Әлемдік экономика


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған:Аманжолова Ж. Е

Топ:Пх-415

Тексерген:Габдуллина Л. Б

СӨЖ

Slide 2

Тақырыбы:Әлемдік экономика

Slide 3

Жоспар:

Халықаралық еңбек бөлінісі.

Халықаралық интеграция

Халықаралық сауда.

Халықаралық қаржылық, валюталық ұйымдар.

Халықаралық жұмысшы күші миграциясы

Slide 4

ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ - еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады.

Негізгі 3 түрге бөлінеді:

жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;

түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;

жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі

Slide 5

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ - бұл жекеленген елдерде өнімнің белгілі бір түрі өндіруге тұрақты түрде мамандану және шоғырлану халықаралық еңбек бөлініс аса маңыздым алғысшарты болып өндіріс факторларының халықаралық өндірісі болып табылады. Өндірістің барлық факторлары былай бөлінеді:

Негізгі факторлар

Дамыған факторлар

Жалпы факторлар

Ерекше факторлар

Slide 6

Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н. Н. Баранский оны - экономикалық жағрапиялық (географиялық) негізгі ұғым деп атады.

Slide 7

Халықаралық еңбек бөлінісі - адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік - экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т. с. с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді.

Халықаралық еңбек бөлінісі - адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік - экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т. с. с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді.

Slide 8

Қазақстан Республикасы да халықаралық еңбек бөлінісі процесіне енген. Оның орны мен рөлі дамуымен, сонымен қатар табиғи және жасалынған артықшылықтармен, әсіресе біздің еліміз минералды шикізатқа маманданған және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осының негізінде біздің еліміздің сыртқы саудасы құрылады: шикізат экспорты, дайын өнімдер импорты. Бірақ егер Қазақстан экономика деңгейін көтергісі келсе, дайын өнімдер өндірісін көтеру қажет, ол елдің халықаралық экономикалық қатынаста орнын көтерер еді, ал қазір біз өнеркәсібі дамыған елдердің шикізат көзі болып отырмыз. Ол үшін экспорт-импорт саясатына реформа жүргізу қажет, сонымен қатар ұлттық өндіріс деңгейін көтеру тиіс.

Slide 9

Интеграция (лат. іntegratіo - қалпына келтіру, толықтыру, іnteger - тұтас, бүтін) - экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Slide 10

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ (экономикалық бірігу) -түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі, осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою, бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы. Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес және сатылaс экономикалық бірігу түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар мен банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты әрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар - экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

Slide 11

3) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі. Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Халықаралық сауда бүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр.

Slide 12

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ШАРТТАРЫ:

ұлт аралық компаниялар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары ынталылық танытқан табиғи және әлеуметтік факторлардың, ұлттық нарық ғұрыптары мен дәстүрлерінің, келісімдер мен нормалардың кешені;

елдің сыртқы саудасының экспорттық және импорттық бағасы серпінінің көрсеткіші. Елдің әлемдік шаруашылыққа бірігуі экономикалық кеңістікке сүйене- мұнда халықаралық сауда шарттары және елдің шаруашылық қызметінің шарттары ұрлым қолайлы болады. Осыған орай Қазақстанның ТМД елдерімен, жақын көршілермен және стратегиялық әріптестермен бірігуі оның саясаты мен сыртқы экономикалық қызметінде басты аумақ алады- бұл қызмет дайын өнім нарығын кеңейтуге, ТМД аумағында қалған көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның атқарымын қамтамасыз етуге, шикізат ресурстарына қол жеткізуге, Қазақстан капиталының таяу шет елдерге тиімді жұмсалымын ынталандыруға бағытталған.

Slide 13

4) Қазіргі нарықтық жағдайда әлемдік экономикада халықаралық қаржылық ұйымдар маңызды рөл ойнайды. Олардың қызметтері негізінен әлемшаруашылық байланыстарды нығайтуға және валюта несие қатынастарына қатысушы мемлекеттерді белсендіруге бағытталған. ХҚҰ- халықаралық қаржы жүйесінің ең маңызды элементі немесе кілті деп айтуға болады. Қомақты қаржы ресурстарын ұстай отырып, олар көптеген мемлекеттері мен әлем аймақтарының экономикалық дамуына көзге көрінерлік әсер береді. Қазіргі кезде барлық дерлік мемлекеттер халықаралық экономикалық және валюта қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға қызығушылық білдіруде. Осы ұйымдардың барлығын бір мақсат ортақтастырады бірлестіктердің дамуы және біртұтастықты қамтамасыз ету және әлемдік шаруашылықтың қиын жағдайын тұрақтандыру. Олардың арасында ең негізгі орындарын БҰҰ-ның ұйымдары алады: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Әлемдік банк тобы - Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) және оның үш филиалы - Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) және Көпжақты кепілді инвестициялық агенттігі (ККИА), сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар - Париж және Лондон клубтары.

Slide 14

5) Өндiрiстiң процессi белсене болып жататын бүкiл әлемде жұмысшы күштiң жарысайды. Еңбектiк миграция халықаралық экономикалық қатынастар бөлiк болды. Миграциялы ағындар бiр өлкелер және елдерден басқа ентелейдi. Еңбектiк миграция жұмысшы күштi ол қоятын қабылдаушы ел сөз жоқ артықшылықтарды нақтылы мәселелер тудыра қамтамасыз етедi.


Ұқсас жұмыстар
Бүкіләлемдік экономика
Әлемдік нарық
МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЫ
Халықаралық экономика теориясының объектісі және пәні
ҚР Үкіметінің тұрақты экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге арналған дағдарысқа қарсы ден қою шаралары»
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу
Францияның функционалдық қаржы негізі
Әлемдік экономикалық дағдарыстың біртіндеп саябырсығандығы
Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер
Халқаралық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz