Ауески ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы




Презентация қосу
Орындаған: Қатренова Г.М ВМ- 201
тексерген: Жакиянова М.С.
Ауески ауруы (Morbus Aujesztcy, болезнь Ауески) -
жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі
зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа
жануарларда денесі қышыма белгілерімен
ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж
сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы
А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі
болған, ал 1930 жылдардан бастап көптеген
мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның
шошқа шаруашылыгына тигізер зияны
айтарлықтай. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-
90%-ға дейін қырылады. Ересек шошқалар төзімді,
ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де,
әдетте өліп қалады. Ауырып жазылған шошқаның
өсуі баяулап, асыл тұқымды жануарлар құнын
жояды. Карантин мен басқа да шаралар
шаруашылыққа зор зиян келтіреді.
Ауруға сипаттама
Ауески ауруының қоздырушысы
Клиникалық белгілілері, патогенезі
Ауески ауруының диагностикасы
Алдын алу және күресу шаралары.
Қоздырушысы - Suid herpesvirus 1 - құрамында
ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастыгына
жататын, торшаның ядросында көбейетін
вирус.
Жетілген вириондары 180-190 нм,
липопротеидгі қабығы бар. Барлық ауыл-
шаруашылық малдары, терісі бағалы аңдар,
жабайы жануарлар мен кемірушілер үшін
зардапты. Қолдан жұқтыруға үй қояны өте
сезімтал, сондықтан оны балау үшін
биосынамаға пайдаланады. Табиғатта
уыттылығы әр түрлі штаммдары
кездескенімен бұл вирус антигендік қасиеті
жағынан біркелкі.
Шошқаның бадамша безіндегі эпителий
клеткаларындағы ауески вирусы

Иттің миында ауески вирусы
Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатын- дар:
шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер.
Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы
аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді
де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда
адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас
төлдерінің, әсіресе торайлардың ересектерімен
салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар.
Олар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан
сұйықтықтармен, несеппен және сүтпен бірге бөліп
шығарады. Бұл ауру сиыр, қой, ешкі, ит, мысықта өте
ауыр өтеді де, әдетте ауырған жануар өледі.
Сондықтан да олардың арасында вирус алып жүру
орын алмайды да, індеттің қаулауы одан ары өрбімей
тез өліп қалады. Шошқа мен синантропты кемірушілер
жеңіл ауырады. Жазылып кеткеннен соң ұзақ уақыт
бойы шошқа 2-3 жылға дейін, кемірушілер бірнеше ай
бойы вирус алып жүреді. Сондықтан олардың инфекция
қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы
маңызы зор.
Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр және жас
ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы әр түрлі өтеді.
Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы
енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез,
ал басқа жануарларда баяу көбейеді. Аз уақыттан кейін ол
жүйке мен сөл жолдары арқылы миға жетеді де, вирустың
көбеюі ми мен оның қабықгарының жіті қабынуына әкеп
соғады. Бұндай жағдай жануарларда, әсіресе ет қоректілерде
сонымен қатар торайларда энцефаломиелиттің клиникалық
белгілері білінеді.
Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп,
гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен
миды онша зақымдай қоймайды. Вирустың пантроптылығы
әсіресе шошқада байқалады да, соның нәтижесінде қоздырушы
барлық ішкі ағзаларда жиналып, жүйкені зақымдаумен қатар
өте ауыр септицемия тудырады. Оның нәтижесінде дененің
ыстығы көтеріліп, әртүрлі ағзаларда домбығу мен қанталау
(геморрагиялық диатез) байқалады. Аурудың нәтижесінде
минеральдық заттар белок және көмірсу алмасуы бұзылады,
орталық жүйке жүйесі мен теріде ацетилхолин мен гистаминнің
мөлшері өзгереді де, дене қышынады (гиперестезия). Дерт
процесі тыныс және ас қорыту жүйесін қамтығанда өкпе
домбығып, пневмония байқалады, іш өтеді.
Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн, кейде 3 аптаға дейін
созылады. Оның ұзақтығы жануардың түріне, жасына және табиғи
төзімділігіне және вирустың уыттылығы мен енген жеріне
байланысты. Ауру жіті өтеді.
Шошқада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына
байланысты. Ересек шошқада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы
аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады, кейде
құсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда
ересек шошқалардың ауруы күшті болуы да мүмкін. Онда аталған
белгілерімен қоса мұрынынан сора ағып, жөтел, ентіге дем алу,
теңселіп жүру, сілекей ағу, аяғы, жұтқыншағы мен көмейі салдану
байқалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді. Бордақыдағы
үлкейген торайларда, егер тұмаудың вирусы, салмонеллалар мен
пастереллалар қабаттасса, өкпесі қабыну жиі байқалады.
Мегежіндердің сүті қайтып, жаппай іш тастайды, не өлі туады. Ауру
еметін және енесінен бөлінген торайларда өте зілді өтеді.
Ауруды өлі тиген, эпилепсиялық дел-сал және аралас түрлерге
бөледі. Жаңа туған торайларда 10 күнге дейін ауру
менингоэнцефалиттің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың
жылжуға, емуге және дыбыс беруге шамасы келмейді. Қалшылдап,
сілекейі ағып, жұтқыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде өліп қалады10
күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және менинго-
эңцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41°С
және одан да жоғары көтеріледі, жабырқау тартып, әлсіреп құсады,
шөлдейді. Кейінірек орталық жүйке жүйесінің зақымданған белгілері
байқалып, не қозу (эпилепсия), не тежеу (дел-сал) процестері басым
болады.
Эпилепсиялық түрі кезінде торай алға ұмтылып бір жерді
айнала береді. Мойын және жақ еттері құрысып, тістерін
шықырлатып, омыртқасы иіледі. Қайта-қайта сереңдеп,
әбден сілесі кұриды. Вирус аңқа мен жұтқыншақта көбейсе
ларингофарингит пайда болып, танаудан сора. ағады,
шыңғырған дауысы қырылдап шығады немесе дыбысы
мүлдем шықпайды (афония). Көзі мүлдем көрмей қалады,
тұла бойының бұлшық еттері салданады.
Дел-сал түрі кезінде жабырқау тартып, басын салбыратып,
танауымен жер тіреп, ебдейсіз тұрады. Сирақтарын
бауырына қарай тартып, жүргенде тәлтіректейді. Жатқан
сиқы ебдейсіз болады. Менингоэнцефалиттен тыс жүрегі
дүрсілдеп, бүйірімен дем алады. Соңғы кезеңде өкпенің
домбығуы мен қабынуы байқалады. Эпилепсиялық және
дел-сал түрінің екеуінің де ұзақтығы бірнеше сағаттан 2-3
күнге дейін созылады. Кейбір торайлар ыстығы көтеріліп,
құсып, ішінен қан кетіп, тез арада өліп кетеді (ішектегі
түрі). Ересек шошқалардай торайларда да орталық жүйке
жүйесі зақымданбай өкпедегі түрі кездеседі. Өлі тию
белгілері қауырт өрбіп, жоғарғы тыныс жолдары қабынып,
өкпенің домбығуы мен қабынуынан жануар 1-2 күн ішінде
өледі.
Кейде торайларда аурудың өшкін түрі кездеседі. Жануар әлсіреп,
маужырап, бей-жай күйге түсіп, жөтеле береді. Аурудың ұзақтығы 7 күнге
дейін.
Торайлардың ауруға шалдығуы - 70-100%, ал өлім көрсеткіші 2 апталық
кезінде 80-100 %, одан ересектерінде 40-80%. Басқа жануарлардан
шошқаның ерекшелігі олардың денесі қышынбайды. Басқа жануарларда
вирустың ерекше нейротропизмі нәтижесінде орталық жүйке жүйесі қатты
зақымданып, жануар желігіп, қалшылдап, салданады. Сиырда бастапқыда
дененің қызуы 42°С-қа жетеді, күйіс қайыруын қойып, денесі, әсіресе басы
қатты қышынады. Ауырған мал селқостанып, қышыған жерін жалап үйкей
береді. Кейіннен тынышсызданып, шошынып, мөңірейді, жұлқынады, бірақ
өшпенділігі болмайды. Кейде жақ не мойын еттері құрысады. Несеп
шығаруға ыңғайлана береді, сілекейі ағып, тер шығады, күйіс қайтармайды
денесі дірілдейді. Қанын шығара үйкеген, қышыған жерлері домбығады.
Жануар қалжырап, жатып қалады, ауырғанына 1-2 күн болғанда, кейде 3-4
күн өткен соң барып өледі. Кейде денесі қышынбайды, бірақ, сілекей мен
тер көп ағады, таз қарынның атониясы байқалады, шөлдеп, бірде
тынышсызданып, бірде мелшиіп қалады. Әлсіреп барып, өледі.
Қой мен ешкіде аурудың белгілері сиырдағыдай. Оларда қышыну күш- тірек
болады да, жалпы делебесі қозуы бәсең болады. Дене температурасы ене
температурасы 39-39,70 С дейін көтеріледі. Ауырған мал 1-3 күнде өледі.
Терісі бағалы аңдар, ит пен мысық аурудың басқы кезінде мінезі бей- жай
болып, тамақ жемейді, кейіннен көз қарасында үрей пайда болып,
мазасызданып, денесі қышынады. Тек қана күзен мен бұлғында қышыну
байқалмайды, көбінде мелшиіп тұрады. Жануар ыңырсып, тез елігетін
болып, мінез- құлқы құтырықтың клиникасын еске түсіреді, бірақ та
өшпенділігі болмайды.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Шошқа, күзен және
бұлғыннан бас- қа өлген жануарлардың денесінде
үйкелген жерлерінің жүні түсіп, терісі бүлінген, тері
астындағы шел жалқақтанып, қанталаған. Жоғарғы тыныс
жолдарының кілегейлі қабықтары домбыққан, толық
қанды. Ет қоректілердің қарны көп жағдайда желінбейтін
заттармен аралас қоректік заттарға толы болады. Қарын
мен ішектің кілегейлі қабығы гиперемиялы қанталаған.
Үлпершек ағзаларда қан іркіліп, эпикардтың асты
жолақтанып қанталаған, қуық несепке толып, кілегейлі
қабығы қанталаған. Ми қабығының қан тамырлары
білеуленіп, ми мен оның қабығы домбыққан.
Шошқада, негізінен, өліеттеніп ойылған тонзилит және
өкпенің домбы- ғуы қатарлы бронхопневмония ошақтары
кездеседі. Әр түрлі үлпершек ағзаларда, лимфалық
ұлпаларда, оның ішінде жұтқыншақ сөл түйінінде
жекелеген немесе көптеген бозғылт-сары ұсақ өліеттенген
ошақтар кездеседі.
Екі айға дейінгі торайларда әдетте ми мен жұлын
қабынып, ми домбы- ғады, ал оның бүйіріндегі
қарыншаларында едәуір сұйық зат жиналады. 3-4 апталық
торайларда өлі ошақтар әдетте кездеспейді.
Алдын-ала диагнозды індеттанулық және клиникалық
белгілері, патанатомиялық және зертханалық
тексерудің нәтижесі арқылы қояды. Аурудың басты
белгісі - қышынып, терінің үйкелуі. Шошқа қышынбайды.
Торайларда энцефалиттің белгілері, ал ересек
шошқаларда тұмауратқан пневмонияның белгілері
басым болады. Иттер мен мысықтардың арасында
болған ауру мен өлімді, кемірушілердің жаппай
қырылуын ескеру қажет.
Түбегейлі диагноз зертханада міндетті түрде үй қояны
мен жас мысыққа қойылатын биосынаманың нәтижесі
бойынша, бактериологиялық тексерудің нәтижесін
ескере отырып қойылады. Зертханаға ұсақ жануардың
өлексесін тұтастай, ал ірі малдың басын немесе миын,
ішкі ағзаларының (шошқаның міндетті түрде өкпесінің)
кесінділерін және лимфа түйіндерін жібереді. Жаздың
күні материалды 50% глицеринмен немесе ас тұзының
қаныққан ерітіндісімен консервілейді. Материалдан
алынған суспензияны зертханалық жануарғабұлшық
етіне жібергенде 3-5 күн өткенде елігіп, қасынып
Ауески ауруына тән белгілер пайда болады.
Ауруды балау үшін серологиялық әдістерді де
қолдануға болады. Олардың ішінде үй қоянында,
торайдың бүйрек торшаларының өсіндісінде
вирусты бейтараптау реакциясын, сонымен қатар
комплементті байланыстыру, диффузиялық
преципитация, қосалқы гемаглютинация және
иммунофлуоресценция реакциялары қойылады.
Бұл әдістер бойынша негізінен бұрын болған
инфекцияның нәтижесінде пайда болған
антиденелер айқындалып, ретроспективтік
(өткендегі) диагноз қою арқылы вирусты алып
жүруші жануарлар анықталады және Ауески ауруы
бойынша індеттік жағдай туралы мәліметтер
толықтырылады. Бұдан басқа полимеразалық
тізбек реакциясын да қоюға болады.
A,F,H теріс реакция C және D бақылау реакциясы, қалған ғ реакция
оң нәтижені көрсетіп тұр.
Биосынаманы қояндарға қояды, ол үшін
массасы 2-3 г патматериалды стерильді
фарфор аяқшасында 1:20 қатынасындағы
изотониялық ерітінді қосып отырып езеді.
Алынған суспензияны тұндырады немесе
500-1000 айналымда 5 мин центрифугаға
қояды. Тұнба үстіндегі сұйықтықты стерилиді
шпицпен тері астына 0,5 мл мөлшерінде
егеді. Егілген жануарларды 10 күн
бақылайды. Суспензияда вирус бар болса
жануарларда 2-3 күнінде тынышсыздану
байқалады. Жануар қышыма белгілерімен
клиникалық белгілері байқалғаннан кейін бір
тәуліктен кейін өледі.
Ажыратып балау. Барлық түліктерде құтырықтан,
шошқа обасынан, сальмонеллез, колибактериоз
(домбығу ауруы), листериоз, тұмау, Тешен ауруы,
пастереллез, ас тұзынан улану, авитаминоз, әр
түрлі менингиттер мен энцефалитген ажырату
қажет.
Құтырық кезінде ауырған жануар адамға
өшпенділік білдіреді. Негізінен жағы салданып,
ауру кең таралмайды. Оба кезінде тұла бойы
қанталап, өлім көрсеткіші 100%-ға дейін жетеді.
Барлық жұқпалы және жұқпайтын аурулардан
кешенді індеттанулық және зертханалық талдау,
оның ішінде жем- шөпті де тексеру арқылы
ажыратылады. Түпкілікті диагноз барлық жағдайда
биосынаманың нәтижесі бойынша қойылады.
Иммунитет. Ауырып жазылған жануарда бірнеше жылға
жететін күшті иммунитет қалыптасады. Аурудан жазылған
шошқаның қан сарысуында вирусты бейтараптаушы
антиденелердің титрі 1:32-1:256 шамасында болады. Енесін
еміп жүрген торайларда уыздан ауысқан коластральді
иммунитет болады. Бірақ, оның күші мен ұзақтығы шамалы
ғана.
Ауылшаруашылық жануарларын иммундеу үшін шошқа,
сиыр.және қойдың Ауески ауруына қарсы өсіндісінен алынған
кұрғақ ВГНКИ вакцинасы қолданылады. Сау емес
шаруашылықтарда шошқаны екі рет 20-25 күн аралатып егеді.
Иммунитет бірінші еккеннен соң 5-7 күн өткенде қалыптасып,
1,5 жыл бойы сақталады.
Шошқаны егу үшін сонымен қатар БУК-628 штаммынан
даярланған ви- рус-вакцина қолданылады. Ол шаруашылықты
тез арада сауықтырып, вирус алып жүруді тоқтатады.
Терісі бағалы аңдарды, қой мен шошқаны әлсіретілген Ауески
ауруына қарсы өсінді вакцинамен егуге болады. Бұл препарат
мүлдем зиянсыз, иммунитет аңдарда 6 ай, қой мен шошқада
10 ай сақталады.
Ауески ауруына қарсы иммуноглобулиндік препараттар
арқылы қалыптасқан енжар иммунитеттің ұзақтығы 3-4 апта.
Дауалау және күресу шаралары. Аурудың алдын алу шаралары
мал фермаларында және оның маңайында індеттің синантроптық
және антропургиялық жасырын табиғи ошағы пайда болатындай
кең территорияда жүргізіледі. Сондықтан ауруды дауалаудың
маңызды алғы шарты үй және жабайы жануарларды тегіс
қамтитын жаппай жоспарлы түрде індеттанулық бақылау
жүргізу. Әсіресе мұңдай шаралардың кемірушілерді қамти
отырып, шошқа шаруашылықтарының территориясында іске
асырылуының маңызы зор. Ондай шаруашылықтарда шошқаны
вирус алып жүрушілікке биосынама және серологиялық
реакциялар арқылы тексереді. Сау шаруашылықтағы
жануарлардың қанында ауруға тән антиденелер болмайды.
Ауру қоздырушысын әкелмеу үшін асыл тұқымды малдар мен
жемшөпті тек қана сау шаруашылықтардан ғана алу керек.
Жалпы Ауески ауруына серологиялық тексеруден өтпеген
малдарды бір жерден екінші жерге орын ауыстыруына мейлінше
тосқауыл қойған жөн. Ауруды дауалаудағы ең басты шара -
кемірушілермен жүйелі түрде күрес жүргізу, иесіз бүралқы иттер
мен мысықтарды жою. Қасапхана тастандылары мен тамақтың
қалдықтарын жануарларға әбден зарарсыздандырып барып қана
беру керек. Тамақ қалдықтарын пайдаланатын шошқа
бордақылайтын шаруашылықтарға шошқаны малдануға өсіретін
фермаларды жақын орналастыруға болмайды. Ауру шығу қаупі
төнгенде шошқаларды жаппай егеді.

Ұқсас жұмыстар
Ауески ауруы
АУЕСКИ АУРУЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИОПЕПАРАТ ТУРАЛЫ
АУЕСКИ АУРУЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИОПЕПАРАТ
Сібір жарасының клиникасы, диагностикасы және емі
Протей
Аусыл ауруының диагностикасы
Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Аурудың белгілері
АУРУХАНА ІШІНДЕГІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ
Кессон ауруының патогенезі
Пәндер