Ас қорыту мүшелері




Презентация қосу
1. Азық қорыту мүшелерінің қабынуы.
2. Ауыз қуысы кілегейлі қабығының қабынуы.
3. Жұтқыншақ кілегейлі қабығының қабынуы.
4. Өңештің қабынуы.
5. Қарын мен ішектің қабынуы.
6. Мес қарынының газбен жіті кернелуі.
7. Қарынның жіті кернелуі.
8. Қарынның бұралуы.
9. Қарынның жыртылуы.
Азық қорыту мүшелерінің қабынуы. Іше пен
қарынның қабынуы әсіресе төл арасында жиі
байқалатын сырқаттық процесс.
Этиологиясы. Негізгі сырқат ретінде де, басқа
бір сырқаттың салдарынан екінші кезекті де
туындайды. Белгілі бір биологиялық агенттің
әрекетімен қоздырылған ерекше сипатты қабыну
түрлерінде де, бөгде денелердің, тым ыстық немесе
мұздатылған азықтың, улы заттардың әсерінен
болған әдеттегі қабыну процестері түрлерінде
байқалады. Сырқаттың туындауы мен етек алуы
белгілі бір дәрежеде малды сапасыз жем-шөппен
және ретсіз азықтандыруға, малды бағып-күту
ережелерінің бұзылуына тәуелді.
Ауыз қуысы кілегейлі қабығының қабынуы
(стоматит). Көбінесе жарақаттанудан, ыстық-
суықтың, химиялық және инфекциялық
факторлардың әсерлерінен болады. Кілегейлі
қабықтық қызаруына, ісінуіне әкелетін қатарлы,
фибринді, жайыла іріңдеп қабынулар,
күлдіреуіктердің, іріңдіктердің, ойылымдардың
пайда болуымен білінетін қабыну процестері
сипаттарында байқалады. Тіл кілегейлі қабығы
қабынғанда (глоссит) тіл ісінеді, қабықта ақсұр
немесе сұрғылт – сары шөгінділермен бүркелген
ойылымдар пайда болады. Қабынған қызыл иек
(гингивит) ісінеді, қызарады, кейде қанталайды.
Жұтқыншақ кілегейлі
қабығының қабынуы (фарингит),
көмей мен миндалиналардың
қабынуы (ангина), миндалиналардың
қабынуы (тонзиллит) көптеген
инфекциялық ауруларға байланысты
туындайды.
Өңештің қабынуы (эзофагит)
жарақаттанудан, физикалық – химиялық
әсерлерден болады. Ол фарингитке және
гастритке жалғаса да туындайды. А
витаминінің жеткіліксіздігі кілегейлі қабықта
мүйіздену затының мол пайда болуына, ал С
витаминінің жеткіліксіздігі қанталаулар мен
ойылымдардың туындауына әкеледі. Кілегейлі
қабық қызарады, ісінеді, қанталауларға,
ойылымдарға ұшырайды.
Қарын мен ішектің қабынуы. Ішек – қарын тұтас ұзына
бойына қабынуы да (гастроэнтерит) , ішек бөліктері өз алдына
қабынуы да (дуоденит, еюнит, илеит, тифлит, колит, проктит )
мүмкін. Төл арасында жиі байқалады. Жіті де, жітілеу де,
созылмалы да өтеді. Серозды, қатарлы, фибринді, қанараласа
және іріңді қабынулар түрлерінде байқалады.
Қарын мен ішек жіті қатарлы қабынғанда кілегейлі қабық
дақты-жолақты қызарады, ісінеді, әдеттегі жылтырлығынан
айырылып, көмескіленеді, созылмалы, лайсаң серозды – кілегейлі,
кейде кілегейлі – іріңді, сирегірек аздаған қан аралас қан,
құрамында ақшылсұр ірмектер бар шөгіндімен бүркеледі. Кілегейлі
қабықта майдп қанталаулар мен ойдымдар болуы мүмкін.
Жекеленген және топтасқан лимфоциттер түйіршіктері қабыну
процесімен қамтылып, гиперплазияға ұшырап, көлемі ұлғаюы
мүмкін. Олар домалақ немесе сопақша пішінді, жиегі дөңестенген
құрылымдар түрлерінде байқалады.
Мес қарынының газбен жіті кернелуі – мес қарынның газға толып
кернелуі (тимпания, метеоризм) беде, жоңышқа, шіріген картоп
сияқты тез бөртетін азықтарды мол жеуден, жауын шашыннан кейін
шық басқан көк шөпті отаудан болады. Сырқат өңешті ң бітелуіне
және улы шөптерді жеугеде байланысты туындайды.
Дерттенуі. Газбен кернеліп, көлемі ұлғайған мес қарын ішекті артқа
қарай ысырады, диафрагманы ілгері көкірек қуысына қарай
шартитады, құрсақ қуысы мүшелерін және тамырларын жаншиды.
Нәтижесінде тыныс алу мен қанның айналуы нашарлап, мал
тұншығып (асфиксиядан) өледі.
Патологиялық анатомиясы. Аурудан өлген күйіс малын сойып
зерттегенде құрсақ қуысының тым қампиып кеткені, бас
аумағындағы кілегейлі қабықтардың көгергені, мойында ғы веналарды,
қаңқа бұлшық еттері мен тері шелісіндегі тамырларды кернеген
қызыл қара түсті қанның ұйымағаны көңіл аударады. Қампиған мес
қарынның тым керілген, бозарыңқы қабырғасын тілгенде шуылдап газ
шығады. Мүшенің ішінде өте мол, қоймалжың, газ араласып
көпіршіктенген, бөрткен азық болады. Мес қарынмен жаншылып, қаны
азайған бауырдың түсі ақшыл-сұр немесе сұрғылт-қоңыр тартады.
Мес қарынының газбен жіті кернелуі. Негізінен жылқы мен
итте байқалады, бірінші және екінші кезекті процесс ретінде
туындайды. Сапасыз, тез бөртетін, тез ашитын азы қтан болады.
Аурудың туындауы қарынның жиырылуы және секрециялық
қызметінің бұзылуымен тығыз байланысты. Пилорустың
кенеттен құрыса жиырылуынан қоректік заттың ішекке көшуі
тоқтап, ол тез бөртеді. Аурудың тікелей себебі – пилорустың
құрысуы. Қарынның жіті кернелуі екінші кезекті сырқат ретінде
ішектің түйілуіне, химо- және капростазға байланысты
туындайды.
Химостаз және капростаз. Аш ішек ішіндегісінің іркілуін
химостаз, ал тоқ ішек ішіндегісінің іркілуін капростаз дейді.
Сапасыз азықты жегізгенде, ішектің жиырылуы бұзылғанда, ішек
бітелгенде туындайды. Өлген жануарды сойып зерттегенде ішекте
нығыздалған, құрғақ қиқымды масса байқалады. Химо-
капростазға ұшыраған ішек телімінің қабырғасы жұқа,
бозарыңқы болады, оған көршілес алдыңғы ішек бөліктерін
әдетте газ кернейді.
Қарынның бұралуы. Сирегірек иттердің ірі тұқымдарында
байқалатың, азықты мол жегеннен кейін кенет қимылдар ға
байланысты туындайтын ауру. Өлексені ашып көргенде
қарынның оң жағының солға қарай бұралғаны, өңештің
аяққы бөлігінің бұралғаны, ащы ішек пен он екі елі ішектің
жаншылғаны байқалады. Газбен толып, шарға ұқсай қампи ған
қарын қара-қошқыл түсті болады. Бұралған қарынға ілескен
талақ қисайып кетеді, қанмен кернеліп, көлемі ұлғаяды.
Қарында қан араласқан қоректік зат пен газ бюолады. Кілегейлі
қабық, жалпы мүшенің басқа қабықтары да қара-қызыл
түсті странгуляциялық (жаншылу) жылға байқалады. Құрсақ
қуысында біршама қанға ұқсаған сұйық жиналады. Орнынан
аздап ысырылған бауыр бозарыңқы болады. Өкпеде қан іркіледі,
домбығу сұйығы жиналады. Жүректің кеңеген қуыстарын
борпылдақ ұйыған қан кернейді.
Қарынның жыртылуы. Қарын ешқандай
өзгерістерге ұшырамай-ақ та, дистрофилялық,
қабыну процестеріне ұшырап барыпта
жыртылады. Мүшенің қабырғасы түгел
жыртылуы мүмкін. Кілегейлі қабық кейде
жыртылмайды да, жыртылған сыртқы екі
қабаттағы тесік арқылы томпайып шығып
тұрады. Қарын қабырғасы қөбінесе үлкен иінді
бойлай жыртылады. Жыртықтың ұзындығы 30-
40 см дейін жетеді. Әуелі ылғалды қабық, сосын
ет қабаты, одан әрі кілегейлі қабық жыртылады.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Иттердің анатомиясы мен физиологиясы
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
Жануарлардың Ас қорыту жүйесі
Асқорыту
Асқорытуды реттеу
Ас қорыту мүшелері. Зат пен энергия алмасу. Тағам гигиенасы
Асқорыту мүшелері
Ас қорыту жүйесі
Құстар жаұсы естиді
Асқорытыу жүйесінің аурулары
Пәндер