«Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны»
Презентация қосу
Тақырыбы:
«Ойынның педагогикалық мәні.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың драмалау ойыны»
Қайсанова Жадыра
Жоспар:
•Ойынның педагогикалық мәні
•Мектеп жасына дейінгі балалардың
драмалау ойыны
Ойын –балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде
психологиялық, анатомиялық-
физиологиялық, педагогикалық маңызы
зор қызметтер атқарады. Ойын баланың
даму құралы, таным көзі, білімділік,
тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола
отырып, адамның жеке тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір
адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған
адамның дүниетанымы кең, жаны таза,
жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.
Ал кей балалар ойында шынайы өмірді
бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді.
маңызды орынды ойындар иеленеді. Ойын дене
тәрбиесінің халықтық педагогикасында қазіргі
кәсіби қызметтері тәрбиелеудің өз мәнін таба
алмаған, салаларын меңгерудегі маңызы зор.
Оларға – бос уақытты тиімді өткізу мен белсенді
тынығуды жатқызу қажет. Бұл жерде
ойыншылардың шығармашылық қабілетіне
мүмкіндік беретін ойынға әсер етудің нақты бір
және қосалқы тәсілдері басым болады.
Дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы өз
мазмұны бойынша жеке тұлғаны тәрбиелеудің түрлі
салаларын қамтиды, сонымен бірге дене сапалары
мен қабілеттерін дамытуға басым көңіл бөлінеді.
Тәжірибелік тұрғыдан дәлелденгені – халықтық
ойындармен және спорт түрлерімен шұғылданатын
балалардың дене сапалары мен дағдыларын
дамытуға әсер ету деңгейі басқа дене тәрбиесінің
түрлерімен және құралдарымен салыстырғанда өте
жоғары тұрады. Бұл шұғылданушылардың
эмоциялық және психологиялық талпынысына
үлкен қимыл белсенділігі мен ұзаққа созылған,
тұрақты қызығушылығы тән болады.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері
мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар
жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын
ережесі.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені
және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.
Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар»,
«Отбасы», «Бала бақша» т.с.с болып ойналады.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл ойынның
жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің,
балалардың өзара қарым – қатынастарының
дамуын, көп жақтылығын және өзара
байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны
қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны
қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері
ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым
- қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже
белгілейді.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1. Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді
ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін
қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге
тәрбиелейді.
2. Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді,
адамгершілік сапаны жетілдіреді.
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына
айналады.
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге
мүмкіндік береді.
6. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның
қиялын дамытады. Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, ол қатар
құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір - бірімен қарым қатынас
жасайды.
Оқу ісі - әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға
бөлінеді.
Сюжетті рольді ойындар.
Дидактикалық ойындар.
Шығармашылық ойындар
Педагогикалық ойын технологиясы дегеніміз -
педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері
мен тәсілдерінің жиынтығы.
Дидактикалық ойындар арқылы оқу іс - әрекеті барысында
балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп
жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу іс - әрекеті ойын
түрінде өткізіледі. Оқу іс - әрекеті барысында ойын түрлері жас
ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті
және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи
заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл
осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай
ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап»,
«Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото,
суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр»,
«Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір
сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер»,
«Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге,
дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды
сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра»,
«Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш
сөз ата».
Қорытынды:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті.
Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі
мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы
балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің
психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты
дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл -
қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын,
басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп,
құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз
болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар
көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай
білсін.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Жас санаты және педагогикалық психология»., А.В.
Петровский., М; 1986 ж
«Балалар психологиясы»., Л. Ф. Обухова., М; 1971 ж
«Жас санаты және дифференсалды психология»., ЛГУ.,
1990 ж
«Бала психологиясы»., Е. О. Смирнов., М; 1997 ж
«Бала мен балабақша» №6, 2010 жыл Республикалық
педагогикалық журнал.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz