Педагогикалық құзыреттілік


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Тақырыбы:

Педагогикалық құзыреттілік

Орындаған: Орынбекова А. Қ

П-227 топ студенті

Тексерген: Оралканова Б. С

Slide 2

Жоспар:

Құзыреттілік және құзырет ұғымдарының арақатынасы

Құзыреттілік түрлері

Педагогикалық құзыреттілік

Slide 3

С. М. Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens - қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берген.

А. В. Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді»

Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді

«Құзыреттілік» ұғымына ғалымдар берген анықтамалары:

Slide 4

К. Құдайбергенова «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.

Ш. Таубаева: «Құзыреттілік -ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» -деп қарастырылады.

Slide 5

«Құзырет» ұғымына анықтамалар:

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында (6 том, 96 б. ) мынадай анықтама берілген:«Құзырет (компетенция) » - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген.

«Орыс тілінің түсіндірме сөздігі» мен «Басқару терминдерінің түсіндірме сөздігінде»: «Құзырет (компетенция) » белгілі бір мәселе жақсы түсіндірілген сұрақтар жиынтығы (саласы

Slide 6

«Құзырет» (латын сөзі -сәйкесті, қабілеті) -орындалатын жұмыстың мәнін, қойылған мақсатқа жетудің тәсілдері мен құралдарын терең және түп-түбіріне дейін білу, сонымен қатар сол жұмысқа сәйкес келетін іскерліктер мен дағдыларын болуы

«Құзырет» - өзінің бойындағы белгілі бір білімі мен дағдысы арқылы шешім қабылдауға қатысуға немесе өз бетімен мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін лауазым иесінің жеке мүмкіншіліктері, оның біліктілігі (білім мен тәжірибесі) .

«Құзырет» ұғымның тұлғаның жетілуімен және оның еңбек міндеттерін орындауда өнімді әрекет жасауға және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін күйге жетуімен байланыстырады.

Slide 7

Құзыреттілік түрлері

Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.

Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.

Slide 8

Жеке кәсіби құзыреттілік - өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.

Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік - өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады

Slide 9

Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады.

Slide 10

Педагогтың жалпы қасиеттері

Slide 11

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТҮРЛЕРІ:

Slide 12

Педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиетінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімдердің кәсіби деңгейге кӛтерілуінің төмендегідей психологиялық белгілерін анықтаған.

Slide 13

Л. М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет- қарым-қатынас - тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды

ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР

Педагогикалық мақсатты ұйғару

Педагогикалық ойлау

РЕФЛЕКСИВТІ-ПЕРЦЕПТИВТІ ҚАБІЛЕТТЕР

Педагогикалық рефлексия

Педагогикалық әдеп

Педагогикалық бағыттылық

Slide 14

Мұғалімге қойылатын барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымдар аясына саяды.

Slide 15

Қорыта келгенде, кәсіби оқытушы педагог үшін ең маңыздысы оқушының (студенттің) іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.

Кәсіби оқытушы педагогтың міндеті - оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.

Slide 16

Пайдаланылған әдебиеттер :

1. Б. А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Aлматы. - 2005.

2. К. Құдайбергенова. Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерийі. 2008.

Slide 17

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық құзыреттілік ұғымы
Педагогикалық құзыреттілік туралы түсінік
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Мұғалімнің теориялық дайындығы
Болжау іскерлігі
Оқытушының кәсіби құзыреттілігі
Педагогикалық (кәсіби) құзіреттілік
Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістері
ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Педагогикалық шеберлікте
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz