Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis)



*
2015 жы
Жүгерінің сабақ көбелегі
(Ostrinia nubilalis)
Орындаған : Нұрбақыт Қ
Тексерген : Сағандыков С. Н
Тобы: АГ-213

*
Жоспары:
Кіріспе
Негізі бөлім
1. Жүгерінің сабақ көбелегіне жалпы сипаттама
1. 1. Жүгерінің сабақ көбелегінің биологиялық сипаттамасы
1. 2. Жүгеріның сабақ көбелегінің морфологиялық ерекшеліктері
1. 3. Жүгері көбелегінің зиянды фазасы
1. 4. Таралуы мен көбеюі
1. 5. Есептеу әдістемесі
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

*
Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hb) ересек бунақденелілердің жыныстық диморфизмі анық байқалады. Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл, денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындығы 25 мм-ге дейін жетеді. Жұлдызқұрттар өсімдік сабағына қыстайды.
Мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайд. Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді.
Өсімдік сабағының ішін жұлдызқұрттар кеміріп, жолдар мен қуыс жасайды. Кемірудің әсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейін сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы.

Жалпы сипаттама
Жүгері сабақ көбелегі (Pyrausta nubilalis) - қан көбелек тұқымдасына жататын жәндік, а. ш-ның зиянкесі. Көбінесе жүгеріні, кенепшөпті, тарыны, т. б. өсімдіктерді зақымдайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында кездеседі. Денесінің ұзындығы 13 - 15 мм, қанаттарының өрісі 24 - 32 мм. Ұрғашылары еркектеріне қарағанда ірілеу келеді. Ересек жұлдызқұрттарының ұзындығы 25 мм-ге жетеді. Жылына оңтүстік - шығыс аудандарда бір, ал оңтүстікте 2 - 3 рет көбейеді. Жетілген жұлдызқұрттары қоректенген өсімдігінің сабағының ішінде қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады да, маусымда көбелектер ұшып шығады. Олар кешке және түнде ұшады. Жұмыртқаларын жапырақтың астыңғы бетіне немесе жүгерінің шашақ гүлі мен собығына топтап салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттың кейінгі дамуы өсімдік сабағының ішінде өтеді.

*
жүгерінің сабақ көбелегі
Жалпы түсініктеме
Таралуы
Қуаң далалы және шөлді аудандарда таралған
Дене пішіні
жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл, денесін бойлаған
күңгірт жолақтары бар
Денесінің ұзындығы
дене ұзындығы 25-мм ге дейін жетеді.
Ерекшелігі
тіршілік кезеңінде 2 ұрпақ беріп дамиды.
Зақымдайтын дақылдары
мәдени және жабайы өсімдіктер
Жүгері көбелегінің биологиялық ерекшеліктері

*
Жүгері көбелегінің морфологиялық ерекшеліктері
Қабыршақ қанаттылырды 3 отряд тармағына бөледі: жақты көбелектер (Lacіnіata) ;
тең қанаттылар (Iugata) және әр түрлі қанаттылар (Frenata) . Қазақстанда кездесетін негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар, т. б. Қабыршақ қанаттылырдың өте сирек кездесетін кейбір түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мыс., Тянь-Шань аполлоны, өкшелі сұр көбелек, жолақты тораңғы көбелегі, махаон көбелегі, т. б. Қабыршақ қанаттылырдың 1 мыңнан астам түрлері - екпе өсімдіктердің зиянкестері. Олардың жұлдызқұрттары өсімдіктерді жейді. Әсіресе күздік дақылдар және бидай қоңыр көбелектері, дән қоңыр көбелегі, беде, жоңышқа, капуста, күнбағыс қоңыр көбелектерін атауға болады. Қабыршақ қанаттылырдың орман ш-на зиян келтіретін түрлері де көп (қарағай көбелегі, сақина көбелегі, т. б. ) . Ал кәдімгі күйе көбелектері үйде, қоймада тіршілік ететіндіктен түрлі тағамдар мен теріден тігілген және жүннен тоқылған киімдерді, жиһаз көбелегі ағаштан жасалған жиһаздарды бүлдіреді. Қабыршақ қанаттылырдың табиғатта пайдасы да бар. Мыс., олар гүлді өсімдіктерді, әсіресе, гүлі түнде ашылатын өсімдіктерді тозаңдандырады. Қабыршақ қанаттылырдың кейбір түрінің жібек пілләсі пайдаланылады (тұт, емен, айлант жібек көбелектері)

Жүгері көбелегінің зиянды фазасы
Олар сабақтың ішін үңгіп жеп қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің сабақтары, жүгерінің собығы сынып қалады. Шілде - тамыз айында көбелектер 2-рет көбейеді. Өнімді жинау кезінде жұлдызқұрттар, көбінесе өсімдіктің төм. бөлігіне жиналады. Сондықтан олардың көпшілігі өнімді жинап алғаннан кейін де егістікте қалады. Күресу шаралары: қыстайтын жұлдызқұрттарын жоюға бағытталған агротехникалық шаралар жүргізу керек.

*
Сабақ көбелегінің таралуы және
көбеюі:
Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz