Жасушаның химиялық элементтері
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БАӨЖ
Тақырыбы:Клетканың химиялық құрамы
Орындаған: Төкенқызы Аяулым
Тексерген:Мирашева Г.О.
Семей 2015 ж
Жоспар
1. Жасуша
2. Жасушаның химиялық құрамы
3. Жасушаның химиялық элементтері
Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең
қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын
қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда,
қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырау құлақтарда) немесе к өп
жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырау құлақтардың тіндері мен
ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз
формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук
(1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі
заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның химиялық құрамы
Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер
кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады.
Жасушада кейбір элементтер көптеу, басқалары анағұрлым аз
кездеседі. Әсіресе жасушада төрт элемент — оттек, көміртек, азот
және сутек көп мөлшерде болады. Жасуша құрамының 98%-ға
жуығын осы төрт элемент күрайды.
Жасушаның химиялық элементтері
Клетка құрамында 80-ге жуық химиялық элементтер бар, бiрақ тек тiрi
организмдерге ғана тән арнайы элементтер анықталған жоқ.
Клетканың құрамына кіретін химиялық элементтер, %
Макроэлементтер Микроэлементтер
Клетка массасының
98% түзетіндері
Оттегі – 65-75 Магний – 0,02-0,03 Мырыш – 0,0003
Көміртегі – 15-8 Натрий – 0,02-0,03 Мыс – 0,0002
Сутегі – 8-10 Кальций – 0,04-2,00 Йод – 0,0001
Азот – 1,5-3,0 Темір – 0,01-0,015 Фтор – 0,0001
Калий – 0,15-0,40
Күкірт – 0,15-0,20
Фосфор – 0,20-1,00
Хлор – 0,05-0,10
Жоғарыдағы көрсетiлген барлық химиялық элементтер организм
құрылысын құруға не ион түрiнде, не қосылыс құрамында –
органикалық және биорганикалық заттар молекула құрамында
қатысады.
Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады.
Ағзалық
қосылыстар Бейағзалық
қосылыстар
Көмірсулар
және Минералды
Нәруыздар Майлар Су
нуклеин тұздар
қышқылдар
Клеткадағы су, органикалық және бейорганикалық
заттардың %-дық қатынасы
% – қатынасы
Заттар
Су 70-85
Судан басқа бейорганикалық заттар 1-1,5
Ақуыздар 10-20
Майлар 1-5
Көмірсулар 0,2-2,0
АТФ және басқа төменгі молекулярлы 0,1-0,5
органикалық заттар
Нуклеин қышқылдары 1-2
Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30%
үлесіне тең. 1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі,
азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі
ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды.
Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады. 2.
Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі,
сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май
глицерин мен май қышқылынан тұрады. 3. Көмірсулар -
майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден т ұрады.
Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегіні ң
арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі
атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі
суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады.
Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза
(жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы).
Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында
кездеседі. Нәруыздар, майлар және көмірсулар -
жасуша цитоплазмасының, ядросының және
органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып
саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы
химиялық реакцияларды тездетуге қатысады.
Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия
бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында
көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып
Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды
тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау
болады. Сондықтан цитоплазма - қоймалжың, жартылай
созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде өте
қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар
тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары
жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады.
Жасушаның 80%-ы су. Ондағы қажетсіз өнімдер мен
зиянды заттар су арқылы сыртқа шығарылады.
Су – әмбебап еріткіш, барлық зат алмасу
үрдістері тек ерітінділерде жүреді. Суда
клетканың барлық биохимиялық
реакциялары жүреді, судың қатысуымен
клетканың жылу регуляциясы қамтамасыз
етіледі. Су – фотосинтез үрдісі кезінде
оттегі мен сутегінің көзі болып келеді.
Суда ерігіш заттарды (тұздар, негіздер,
қышқылдар, ақуыздар, көмірсулар,
спирттер және т.б.) гидрофильді заттар, ал
суда ерімейтін заттар (майлар және май
тәрізділер) гидрофобты заттар деп
аталады.
Клетканың биорганикалық заттарының
көпшiлiк бөлiгi тұз түрiнде – не ионға
диссоцияцияланған, не қатты түрде
болады.Клетка iшiндегi тұздар
концентрациясына цитоплазманың буферлi
қасиеттерi тәуелдi. Буферлiк деп
клетканың сутегi иондарының белгiлi
концентрациясын сақтау қабiлетiн айтады
(рн). Клеткада әлсiз сiлтiлi реакция болады
(рн 7,2).
Ағзаларда тұздар ерітінділеріндегі
аниондар мен катиондар түрінде
және органикалық заттардың
құрамында кездеседі. Клетканың
қалыпты тіршілік етуіне K+, Na+,
Ca2+катиондары және HPO42-,
H2 PO4-, HCO3-,
Cl- аниондарының маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Әлмағамбетов Қ.Х., Байдүйсенова Ә.Ө.,
Мұхаметжанов Қ.М. Микроорганизмдер
биотехнологиясы – Астана
2. http://referat.resurs.kz/ интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz