Сайтқа презентация қосу

Интернет желісі. Браузерлер. Электрондық пошта. Интернеттің зияны мен пайдасы

Интернет желісі. Браузерлер. Электрондық пошта. Интернеттің зияны мен пайдасы.

Интернет деген не
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық немесе дүниежүзілік желілер деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі адамдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet –бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Интернетте ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

Интернет желісі тарихы

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру ЛосАнджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және СантаБарбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.

1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды. 1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды. 1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды. 1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды. 1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды. 1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті. Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.

Интернет қызметтері Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
Бүкіләлемдік тор Веб-форумдар Блогтар Уики-проекттер (Уикипедия) Интернет-дүкен Интернет-аукцион Электронды почта Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet) Файл-алмасу желілері Интернет-радио Интернет-теледидар Электронды кітап IP-телефония Мессенджерлер FTP-серверлер IRC (веб-чаттар) Іздеу жүйелері Интернет-жарнама Өшірілген терминал Төлем жүйелері

Браузер
1.гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Web-браузер, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т.б. жатады; 2.желіде жұмыс істеуге арналган қосымша бағдарламалық жасақтама (мысалы, ол Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарап шығуға мүмкіндік береді); 3.Web-беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды.

Opera — Opera Software ASA компаниясы шығаратын Интернетте жұмыс істеуге арналған веб-браузер және бағдарламалық пакет. Норвег компаниясы Telenor-мен 1994 жылы жасап шығарылған.

Ресейлік IT компаниясы, бірыңғай іздеу жүйесі болып табылады. "Яндекс" танымалдылығы жағынан әлемде 20шы, Ресейді 1-ші орында. Yandex.ru іздеу жүйесі болып 1997 жылдың 23-ші қыркүйегінде ресми түрде жарияланды. Бастыпқы кезде CompTek International компаниясының ықпалында болған Яндекс, 2000 жылы жеке компания болып бөлініп шықты.

Internet Explorer
Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж. аралығындағы ІЕ5 пен ІЕ6-ның жарық көрген мезгілінен бер бұл қолданымдық көрсеткіші шырқау шегіне жетті де, сонан бері қарай тұрақты төмендеу күйінде болды. Интернет шолғышы алғашта Windows 95-ке қосымша қалташық ретінде бірге шықты да, онан кейінгі жаңа ұрпақтық нұсқалары дербес қалташық ретінде жеке дара түсіруге болатын етіп жасалды. Қазіргі ең жаңа 7-ші ұрпақ шолғышы Windows ХР Service Pack 2, Windows 2003 Service Pack 1, Windows Vista және Windows Server 2008 дегендердің жаңалау бума ретінде түсіріп орнату мүмкіншілігін жасады. Және бір түрдегі Windows CE (ІЕ CЕ) ге бағытталған ОЕМ-дік жасалымды да WinCE немесе ІЕ6-лық негіздегі текшелерінен еркін түсіріп алуға болады. Есте боларлық және бір жайт, тағы бір түрдегі Windows Mobile-ға (қойындық кіші тұрпатты компьютерлерге арналған жүйе) сәйкестіріліп жасалған Mobile Internet Explorer (ұтқыр) дербес компьтерлерге (РС) арналған түрлерімен шатастырып алмау керек. 8-ші ұрпақ ғаламтор шолғышының 2-реттік сынақ нұсқасы 2008 ж. басында жария етілді.

Google Chrome

Google компаниясының Chromium еркін браузері мен веб-парақшаларды көрсететін WebKit жүргіртпесінің (қозғағыш) негізде жасалған браузер.[1] Алғашқы beta-нұсқасы 2008 жылдың 2 қыркүйегінде Microsoft Windows-ке арналып шығарылды. Ал бірінші тұрақты нұсқасы - 2008 жылдың 11 желтоқсанында шықты.[2] StatCounter мен Net Applications мәліметтері бойынша браузер танымалдылығы жөнінен 3 орында, ал оның 2011 жылдың нарықтағы көрсеткіші 13,49% пен 22,14% аралығында.

Дүние жүзі бойынша халықтың - 96% ғаламторды қолданады, оның ішінде 72%-ы ғаламтордың пайдасы зор десе, 24%-ы зиянды деп отыр.

120% 100% 80% 60% 40% 20% 0%

Ғаламтордың пайдасы мен зияны жайлы диаграмма

96% 72% 23%

ғаламтор пайдаланушы

пайдасы

зияны

Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе Ал қазіргі жастар күнітүні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян.

Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы.

Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау.


Пән: Журналистика



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь