ТЫНЫС БЕЛГІСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТІ
Презентация қосу
ТЫНЫС БЕЛГІСІНІҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ.
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ
ҚОСЫМША
ҚЫЗМЕТІ
scul32.ucoz.ru
scul32.ucoz.ru
Тыныс белгілерді қою үшін үш
түрлі белгі негізге алынады:
сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі
сөйлемнің мағынасы
сөйлемнің интонациясы
scul32.ucoz.ru
Тыныс белгісінің сөйлемнің құрылысына, т үріне, жасалу жолдарына орай қойылуы с өйлемні ң
синтаксистік ерекшелігіне байланысты қойылу деп аталады.
Құрамына қарай сөйлем, негізінен, екіге бөлінеді: жай сөйлем, құрмалас сөйлем. Бұлардың өзі
бірнеше түрге бөлініп, алуан т үрлі жолдармен жасалады. Міне, осымен байланысты с өйлемні ң
ерекшеліктеріне орай, қолдану сипатына қарай әр т үрлі тыныс белгілер қойылады. М әселен,
хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады, сондай-ақ, сұраулы сөйлемнең соң сұрау белгісі,
лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.
Сөйлем құрамында кездесетін оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер деп аталатын қаратпа,
қыстырма сөздер - бұлар сөйлем құрамындағы өзге мүшелерден тиісті тыныс белгілері ар қылы
ажыратылады. Сондай-ақ, жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен бұрын келсе,
жалпылауыш сөзден соң қос нүкте қойылады да, ал керісінше келетін болса, жалпылауыш с өзді ң
алдынан сызықша қойылады.
Сөйлемнің мағынасына орай:
Тыныс белгісінің дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір сөздерді ң ма ғынасына, сондай-а қ б үкіл
сөйлемнің мағынасына тікелей байланысты.
Мәселен, Мен оның сөзінен байқаймын деген сөйлемді Мәлғұн шалдың сөздері, байқаймын,
Пугачевті ойландырған сияқты (А. С. Пушкин)
деген сөйлеммен салыстыратын болсақ, мұндағы байқаймын сөзі екі түрлі мағынада жұмсалған.
Бірінші сөйлемдегі байқаймын сөзі аңғарамын, білемін деген мағынада жұмсалып, белгілі бір
сөйлем мүшесі болып тұр (баяндауыш), сондықтан да оған сөйлем мүшесіне тән сұрақ қойылады.
Ал екінші сөйлемдегі байқаймын сөзінде ондай қасиет жоқ. Бұл - меніңше, байқауымша, тәрісзді
мәнде қолданылып, жұмсалып тұр. Осыған орай қыстырма сөз сөйлем ортасында келгендіктен,
оның екі жағынан бірдей үтір қойылады. Сондай-ақ көп нүкте, тырнақша, жақша, сұрау, леп
белгілері сөйлемнің мағынасына негізделініп қойылады.
scul32.ucoz.ru
байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң
кідіріс болады да, соған орай нүкте қойылады.
Құрмалас сөйлемдерді оқығанда, құрмалас құрамындағы
әрбір жай сөйлемдерден соң, сондай-ақ бірыңғай мүшелердің
әрбір сұлуларынан соң кідіріс болып, олар үтір белгісімен
ажыратылады. Ал сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда,
дауыс көтеріңкі айтылады да, тиісті тыныс белгісі қойылады.
Бастауыштан кейін қойылатын сызықшада интонацияның ролі
айрықша көрінеді.
Мысалы: Еменнің иілгені - сынғаны. Көптің ісі - көл (мақал).
Бірінші, екінші сөйлемдегі сызықшалар бастауыш та,
баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған есімшеден
болғандықтан қойылып тұр. Бұл сөйлемнің синтаксистік
ерекшелігіне негізделеді. Сонымен қатар сызықша қойылып
тұрған жерге кідіріс жасаймыз, әйтпесе сөйлемнің
синтаксистік қызметі бұзылады.
Алайда сөйлемнің немесе сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу
интонациясы тыныс белгілерімен сәйкес келе бермейді.
Мысалы: Балықшы балықшыны ұзақтан көреді (мақал)
дегенде, балықшы дегеннен соң, сондай-ақ, балықшыны
деген соң кідіріс жасалады, бірақ соған қарай үтір қойсақ,
дұрыс болмас еді, өйткені бұл сауатты жазу ережелеріне
сыйыспайды.
scul32.ucoz.ru
Тыныс белгілердің қызметі
Үтір — сөйлемнің құрылысына, синтаксистік ерекшелігіне, мағынасына байланысты ең
көп қолданылатын тыныс белгісі. Үтір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді,
оңашаланған мүшелерді, оқшау сөздерді, бірыңғай мүшелерді, төл сөзді, т. б. айыра білу үшін
қойылады
Сызы қша . - жай және құрмалас сөйлемдерде қолданылатын және бөлу-ажыратудың
инвариантты семантикалық-синтаксистік мәнімен біріктірлеген көп түрлі функцияларды
атқаратын ұзын келбеу сызықша түріндегі тыныс белгісі.
Қос нүкте. Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш сөздер немесе жалпылауыш
мәнді сөздер келетін болса, жалпылауыш сөздерден соң қос нүкте қойылады.
Мысалы:Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы төрт
жылқы, денесі бір жылқы, – барлығы бес жылқы. (С.Мұқанов).
Нүктелі үтір (;) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Негізінен, жай сөйлемдердің
арасына қойылады. Бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады.
Нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер
баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі,
бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі.
Тырнақша (" «») - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Тырнақша
кідіріске, интонацияға немесе сөйлемнің құрылысына байланысты емес. Тырнақшаның
мағынасы да, қызметі де алуан түрлі. Ол бірде тырнақшаға алынған сөздің немесе
сөйлемнің өзге біреудікі екендігін білдірсе, енді бірде оның өзі тура мағынасында
қолданылмай, басқа бір мағынада қолданылып тұрғандығын, болмаса заттар мен
нәрселердің шартты атаулары екендігін білідіреді. Сонымен, тырнақша, негізінен, ма ғына ға
байланысты қойылатын белгі.
scul32.ucoz.ru
scul32.ucoz.ru
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz