Халықтық педагогика




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
МАТЕМАТИКА МАМАНДЫҒЫ

Халықтық педагогика
Халықтық педагогиканы (жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақ, ырымдыр,
нақылдар) қолданып тәрбие сағатын өткізуге материалдар жинастыру.
Тәрбие сағатының үлгісі

Орындаған:Кобельдесова Н.Ж.
Тобы: Т-413

Семей 2015 жыл
Халықтық педагогика – қазақ халқының сан
ғасырлық ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері
мен тарихи - мәдени ойлау үдерісі, солардың озық
үлгілерінің жиынтығы.
Халықтық педагогиканың мақсаты-жас ұрпақты ата-
баба жолымен, олардың тәжірибесіндегі ең жақсы
мұраттарына тәрбиелеу. Мұның өзін жас ұрпақты
ұлтшылдық бағытта емес, ұлттық негізде тәрбиелеумен
халқымыздың мол мұрасын олардың бойына сіңіре
білуде және жас жеткіншектерге өз ұлтының әдет-
ғұрпының өзіндік ерекшелігін, шығу тарихын ашып
көрсету арқылы жүзеге асыру. Осылардың нәтижесінде
Қазақстанды мекендейтін жеткіншектерді қазақ халық
педагогикасы негізінде ұлттық сана-сезімі оянған,
рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық
талғамы жоғары, арлы, қамысты, еңбекқор етіп
тәрбиелеу
К.Д. Ушинский: «Халықтың тәжірибесінсіз
педагогика да жоқ, педагог та жоқ», - деп
айтқанындай, этнопедагогиканың әдіснамалық
негізі - халық тәжірибесі, сондықтан сол жерде
Халықтық педагогика дәстүрлеріндегі тәрбие мен білімні ң қаза қ
халқымен бірге жасауы оның таным, наным, сенім, ұғым, әдет, ғұрып,
салт- дәстүр үдерістерінде жалпы даму өсіп-өну үдерісіне айры қша
орын алады. Ғасырлар басы үздіксіз саба қтасты қта берілген т әрбие мен
білім қазақ баласының жадында мәңгі сақтай алушылы қ қасиетін
қалыптастыры, оны үнемі өмір тәжірибесінде пайдалануу хал қымызды ң
ерекше ұлттық ерекшелігі, солай болып қала беретін даусыз. Халы қты қ
педагогика қалыптасу тарихы бар кең ау қымды, көп салалы ғылым.
Бұны дәлелдеп «халықтық педагогика», «этнопедагогика» терминдерін
ұсынған, олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсасты ғын
ерекшелігін ажырата ашып көрсетіп, педагогика ғылымында ал ғаш
анықтама берген-Г.Н.Волков. Оның анықтамасы бойынша халы қты қ
педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты, ал этнопедагогика-
теориялық ой саласы.
Жүсіп Баласағұни еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

Ойшыл ғалымның жауынша, егер адамда ізгілікке қарсы
тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды
сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар
мен олардың қарама-қарсылықтарының халықтық
түсіндірмесі мыналар:
• біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;
• екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;
• үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;
• төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі
мүмкін;
• бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.
Жай халықтың ісі, көңілі, құлқы да,
Сай келеді білік, акыл, қүлқына...
Оларсыз еш іс бітпейді емес пе? –

- деп ойшыл халық педагогының түркілердің өзіңдік, соны
Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:

Халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен
құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің
жазу мәдениетіндегі көрінісі. Халықтың игі әдеттері
дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет – ғұрыптар
салт-дәстүрлерге айналып, халықтың өмірінде
қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып
қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен
жөн жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар,
түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді.
Оның бәрі толысып, дамып, жаңарып отырады
Салт – дәстүр дегеніміз – халықтардың
кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне
байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып отыратын қоғамдық құбылыс .
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік,
қайырымдылық, мейірімділік,
қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік –
барлық мәдени үлгі өнегелі іс-әрекеттердің
көрінісі - әдеп деп аталады. Қазақ халқының
осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе,
халықты рухани тазалығы жағынан алып,
қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды,
мейірімді халық деп атауға әбден болады.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық
санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-
сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп,
қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой
санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық
сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс,
ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың
перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай
өмірден өз көріністерін байқатады. Халықтық
педагогиканың құрамдас бөліктері: әдет-
ғұрып, таным, наным, ұғым, салт, сана және
  Халық тық педагогиканы (жаңылтпаш, мақ ал-мәтелдер, жұмбақ ,
ырымдыр, нақ ылдар) қ олданып тәрбие сағ атын өткізуге материалдар
жинастыру. Тәрбие сағ атының үлгісі

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Достық»
Тәрбие сағатының мақсаты: Достық туралы
жақсы пікір қалыптастыру;
Оқушылардың достық туралы ой - пікірлерін
дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал
дос таба білуге баулу.
Тәрбие сағатының әдісі: Пікір - талас
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Достық туралы
нақыл сөздер.
Ән: «Қайдасыңдар, достарым»
Жүргізуші: Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп,
тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын - жазушыларға қоса, ұстаздар
мен педагог - психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам
кемде - кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, маңызына байланысты екені
даусыз.
Біз бүгін сынып оқушылары арасында «Дос. Жолдас. Құрбы - құрдас» деген тақырыпта пікірлесу
сабағын ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз кешегі шәкірттеріміз – бүгінгі студенттер мен б үгінгі
шәкірттеріміз – ертеңгі студенттердің достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге
шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды». Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз.
Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.

Жүргізуші: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер
келтірейік.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон
«Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барса ңыз
да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз
килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп
мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»- дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп
қырлы қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы
шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып
көрсетілген.
Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық - өмір үшін ең
О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.

Жүргізуші: Қандай адамдар досқа лайық?
Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі
қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен
өзіндей көріп сенуінен, бір - біріне тірек, медет болуынан, қам -
қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын - қыстау күндерінде
іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан
көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай
жаным аяулы»,- деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана
досқа лайық.
Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.

1-көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан
қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
- Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
- Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде
Махамбет Өтемісұлы айтпақшы:
Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Яғни Кенжегүлдей (жеке оқушы) адам – жаман дос.
Ал меніңше Әл - Фараби айтқандай: « Өрге жүзген өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның
ішінен»,- деген нақылды білмеген Ақзираның (екінші оқушы) қылығы үлкен қателік.
Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ,
сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос
болатыны белгілі. Тегі кез - келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті
таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық. Жаңағы көріністен
Кенжегүл мен Ақзираның достығы ұзаққа бармайды.
Халықта: «Досыңнан тап!» - деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін,
адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында
да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып
кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос - дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты
маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан
достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің
астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға
досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Жүргізуші: Француз философы, жазушы Жан - Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын
жазушысы Генри Фильдинг, т. б. сияқты даналар бейне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос
болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», - дейді. Жан - Жак Руссо айтқандай «Екі жүзді
адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», - дейді. Мұны қалай түсінесіздер?
Көрнекіліктер:
Жүргенде көп достық атын малданып Алайда тек қалма оған алданып
Әл-Фараби
Өзіңе қарай дос таңда, Күшіңе қарай жүк көтер
Жүсіп Баласағұни
Доссыз қалу - бақытсыздық ең үлкені
Даниель Дефо
Тұрақтылы болмаса, достықтың да, махаббаттың да құны жоқ
Джозеф Аддисон
Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар
Аристотель
Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып
кетуі мүмкін
Омар Хайям
Басқа келген бақтың тәтті дәмі достармен бөліскенде арта түседі
Аристотель
Достарының сәтсіздіктеріне әркім көңіл айта айтып, аяныш білдіре алады. Бірақ досының жеткен
жетістіктеріне қуана алатын адам кемде-кем
Оскар Уайльд
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына
талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен
таңдай білетін адам.
Омар Хаям
Достық әлсізденген сайын, сыпайылық арта түседі
Уильям Шекспир
Сабақты қорытындылау

Оқушылардан сабақтан не
түсінгендерін сұрвау

Тексеру сұрақтарын қою

Қорытынды сөз:
Доссыз қалу - бақытсыздық ең үлкені
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.
2.Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы,
1997.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. –
Алматы, 2000.
4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-
тәрбиесі. – Алматы, 1995

Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Халық тық педагогика
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Тәрбиенің түп төркіні – халықтық педагогика
К. Д. Ушинскийдің халықтық ойын туралы ақпарат
ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТУ
ЭТНОПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізді
Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысы
Халық педагогикасының мақсаты
Пәндер