Арамшөптермен күресу шаралары
Презентация қосу
Тақырыбы:Арамшөптермен
күресу шаралары
Мақсаты: Арамшөптермен
күрестің түрлері туралы ұғым
және олармен таныстыру
Орындаған: Мусанова Арай
10/12/17 1
Арамшөп – егіс танаптарында өсетін жабайы
өсімдіктер.
Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар.
Егістік, шалғынды, жайылымды жерлерде, өзен-көл
жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің
жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік
заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген
дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін
нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында
органик. заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын
өнім төмендейді. Арамшөп – егіс зиянкестері мен ауру
қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын
ортасы. Кейбір Арамшөптің тұқымы, жемісі (
меңдуана, үй бидайық, сарғалдақ) адамды, малды
уландырады. Арамшөп қолдан егілген дақылдар
сияқты бір мезгілде емес, шұбалаңқы өніп көктейді
әрі топырақта тіршілік қабілетін ұзақ мерзім сақтай
алады. Мұның үстіне көптеген Арамшөптер сыртқы
ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, ыстыққа,
құрғақшылыққа) төзімді келеді.
10/12/17 2
сұңғыла
Арамшөп негізінен паразитті Арамшөп
және паразитті емес Арамшөп болып екі
топқа бөлінеді. Паразитті Арамшөпке
арамшырмауық, сұңғыла, т.б. жатады. Ең
зияндысы – хлорофилі мен тамыры жоқ
сұңғыла. Ол қасындағы дақылдың қоректік
заттарын сорып алады. Паразитті емес
Арамшөпке бір жылдық өсімдіктер (қара
сұлы,итқонақ, қарабидай арпабасы, қара
меңдуана, т.б.) және көп жылдық
өсімдіктерден (жатаған бидайық, ермен,
шоңайна, кәдімгі түйетікен, т.б.) болып
бөлінеді. Арамшөпті жою үшін агротех.
шараларды (себілетін тұқымды жақсы
тазарту, көң шашу, Арамшөпті гүл жармас
бұрын отау, ауыспалы егісті қолдану,
топырақты сапалы өңдеу, дақылдардың
қатар аралығын қопсыту, т.б.) мұқият
жүргізу, хим. гербицидтер (авадекс, илоксан,
т.б.) шашу және биол. әдістерді тиімді
қолдану.
10/12/17 3
Қазақстан Республикасында кездесетін
арамшөптердің негізгі өкілдері
Арамсояулар тұқымдасы (Cuscutaceae) – паразит
өсімдіктер. Арамсояулар тұқымдасына жататын
өсімдіктер хлорофилсіз, тамырсыз, жіп тәрізді сабағы
арқылы басқа өсімдіктерге сорғыш бүршігі арқылы
жабысып өседі. Жер шарында кең тараған, әсіресе,
Америка мен Африканыңтропиктік аймақтарында,
сондай-ақ Жерорта теңізі маңы мен
Батыс Азияда кездесетін 1 туысы, 150 (кейбір
мәліметтерде 170-тей) түрі
белгілі. Ұсақ гүлдері қалың шашақ не шатырша
гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырақ-
шалары жарты шар, қоңырау не түтікше тәрізді 5
қалақты. Күлтелері бір-бірімен кіріккен ақ, сары не
қызыл түсті. Аталықтары күлтенің түтікшелеріне
жабысып тұрады. Гүлшоғырының ортасында 2 – 3
бірігіп кеткен жеміс жапырақшасынан тұратын аналық
жиынтығы (гинецей) болады. Негізінен
жарғаққанаттылармен тозаңданады. Тұқымы
тозаңданғаннан кейін 2 – 3 аптадан кейін піседі. Бір
өсімдікте 3-тен 30 мыңға дейін майда тұқым жетіледі.
Арамсояулар тұқымдасына жататын өсімдіктер – өте
10/12/17 4
зиянды арамшөптер
тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық
шөптесін өсімдік. Олар Тобылдың, Есіл өзендері
алабында, Көкшетау, Сарыарқа, Алтайдың қалың
ормандарында, құрғақ және ылғалды шалғынды
жерлерінде өседі. Қазақстанда күмәнді Арамсәбіз (C.
dubіum) түрі бар. Биіктігі 80 см-дей. Тамыры ұршық
тәрізді. Жоғарғы жағы бұтақталған, түзу сабақты.
Түксіз, сағақты жапырағы қауырсын тәрізді
тілімденген. Гүлшоғыры – күрделі шатыр
құрылымды (20 – 35 салалы). Гүлдері ақ, кейде
қызғылт түсті болады. Шілде айында гүлдеп,
тамызда жеміс береді. Жемісі тұқымша тәріздес.
10/12/17 5
Бақбақ (Taraxacum) — күрделі гүлділер
тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі
жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі
бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер
болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік
Бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз Бақбағы (T.
koksagnuz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол
жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30
см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті
шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес,
жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады.
Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша
дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір —
мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда
жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды.
Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа
қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға
пайдаланылады
10/12/17 6
Итқонақ (Setaria) – астық тұқымдасына жататын бір
жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең
тараған. Қиыр Шығыста, Солтүстік-Шығыс Қытайда,
Жапония және Корей аралдарында кездесетін 21 түрі
белгілі. Итқонақ – егістіктер мен бау-бақшаның
арамшөптері. Қазақстанда құрғақ далалық аймақтар
мен таулардың тастақты беткейлерінде өсетін: шоқ
Итқонақ (Setaria verticillata), мысыққұйрық Итқонақ
(Setaria glauca), көк Итқонақ (Setaria viridis), Италия
Итқонағы (Setaria italica) деген түрлері кездеседі. Биіктігі
10 – 80 см. Сабағы тік, буын және буын аралығынан
тұрады, іші қуыс болады. Көп жапырақты, шашақталып
өседі. Гүлдері – күрделі масақ, сыпыртқы гүлшоғырына
жиналған. Масақшасы ұзын қылтанақты, қос гүлді.
Оның біреуі – қос жынысты, екіншісі аталық (саны үшеу)
жынысты. Шілде – қыркүйекте гүлдейді. Жемісі – дәнек.
10/12/17 Тұқым салғанға дейін жапырақтары мен сабақтарын мал 7
жақсы жейді. Тұқымдарымен құстар қоректенеді.
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Егістіктерде арамшөп өсімдігімен күресу жолында алдын ала
сақтандыру шараларының маңызы күрделі. Олар арамшөптердің
жаңа тұқымдарын танапқа түсірмеуге, арамшөп өсімдіктерінің
көздерін, ошақтарын анықтауға, оқшаулауға жоюға және олардың
таралу жолдарын кесуге бағытталған.
Алдын ала сақтандыруға карантиндік қызмет, тұқымды тазалау, көңді
дұрыс дайындап қолдану, суғару суының тазалығы, азықты малға
дұрыс дайындап беру, егін өнімін дер кезінде жинау, жолдың
жағалауындағы және басқа өңделмейтін жерлердегі өсетін
арамшөптерді ұдайы отап отыру және т.б. және шаралар жатады.
Карантиндік шаралар. Карантиндік шаралар мемлекеттік ауқымда
арнайы өсімдік қорғау және карантинді мекемелермен жүргізіледі. Бұл
шаралардың міндеті басқа елдерден арамшөптер тұқымының
тасымалдауына жол бермеу– сыртқы карантин деп және бір ауданнан
екіншісіне қауіпті арамшөптердің таралуының алдын алу – ішкі карантин
деп аталады.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігімен
бекітілген тізімге кіргізілген аса зиянды ішкі карантин арамшөптерінің
тобына: ермен жапырақты ойран шөп, үш бөлікті ойран шөп,укекіре,
жөргемшөп, қара алқа, шөгір тікен, сыртқы карантиндік тобына : —
теңіздік ойраншөп, үш гүлді алқа, қалталы аюбадам, сызықты жапырақ
10/12/17 алқа, калифорниялық алқа және т.б. түрлері жатады. 8
Арамшөптермен күресу жолдарына төмендегілер
жатады.
1. Тұқымдық материалды мұқият тазалау;
2. Егістікке көңмен және суарған кезде сумен бірге
арамшөп ұрықтарының түсуіне жол бермеу жөніндегі
шаралар (тек жақсы шіріген көң қолдану, жолдар
жиегіндегі, суару каналдарының аралығындағы,
сондай-ақ олардың жағасындағы шөптерді гүлдегенге
дейін шауып (орып( тастау, т.б.;
3. Дақылдардың аудандастырылған сорттарының
жоғары сапалы тұқымдарымен дер кезінде, яғни,
оптимальды мерзімде егу (нәтижесінде егіннің көгі
көптеген арамшөптерді тез басып озып, олардың
тұншықтырып тастайды);
4. Арамшөп ұрықтарының егістікке жайылуына
мүмкіндік бермеу үшін егінді уақтылы жинап, қырманға
тез тасып әкету.
Арамшөптерді жою шараларына мыналар жатады:
1. Агротехникалық шаралар.
2. Химиялық шаралар.
Жою шаралары арамшөптер мен олардың ұрықтарын,
сондай-ақ көгеріп өсуге дейінгі сүйектерін (өскіндерін)
10/12/17 тікелей құртуға бағытталады. 9
Жатаған у кекіре - күрделі гүлділер
тұқымдасына жататын көп жылдық атпа
тамырлы карантиндік аса қауіпті арамшөп.
. Тамыр жүйесі қуатты, 10 м тереңдікке дейін
жетеді. Жатаған у кекіренің ерекшеліктері: ол
қордағы ќоректік зат – инулинді тамырдың
топырақтағы төменгі қабатына жинақтап,
ќоректік заттарын топырақ баптаушы
техникамен егіндікті өңдегенде жатаған
тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізу
арқылы өсіп жер бетіне шығуы әрі
фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы.
Сол себепті көптеген агротехникалық
әдістерге төзімді келіп, қайтадан тез өсіп
жетіледі.
У кекіренің егістікті басуы салдарынан
Қазақстан жыл сайын 3 млрд.теңге зиян шегіп
отыр. Сонымен қатар, егістік өнімінің
төмендеуінен басқа, оның сапасы да
төмендейді, ұнның дәмі ащы болады, малға
арналған сүрлемді жануарлар жемейді, жылқы
жануары өте тез уланады, өлген жағдайлар да
жиі кездеседі.
10/12/17 10
Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару
үшін мынадай шараларды іске асыру керек:
1. Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе
жасау және ұсыныстар беру.
2. Ізденіс жўмыстарын кеңейту, жәндіктерді,
фитофагтарды, фитопатогенді бактериялар мен
саңырауқұлаќтарды — биологиялыќ әдістер ретінде
кекіремен күресудің негізі болу керек. Осы бағытта
жұмыс жүргізетін мекемелердің жұмыстарын үйлестіру
қажет.
3. Қостанайдың механизация және электрификация
институтына топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін
ќұралдарды жасауға тапсырыс беру.
4. Ауыл шаруашылығы министрлігінде кекіре мәселесіне
байланысты ғылыми-техникалыќ кеңес ќұру. Кеңестің
міндеті - кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу
әдістемесі және күресу жүйесін ғылым мен өндіріс
тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау.
5. Өсімдік қорғау және карантин
департаментінде механикаландырылған отряд құрып,
оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп,
ғылымның жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу.
10/12/17 11
Қорытынды
Арамшөптер — адамдардын қатысуынсыз мәдени
дақылдармен бірге өсуге бейімделген
ерекше өсімдіктер тобы. Мәдени дақылдарды өсіру
үшін қолданылатын агротехника
жүйесі арамшөптерге де қолайлы жағдай туғызады.
Арамшөптер топырақтан коректік заттар мен ылғалды
бойына сіңіреді, өсімдік аурулары мен зиянды
жәндіктер де арамшөптерде қоныстанып, мәдени
дақылға ауысады. Арамшөптер жер өңдеу, егін
жинауды қиындатады, екпе дақылдардың өнімі мен
сапасын төмендетеді. Арамшөптердін ішінде өте
зияндылары карантиндік шөптер тобы
болып саналады.
10/12/17 12
10/12/17 13
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz