Эндокриндік мүшенің қатерлі және қатерсіз ісіктер


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Эндокриндік мүшенің қатерлі және қатерсіз ісіктер

Семей 2015ж

Орындаған:Халелова Жансая

ВС-303 Тексерген: Нуркенова М. К

СӨЖ

Slide 2

Ісік туралы жалпы мағлұмат

Ісіктің құрылысы мен ісік клеткасының қасиеттері

Қатерлі және қатерсіз ісіктер

Ісіктердің классификациясы мен морфологиясы

Экзо- және эндокриндік бездер мен жамылғылық эпителийлердің ісіктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Ісік туралы жалпы мағлұмат

Ісік, жаңадан қалыптасу, бластома( грекше - blasto-бүршік, өскін) клеткалардың тоқтаусыз көбеюімен сипатталатын патологиялық процесс. Дербестік те ретсіз өсу - ісіктердің негізгі қасиетінің бірі болып табылады. Ісік барлық тканьдермен органдарда дами алады. Ісіктердің 90 проценті сырт орта факторлардың әсерінен дамиды.

Ісіктерді зерттеумен онкология ( грекше: onkos - ісік ) деп аталатын арнайы пән айналысады. Потологиялық анатомия - ісіктердің құрылысын, олардың шығу тегін, гистогенезі мен морфогенезін зерттейді.

Slide 4

Ісіктің сырты пішіні түйін сияқты, саңырауқұлаққа немесе капустаға ұқсас келеді. Ал беткейі тегіс, кедір - бұдыр бүртікті болып келеді. Ісікте ойық жара жиі қалыптасады. Ісік кесіндісінің беткейі, әдетте біркелкі ақшыл-боз немесе бозғылт-қызылдау болады. Ткані балық етіне ұқсайды. Кейде талшықты жолақтардан түзіледі. Ісіктердің көлемі олардың өсу жылдамдығына, шығу тегі мен болу орнына қарай әралуан. Қатты - жұмсақтығы паренхимасы мен стромасының арақатынасыан байланысты. Паренхима басым болса - жұмсақ, стромасы көбірек болса - қатты болады. Шеміршек пен сүйектен өскен ісіктердің қатты - жұмсақтығы үнемі қатты. Ісіктердің көбінің құрылысы органға ұқсас, яғни паренхимасымен түрлі дәрежеде қалыптасқан стромасы болады. Бұндай ісіктер органоидтық ісіктер деп аталады. Стромасы нашар дамып, іргелері жұқа тамырлармен каплярлардан ғана түзіледі. Бұл - гистоидтық ісіктер. Олар жылдам өсіп, некрозға тез ұшырайды. Құрылысы өзі дамыған органның құрылысына сәйкес ісіктер гомологиялық ісік деп аталады. Клеткалық құрамы дамыған органның құрылысынан ерекше ісіктер гетерологиялық ісіктер деп аталады.

Ісіктің құрылысы мен ісік клеткасының қасиеттері

Slide 5

Морфологиялық атипизмді тканьдік және клеткалық деп жіктеуге болады.

Тканьдік атипизм осы органға тән тканьдердің өзара қатынасының өзгеруімен сипатталады, яғни органотиптік және гистотиптік жіктеле жетілудің бұзылғандығын көрсетеді. Тканьдік атипизм жетілген қатерсіз ісіктерге жатады.

Клеткалық атипизм ісік өсу процесінің клетка деңгейіндегі көрінісі ретінде цитотиптік жіктеле жетілудің бұзылғандығын бейнелейді. Клеткалық атипизм жетілмеген қатерлі ісіктерге тән.

Ісік клеткаларының тканьдік және органдық ерекшеліктерін бейнелейтін өз қызметін атқару қасиеттері морфологиялық (гистохимиялық) катаплазияның даму деңгейіне байланысты. Белгілі деңгейде жіктеле жетілген ісіктер өздері енген тканьдердің қызметін атқара береді.

Шала жіктеле жетілген және жіктеле жетілмеген ісік клеткалары өзі енген тканіне тән қызметті атқаруға қабілетін жоғалтады. Ісік клеткаларының тіршілігі өзгеріп, олардың реттеусіз шексіз өсуге қабілеттілігі негізгі түйіннен бөлінгенде де өсіп өнуге қабілеттілігін сақтауы, пісіп жетілуге бейімділігінің жоқтығы, тканьдерді ыдыратып, инфильтрациялауға рі имплантацияланып, басқа жерге егілуге қабілеттілігі оларда тұқымқуалай бекитін жаңа қасиеттер қалыптасатындығын дәлелдейді. Ісіктің өзі де организмге әсер етеді. Сондықтан ісікті дербес құрылым деуге болмайды.

Slide 6

Қатерлі және қатерсіз ісіктер

Клиникалық тұрғыдан ісіктердің мән-маңызы бірдей емес. Сондықтан оларды 3ке жіктеуге болады :

Slide 7

Ісіктердің бүгінгі замандағы классификациясы, олардың морфологиялық құрылысын, дамыған орнын, жеке органдардағы құрылыстық ерекшеліктерін, қатерсіз немесе қатерлілігін ескеріп, гистогенездік принципке негізделе құрылған. Классификацияда ісіктер 200 -ден астам атауларды қамтитын жеті топқа жіктелген.

Ісіктердің классификациясы мен морфологиясы

І. Спецификалық даму орны жоқ эпителийлік ісіктер

ІІ. Экзо- және эндокриндік бездердің, жамылғы эпителийдің ісіктері

ІІІ. Мезенхималық ісіктер

IV. Меланин түзетін тканьнің ісіктері

V. Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері

VI. Қан жүйесінің ісіктері

VII. Тератомалар

Slide 8

Даму көзі

Қатерсіз ісіктер

Қатерлі ісіктер

Жалпақ және өтпелі эпителий

Папиллома

“Орнындағы рак”. Аденокарцинома; Жалпыклеткалық рак: қасаңданған және қасаңданбаған

Призмалық және безді эпителий

Аденома: ацинарлық тубулярлық, трабекулярлық, бүртікті, фибраденома, аденомалы полип

“Орнындағы рак”. Аденокарцинома; кілегейлі (коллоидты) рак

Түбірлік клеткалар мен эпителийдің ізашарлары

Рак: солидтық, ұсақклеткалық, медуллярлық

Спецификалық даму орны жоқ эпителийлік (органспецификасыз) ісіктер

Slide 9

Экзо- және эндокриндік бездер мен эпителийлік жамылғылардың (органспецификалық) ісіктер

Органспецификалық ісіктер белгілі бір органның клеткаларынан дамып қана қоймай, сонымен бірге кейде осы органға тән морфологиялық әрі қызметтік белгілерді сақтайтындығымен сипатталады.

Slide 10

Эндокриндік бездердің органспецификалық ісіктері

Даму көзі

Қатерсіз ісіктер

Қатерлі ісіктер

Аналық бездер

Жатыр түтігінің эпителийі

Ұйымалы цистаденома; муцинді цистаденома

Ұйымалы цистаденокарцинома; псевдомуцинді цисткарцинома

Жыныс жолағының стромасы

Текома

Гранулезаклеткалық ісіктер

Қатерлі текома

Қатерлі гранулезаклеткалық ісіктер

Аталық без бастамының клеткалары

Дисгерминома

Аталық бездер

Жынысклеткалары

Семинома

Қалқанша без

А және В клеткалар

Фолликулярлық аденома

Фолликулярлық рак; папиллярлық рак; жіктеле жетілмеген рак

С клеткалар

Солидтық аденома

Стромасы амилоидозды солидтық рак

Қалқанша маңы безі

Негізгі клеткалар

Аденома

Рак

Бүйрек бездері

Қыртыс қабатының клеткалары

Ми тәрізді қабатының клеткалары

Адренокартикальдық аденома

Феохромоцитома

Адренокартикальдық рак

Қатерлі феохромоцитома

Айыршық без

Тимоциттер

Лимфоидтық тимома

Қатерлі лимфоидтық тимома

Эпителий ткані

Эпителий тимомасы

Лимфоэпителий тимомасы қатерлі эпит, тимомасы

Ұйқы безі

Қатерлі инсулома

Қарын-ішек жолы

Энтерохромаффиндік клеткалар

карциноид

қатерлі карциноид

Гипофиз

Аденома: хромофобтық, эозинофильдік, базофильдік

Рак

Эпифиз

Пинеалома

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Қатерсіз ісіктер
Аналық безінің ісіктері
Қатерлі ісік
Қатерлі ісіктің клиникасы
Зілді ісіктерді анықтау және емдеудің заманауй әдіс тәсілдер
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ
Сүт безінің ісіктері
Мезенхиманың қатерлі ісіктері
Ісік өсуіне әкелетін қауіп - қатерлі ықпалдар
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz