Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы




Презентация қосу
С ӨЖ
Тема: Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Орындаған: Болатов Ш.Ж ВС 505
Тексерген: Билялов Е.Е

Семей қ. 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II.Латын тілінің тарихы
III.Латын тілінің ғылымдағы маңызы
IV. Қорытынды.
V. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Латын тілі (Latin: lingua latīna; lingua сөзі "тіл" ұғымын білдіреді) -
Латиум және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген
антикалық Италик тілі. Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді
ежелгі Прото-Үнді-Еуропалық тілдің жалғасы. Этруск тілінің
ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апеннин
түбегінде қалыптасуына әсер етті. Қазіргі Роман тілдері латын тілі
диалектісінің (дөрекі Латын) жалғасы. Сонымен қатар латын тілін
көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері
пайдаланады, және әлем бойынша кейбір білім беру
институттарында әлі күнге дейін оқытылады.

Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда
және биологиялық таксономияда да қолданады. Латын және
оның жалғасы болып есептелетін Роман тілдері Италик тіл
семьясының сақталып қалған жалғыз өкілдері. Италик тобының
басқа өкілдері жазба ретінде сақталғанымен де, кейін Рим
республикасы кезінде латын тілімен жұтылып кетті.
Латын тілі тарихы:
Латын тілі тарихы - Б.з.б. 6
ғасырда Рим сөйленісі ретінде пайда
болып, Жерорта теңізінің батысындағы
елдерді қамтыды. Римдіктердің Галлия,Иберия
түбегін, Солтүстік
Африка, Британия, Норик, Паннония және Дак
ияны жаулап алуына байланысты Латын тілі
тарады. Ол үнді-парсы және хетт
тілдеріне жақын. 9 ғасырдада Латын тілі
сөйлеу тілі ретінде жойылды, дегенмен 15 —
16 ғасырларға дейін
батыс еуропа қоғамының, католик шіркеуінің,
ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік
тәжірибенің жазба тілі болды. Латын тілі
италия, сардин, провансаль, француз, каталон
, испан, португал, реторомат, далмат және бал
қан-роман тілдерінің негізін
қалыптастырды. Плавт (б.з.б. 254 — 184)
комедиялары (20-ға жуық) ең көне туынды
ретінде
танылды. Цицерон мен Цезарь(“Commentarіі de
bello Jallіco”) прозалары, Вергилийдің поэзиясы
классикалық Латын тілінде жазылған.
Латын тілі – ғылым мен
техниканың тілі. Латын әліпбиіне
көшу – заман талабынан туындап
отырған қажеттілік. Біріншіден,
латын әрпі бүкіл әлемнің қатынас
белгісі болып отыр. Демек,
дүниежүзі халқының 80%-ы
қолданатын латын әліпбиіне көшу
озық инновациялар мен
технологияларға бір табан
жақындатып, өркениетті
елдермен байланысымызды
жақсартып, экономикасы дамыған
отыз елдің қатарынан орын алу
ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық
бет-бедерін сақтап қалуға оң
әсерін тигізеді.Екіншіден, түбі бір
туыс түркі халықтарымен рухани-
мәдени жақындасуының бірден-
бір жолы. Олай дейтініміз, қашан
да әріп ауыстырудың әлеуметтік
маңызынан гөрі, саясилығы басым
болып келген
 Мәселен, біз көне түркі жазуымыз бола тұра, араб әліпбиінде
жазуға мәжбүр болдық. Өткен ғасырдың басында бүкіл исі
мұсылман халқы араб әрпінде отырдық. Қызыл империяның
көсемі И.Сталин бір-бірімізден ажырату үшін қазақ халқын
латын әліпбиіне ауыстырып жіберді. Сол тұста араб әрпінде
отырған Түркия қазақтармен арадағы рухани байланысты үзіп
алмау үшін шұғыл түрде латынға көшті. Е.В.Сталин бұған қарсы
дереу шара қолданып, латын әліпбиінде отырған бізді
кириллицаға көшірді. Яғни 1926 жылы Қазақстанда араб
графикасынан латын әліпбиіне көшу 20 күннің ішінде жүзеге
асырылды. Ал латын әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937
жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын. Ал
өзінің туған халқы Грузияны, оның көршісі Армяндарды төл
әріптерінде қалдырды.
Міне, бұдан шығатын қорытынды, латынға көшу – көк түркінің
ұрпағының еркіндік ауасымен тыныстауына мүмкіндік
туғызбады. Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда
ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады.
Латын тілін оқыту – студенттерге латын тілінің грамматикалық
құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін
тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық
мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік
классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді.
Еуропалық тілдердің интернационалдық сөздігінің негізін
құрайтын латын лексикасымен танысу студенттердің ой өрісін
кеңейтіп, тілдік материалға дұрыс баға беруге үйретеді. Латын
тілін оқыту арқылы гуманитарлық факультеттердің болашақ
мамандарының кәсіптік дайындалуының негізі қаланады,
сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрлымын,
сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.Аудару
техникасын үйретуде латын тіліндегі еркін сөз тіркесінің
тәртібі, тұйық рай және есімшелі орам үлкен қиындық
келтіреді, сондықтан да оқырмандар басынан бастап
аударудың негізгі ережелеріне міндетті түрде сүйенудің
маңызы зор екендігін ұғыну қажет. Аудиториялық
жұмыстардың негізгі түрлері ретінде ұсынылатындар:
грамматикалық талдау және сөйлемді синтаксистік талдау;
берілген мәтінді аудару; латын сөзінің құрамын талдау және
Латын тілінің ғылымдағы
маңызы
XIIIғ – арабтан латын тіліне аудару кезеңі. XIVғ еуропадан арабтардың
кетуінен кейін араб тілінің дәрежесі төмендеді. Көптілдік
профессионалды тіл үшін қиын болды. Медициналық терминология
латындалынған арабизм, гебраизм, арабталынған грецизм және
латинизм сияқты қоспадан тұрды. Синоним сөздері шектен тыс көбейе
бастады. Медициналық ғылымға «терминологиялық тұншығу» қаупі
төнді.Медицинаның атақты реформаторы швейцар ғалымы және
дәрігері Парацельс Базель университетінде студенттерге дәрісті неміс
тілінде оқыған. Өзінің ғылыми еңбектерін де неміс тілінде жазған. Ал
атақты француз хирургы Амбруаз Паре (1510 — 1590) өзінің
шығармасын француз тілінде жазған. Кейін олардың кейбіреулері
латын және еуропа тілдеріне аударылған. Осындай ұлттық тілдерден
латын тілі аартта қалғанымен Жаңа ғасыр (17ғ.) басында, 18 ғасырда
биология мен медицина саласында ұлтаралық тіл болып қала берді.
Латын тілі сабақтарда, ғылыми еңбектерде қолданылды. 18 – ғасырда
латын тілі ұлттық тілдермен қатар жүре бастады.
Академик В.И. Вернадский ұлтарлықтың механизмін былай
анықтады: «Латын тілі мемлекет және ұлттан тыс ғылыми тіл
болғанда философия тарихында және Жаңа ғасыр басында
белсенді рөл ала бастады».
17 – 18 ғ. Атақты жаңалықтар және шығармалар латын
тілінде жазылды. Мысалы, ағылшын ғалымы және дәрігері
Вильям Гарви еңбектері (1578 — 1656). Ерекше маңызды орын
алған «Exercitatio anatomica de motu cordis et sanguinis in
animalibus» — «Жануарлардағы жүрек пен қан қозғалысының
анатомиялық зерттеуі» еңбегі.
1757 -1766 ж.ж швейцар физиологы, медицина докторы
Галлер 8 томдық анатомиялық атлас «Elementa physiologiae
corporis humani» — латын тілінде жарыққа шықты.
Тек қана ғалым-дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар, білім
саласында әртүрлі мамандар, философтар өз ойларын латын
тілін қолдану арқылы жеткізді.
Қорытынды

Сонымен, Латын тілі, үндіеуропа шоғырының
италиялық тобына жатады. Б.з.б. 6 ғасырда Рим
говоры ретінде пайда болып, Жерорта теңізінің
батысындағы елдерді қамтыды.
Римдіктердің Галлия, Иберия түбегін, Солтүстік
Африка, Британия, Норик, Паннония жане Дакияны
жаулап алуына байланысты Латын тілі тарады.
Ол үнді-парсы жане хетт тілдеріне жақын. 9
ғасырда Латын тілі сөйлеу тілі ретінде жойылды,
дегенмен 15-16 ғасырларға дейін батыс еуропа
қоғамының, католик шіркеуінің, ішінара әдебиет
пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі
болды.
Қолданылған әдебиеттер

Маадла Ю. Й.<< Жаңа замандағы латын тілін
қайта омірге акелу және оны халықаралық тілге
айналдырy>>
latinum.ru
Қазақ ұлттық Энциклопедиясы
Винничук Л. « Люди, нравы и обычаи Древней
Греций и Рима»

Ұқсас жұмыстар
ТІЛ ЖӘНЕ ҰЛТ
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯДАҒЫ ЛАТЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗЫ. ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР ЖҮЙЕСІ. ДЕФИНИЦИЯЛАР
Ғалым жазған Қазақ тілі грамматикасының арнаулы фонетика бөлімі - осыған айқын дәлел
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Латын әлипбиі негізіндегі қазақ жазуы
Латын тілінің қысқаша тарихы
Грек тіл білімі
Жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттары
XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі
Пәндер