгүл,барқыт шөп, әсел, т. б.), дәрілік
маңызы бар (түймедагы, арника, дермене, андыз,
итошаған, т.б.) түрлері кездеседі.
К. г-дің арам шөп (шоңайна, қалуен, түйетікен, у кекіре,
гүл кекіре, тікенқурай, ошаған, бақ-бақ, түйме-
шетен, ақбас жусан, жусан,лаңса, т. б.) түрлері де бар.
Итошаған (череда
трехраздельная)
Итошаған-күрделі гүлділер тұқымдас, қою
жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырақтары
қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары
түсті, топталып өседі. Жемісі-ұзынша дән.
Шілде-тамыз айларында гүлдейді.
Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі
кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында
өседі.
Химиялық құрамы. Итошаған шөбінің
құрамында илік заттар, шырыш, эфир майы мен
ащы заттар, каротин мен С дәрумені бар.
Қолданылуы. Емдік мақсатқа өсімдік
шөбін, жапырақтары мен тамырын
пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын
алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын
күзде жинайды.
Итошаған халық медицинасында
кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып,
ас қорытуды жақсартады, тері аурулары
кезінде зат алмасуын қалыпқа келтіреді,
тер мен несептің бөлінуін арттырады,
қан кетуді тоқатып, жүйке жүйесін
тыныштандырады.

Ұқсас жұмыстар
Қос жарнақтылар класы
Күрделігүлділер тұқымдасы жайлы
Жаңғақ тұқымдасы. Бұршақ тұқымдасы. Раушан гүлділер
Айлаулықтар тұқымдасы
Гүлзар
Дәрілік түймедақ
Мақсыр
ТҮРКІСТАН ДОЛАНАСЫ
Өсімдіктер мен жануарлардың "Қызыл кітабы". Дүниетану
Арамшөптермен күресу шаралары
Пәндер