Мектеп тәрбие жүйесі ретінде алынса



Орындаған: Серікова Б. Е
Топ: П-303
Тексерген:Тұрғанбаева Б. Ш
Тақырыбы: Мектеп тәрбие жүйесі ретінде

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының контексті бойынша оқушының азамат болып қалыптасуы үшін аға тәлімгер мен сынып жетекшілер жұмысын ұйымдастыру

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру
жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы

Тәрбие көптің ісі-тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ.
Тәрбие туралы ұғымға, тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат пен әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-ананың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасыуына мақсатты түрдегі ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.

Тәрбиенің мәнісі:
біріншіден қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру
екіншіден жеке тұлға үшін, оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса “тәрбие үрдісі“ деп қоғамның талап-тілектеріне сай, жеке адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшелігін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Мектепте тәрбие үдерісін іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізетін:
-директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары
-сынып жетекшілері,
-педагог-ұйымдастырушы
-аға вожатый
-әлеуметтік педагог
-педагог-психологтар
-сынып тәрбиешілері
-қосымша білім беру педагогтары.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған
бірнеше проблемалар тобы айқындалған.
Педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі.
Өмірлік құндылықтардың шынайы патриоттық сезімді мойындамауға жетелейтін тар прагматикалық көзқарастармен ауыстырылуы.
Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау
Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі.
Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы теріс ықпал етуі.

Білім беру жүйесінің ішкі себептерінен туындайтын тәрбие проблемалары
тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Тіпті, олар тұжырымдамалық мәнде нақты белгіленгеннің өзінде тәрбие үдерісін дамыту бағытында мазмұндық және осы үдерісті жергілікті орындарда ұйымдастырудың проблемалары.
педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі.
балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі.
балалар және жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы.
еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы.
мектептерде және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялар санының жеткіліксіздігі.

Осы проблемаларды шешудегі аға тәлімгер мен сынып жетекшінің рөлі, олардың жұмысының мақсатты, нақты проблемаларды шешуге бағытталған болуын қадағалау, дұрыс бағыт-бағдар беру біздің ДТЖО басты міндетті екендігін түсінуіміз қажет.

Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Осы мақсаттарды іске асыруда балалар ұйымын құрудың маңызы өте зор деп ойлаймын.

Балалар ұйымдары
ХХ ғасырдың басында балалардың және жасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды
1920-30 жылдары бұрыңғы КСРО және кейбір мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалардың коммунистік ұйымдары пайда болды.
1991 жылы КСРО құлауына байланысты жаңа жағдайда балалардың көптеген бірлестіктері, одақтары құрыла басталды. Қазақстанда “Пионерлер және балалар ұйымының одағы” құрылды.
Елбасының бастамасымен 2011 жылғы 6 шілдеде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Қазіргі уақытта оның қатарында 700 000-нан астам бала бар. Балаларға қамқор болу, олардың мүдделерін қорғау мемлекетіміздің маңызды принципі болып табылады.

-Оқушыларды жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортта білімді, өнегелі, жан-жақты жетілген, іскер сапалы азамат тәрбиелеу.
-Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлға ретінде дамуына көңіл бөліп, бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді.
-Оқушылар ұйымы өзін-өзі басқару күнін өткізіп, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, әртүрлі оқу -тәрбие жұмысына араласады.
Барлық орталықтың, клубтың жетекшілері осы ұйымның құрамына енеді.
Балалар ұйымы мақсаты:

Аға тәлімгердің жұмысының мазмұны
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйелерінің педагогика қызметкерлері лауазымдарының Үлгі Біліктілік сипаттамаларында белгіленген аға тәлімгердің міндеттеріне келетін болсақ:

Аға тәлімгер:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz