Оқыту әдістері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті Информатика кафедрасы

СӨЖ №2

Тақырыбы: Оқыту әдістері және құрал жабдықтары

Орындаған: Сакиева Меруерт

Тексерген: Тұрғанбаева Б. Ш.

Топ: Т-441

2015 жыл

Slide 2

Оқу әдістері мен құрал-жабдықтары.

Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні

Оқу əдістерін топтастыру

Оқу құрал-жабдықтары

Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу

Slide 3

Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек

Slide 4

Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:

• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;

• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;

• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;

• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару

тәсілдері.

Slide 5

Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:

- білім жинақтау əдісі;

- ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі;

ептілік

- білімді қолдану

пайдалану əдісі

дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері

Slide 6

2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н. М. Верзилин, Е. Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М. А. Данилов (1899-1973), Б. П. Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

Slide 7

Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған:

Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді) ; көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады) .

Сөз

көрнекілік

іс-əрекеттік

(практика) .

Slide 8 Slide 9

Түсіндірме - көрнекілі əдістің мəні - оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну əдісі əрдайым тиімді бола бермейді. Қайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді. Қайта жасау əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну əдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл əдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады. Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады. Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.

Slide 10

Түсіну.

Тақырып бойынша қажетті лексиканы жаңғырту (білімдерін анықтау) .

Тыңдап түсіну (мәтінді оқу немесе ауызша баяндау) .

Slide 11

Оқу құрал - жабдықтары Оқу əдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «Оқу құрал -жабдықтары» түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т. б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқу əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі: - көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж. т. б. ; - есіту(аудио) құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары ж. т. б. ; - есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж. т. б. ; - сөздік құралдар - оқулықтар, мəтіндер; - оқу процесін авмоматтастырушы құралдар - тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары; - сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.

Slide 12

Өз бетінше, дербес ізденуге жол ашады.

Шығармашылық жұмыстарға баулиды.

Қиялын, ойын ұштайды.

Ойлау.

Біріктіру (жаңа сөздер алдымен тұтас қабылданады) .

Талдау (сонан соң талданады) .

Біріктіру (одан кейін қайтадан тұтас қабылданады) .

Slide 13

Ассоциация әдісі.

Қызықтыруды ояту үшін, ой тудыруды күшейту үшін қолданылады.

Slide 14

Ұжымдық оқыту әдісі.

Білімді саналы меңгереді, біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, сөйлеу, салыстыру, дәлелдеу дағдыларды қалыптастырады.

Ұжымдық оқыту әдісін ұйымдастыруда төрт түрлі

тәсілдерді қолдануға болады:

Жекелей жұмыс

Жұптық

Топтық

Ұжымдық

Slide 15

Кубизм әдісі.

Мағынасы терең және қызықты стратегияның бірі.

Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызады.

Алты қыры бар:

Сипаттаңыз

Салыстырыңыз

Зерттеңіз

Талдау жасаңыз

Қолданыңыз

Дәлелдеңіз

Кубик қырлары бойынша жұмыс ауызша, жазбаша, аралас

түрде жүруі мүмкін.

Slide 16

Талдау әдісі.

Ойлау мен ауызша сөйлесу дағдысын қалыптастыру.

Сөздік қорларын байыту.

Slide 17

Проблемалық әдіс.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың әдістері
Оқыту формалары,әдістері,құралдары ТПҮ қозғаушы күші ретінде
Оқытудың белсенді әдістері
Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
Оқыту әдістері ( СӨЖ )
Оқыту - қоғамдық қүбылыс
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Оқыту әдістерінің мәні
Биологияны оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz