Жібіту үрдісінің орындалуы.Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері.Теріні күлдеу




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Жібіту үрдісінің орындалуы.Жүннен арылтудың мақсаты
және тәсілдері.Теріні күлдеу

Орындаған:Кәрімова Ж.М
Тобы:ТК-421
Тексерген:Бауыржанова А.З

Семей-2015
Жоспар:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Жібіту үрдісінің орындалуы
2.2. Жүннен арылтудың мақсаты және
тәсілдері
2.3. Теріні күлдеу
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе
жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар
туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шыл ғи қайыс,
ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты
ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып тастап пайдалану,
екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тула қ, тайтері,
бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып
тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Ірі қараны ң терісі
әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар.
Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша
терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы — жондың,
қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы
терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін
атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі ж әне
олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері,
қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, се ңсе ң,
елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім
түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін - жүндес тері, тақыр тері,
түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері т өзімді
келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба,
қапшық жасайды.
Жібіту
Мех және былғары
шикізаттарын сумен
өңдеуді - жібіту деп
атайды. Жібітудің
мақсаты - шикізатты
сулану дәрежесі және
микроқұрылымы
жағынан мал денесінен
жаңа сыпырылған
күйіне мейлінше
жақындату, яғни «жас
тері» қалпына жеткізу.
Жібітуді
орыңдағаңда
келесідегідей
талаптарды
ескеру қажет:

Судың сапасы
мен Судың мөлшері Өлтіргіш заттар
температурасы
1. Судың сапасы мен температурасы. Біріншіден су таза, жаңа және ағын
судан алынған болуы керек. Әйтпесе, тұрып қалған судағы шіріткіш
бактериялар терінің белок сапасын бұзады. Екіншіден, ең ж ұмса қ немесе
орташа кермектікте болғаны дұрыс. Өте кермекті су тұзды ң үлкен
концентрациясын қажет етіп, ерімейтін әктік сабын түзеді, ол теріні
баптауға бөгет жасайды. Егер сізде өте кермекті су болса, оған әлсіз сілті
немесе калъциленген сода қосьп, жұмсартыңыз.
Су температурасы 10о-20оС болу керек. Төменгі температурада жібіту баяу
жүріп, тері сапасын төмендетеді, ал жоғары температурада- тезірек өсіп,
шіріткіш бактериялар көбейеді.
2. Судың мөлшері. Судың мөлшері жібітіп жатқан теріден 6-7 есе көп
болады.
3. Өлтіргіш заттар. Суланған теріде тез және шіріткіш бактерияларды
көбейтпеу үшін өлтіргіш заттар қолданады. Үй жағдайында өлтіргіш зат
ретінде ас тұзын пайдаланды. Бірақ керекті концентрациясын білген ж өн,
әйтпесе шіріткіш бактериялар керісінше көбейіп кетеді, 1 л су ға 30-50 г тұз
қажет. Жібітуді тездету үшін басқа да өлтіргіштер ретінде - сілтіні, өте
қатты кептірілген шикізатқа әлсіз сілті (кальциленген сода, аммиак б ұлар 1
л суға 1г кетеді) пайдаланады. Тері біркелкі ыл ғалдану үшін ж үйелі түрде
араластырған дұрыс.
Жүннен арылту

Жүнсіздендіру үрдісі (терінің түкті
жабынын кетіру) екі сатыдан тұрады:

Алдын-ала жүннің және Жүнді жүн алатын
терінің беткі машина арқылы
қабатының механикалық жолмен
қыртысының алып тастау.
өзеңмен байланысын әлсірету
Күлдеу әдісі
Шикізаттардың ферменттер арқылы жүннен арылту негізіне қыртыс
пен өзеңнің арасындағы кейбір ақуыздарды (мукоид, альбулин, глобулин)
еріту жатады. Сол себепті түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді.
Күлдеу үрдісінде өзең, өзара байланысқан көптеген өзгерістерге
ұшырайды. Күлдеу сұйықтарының құрамдас бөліктері өзеңнің
ақуыздарымен өзара химиялық байланысады, колагеннің
құрылысындағы кейбір молекулалар арасындағы байланыстардың
бірен-сараны қайтымсыз бұзылады, өзең қатты ісінеді, өзеңнің
талшықтары арасындағы ақуыздар ерітіндіге ауысады, шикізаттарда
аз мөлшерде болатын табиғи май сілтілік реагенттердің әсері
етуімен көпіршіктенеді. Осының нәтижесінде, өзеннің
микроқұрылымында және одан өңделген былғарының қасиетінде мәнді
өзгерістер болады. Қазіргі кезде ірі қара мал терісінен аяқ киімнің
жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары өндірісінде біріккен күлдеу
және жүннен күйдіру арқылы арылту әдісі кеңінен қолданылады. Бұл
әдістер былғары шикізаттарын жібітуден кейін құрамына натрий
сульфиді, кальций гидроксиді және аммоний сульфаты бар (рН туралау
үшін) сілтілік ерітіндісімен өндейді. Күлдеу үрдісінде, күлдеу
сұйықтығының құрамындағы кальций гадроксиді, натрий сульфиді,
сұйықтықтың ортақ сілтілігі және оның температурасы жүйелі
түрде бақыланады. Күлдеу сұйықтығындағы құрамында азоты бар
заттардың мөлшері оқтын-оқтын тексерілуі қажет.
Теріге жағылатын натрий сульфиді және кальций
гидроксиді қоспасын талдау. Алдымен натрий сульфидінің
мөлшерін анықтайды 10 см3 жағылатын қоспаны алады да
сыйымдылығы 250 мл өлшемі бар шыны ыдыста қайнаған
тазартылған сумен араластырады. Алынған аналитикалық
ерітіндіні сүзіп одан титрлеу үшін 25см3 -ді алады. Титрлеуді,
натрий сульфидінің мөлшерін жібітетін суда анықтағандай,
натрий нитропрусидінің қатысуымен жүргізеді.
Натрий сульфидінің мөлшері, г/л, мына теңдеумен анықтайды:
Содан соң кальций гидроксидінің мөлшерін анықтайды. Әдетте
оның мөлшерін жағылатын қоспаның тығыздығы арқылы
бақылайды, ол 1,35 - 1,40 см3 аралығында болу керек.
Натрий сульфиді мен кальций хлоридінен т ұратын
жағылатын қоспаны талдау. Алдымен натрий
сульфидінің мөлшерін анықтай 10 см3 ұқыпты түрде
араластырылған жағылатын қоспаны сыйымдылығы
150 мл өлшемі бар шыны ыдыс қа салып, белгіге дейін
тазартылған су құйып араластыра. Сұйытыл ған
ерітіндіден 5 см3 алып натрий нитропруссиді
индикаторының қатысуымен 0,1 н гексацианоферрат
(ІП) калий ерітіндісімен көк түстен сарыға ауыс қан ға
дейін титрленеді. Натрий сульфидінің мөлшері, г/л,
бұл жерде: а1 - титрлеуге кеткен 0,1
гексацианоферрат калий (III) ерітіндісінін к өлемі, см3,
К1 - гексационафферрат калий (ПІ) титріне түзетпе.
Содан соң кальций хлоридінің мөлшерін аны қтайды.
Сұйытылған ерітіндіден 5см3 жағылатын қоспаны
алады да фенолфталеин индикторының қатысуымен
0,1 н күкір - қышқылының ерітіндісімен түссіз
деңгейге дейін титрлейді. Ерітіндінің түсі 3 мин дейін
пайда болмау керек. Кальций хлоридінің м өлшері, г/л
бұл жерде: а2 - титрлеуге кеткен 0,1 н к үкірт
қышқылы ерітіндісінің көлемі, см3; К2 - күкірт
қышқылының титріне түзетпе.
Пайдаланылған әдебиеттер
• «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас
редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл,
ISBN 5-89800-123-9, II том
• “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том
1521 б
• Кузнецов А.Ф., Демчук М.Ф.и др. Гигиена
сельскохозяйственных животных. – М.:
Агропромихдат, 1991. 47 б

Ұқсас жұмыстар
Теріні жібіту. Теріні жүннен арылту
Теріні жүннен арылту
Жібіту үрдістерінің орындалуы.Теріні күлдеу
Теріні қалай өңдеу керек
Теріні өңдеу
Былғары шикізатының тағайындалуы
Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
жібіту үрдісінің орындалуы
Былғары шикізатының ақаулары
Пәндер