Бастауыш мұғалім: жаңа формация педагогының кәсіби және тұлғалық сапалары


Slide 1

Бастауыш мұғалімі қандай болуы керек?

Slide 2

«Жаңа формация педагогы - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты».

Н. Ә. Назарбаев

Slide 3

Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы, бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.

Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.

Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі.

Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы.

Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.

Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Slide 4

Болашақ мектебіміз

Slide 5

Мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу. Ұстаз бүгінге емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмас үшін, өзін- өзі жан- жақты дамыту

үшін саяси- идеялылық дәрежесін, ғылыми теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе- күн жетілдіріп отыруға талаптануы қажет. Мұғалім өзінің білімімен, ақыл- парасатымен, яғни бүкіл болмысы мен қоғамның болашақ азаматын дайындауы қажет.

Slide 6

"Болашақ әлем ұстазы"

Slide 7

Бастауыш мұғалімнің моделі.

Slide 8

Қажеттіліктер

Кәсіби

Мәдени

Теориялық даярлық

Көп мәдениетті, көп тілді

Тұлғалық, іскерлік даярлық

Практикалық даярлық

Педагогикалық білік,

ақпараттық білік,

жобалаушы,

зерттеуші,

жаңашыл

әдіскер

Салауатты, саяси

мәдениетті,

этно мәдениетті,

тілдік мәдениет (аратор),

рухани мәдениетті.

Slide 9

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Slide 10

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті

-Педагогтық, психологиялық, философиялық т. б ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен озық тәжірибелердің алдыңғы қатардағы идеяларын басшылыққа алады;

-Жаңалықты жатырқамай, өзінің іс-тәжірибесіне енгізеді.

Slide 11

Әділетті

Жоғары білімді

Өз құқығын, бала құқығын қорғай алатын

Өнерлі

Ізденімпаз

Әртістік қабілеті жоғары

Жан-жақты

Жаңа технологияны жетік меңгерген

Өзін сыйлата білетін, өзгені сыйлай білетін

Өзге тілдерді білетін

Ұстаз

Slide 12

Осының бәрін қорытындылай келе, болашақ ұстаз кім?

Акме-педагог-өмірлік әрекеті арқылы шеберлік, кәсібилік, құзырлылық сатыларынан өткен, жан дүниесі рухани бай, мәдениет деңгейі жоғары, адамгершілігі мол, кәсіби биіктерге ұмтылушы.

Андрогог-педогог- өмірлік тәжірибесі бар, сана сезімі жоғары,

өз тәжірибесіне сүйене отырып, оқыту мен тәрбиелеу идеясын ұсына алатын, оқушының ізденушілік қабілетін дамытушы ұстаз.

Фасилитатор-педагог-жаңашылдықты басқара алатын, жаңалыққа жаны құмар ізденімпаз ұстаз.

Slide 13

Жоба тап, Жол көрсет, Келешек қамы үшін. Шәкәрім Құдайбердиев

Slide 14

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім.

Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға

беру үшін алты алаштың баласы бас қосса,

қадірлі орын - мұғалімдердікі.

МағжанЖұмабаев

Slide 15

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Жаңа формация мұғалімі: кәсіби құзырет, инновациялық оқыту және оқушы-мұғалім-ата-ана ынтымақтастығы
Жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: ХХІ ғасыр талаптары мен оқу-әдістемелік тәсілдер
Жаңа формация мұғалімінің кәсіби маршруты және біліктілікті арттыру модульдері
Дене шынықтыру және спорт педагогының кәсіби құзыреттілігі: мазмұны, құрылымы және талаптары
Жас ерекшеліктер психологиясы және жаңа формация мұғалімінің педагогикалық құзыреттері
Мұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық қалыптасуы және профессиограммасы
Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу әдістемесі: оқудың түрлері мен оқу сапалары
Жаңа форматтағы мұғалім: заманауи талаптар мен біліктілікті арттыру
Мұғалім тұлғасы мен кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы: талаптар, критерийлер және даму жолдары
Мұғалім тұлғасының субъектілік қасиеттері мен кәсіби құзырлылықтың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz