Жасуша туралы мәлімет




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Жасуша
Орындаған: Ақан Е.С.
Жоспар
1 Жасуша теориясының ашылуы
2 Жасуша органоидтары
3 Жасушаның негізгі тіршілік
қасиеттері
4  Жасушаның химиялық құрамы
5 Жасушаның құрылысы
6. Жасуша тіршілігін жойылуы
түрлері
Жасуша теориясының
ашылуы
Жасуша теориясы -  тіршілікті ң  негізін  құрайтын  жасушалардың 
құрылымы,көбеюі  және  көпжасушалы  организмдерді 
қалыптастырудағы  қызметі  туралы  жинақталған  ұғым.  Жасуша 
теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде әртүрлі 
оптикалық  әдістердің  дамуы  микроскоптың  жетілдірілуіне  негізделді. 
Алғашқымикроскопты 17  ғасырда  ағылшын  физигі Роберт Гук (1635-
1703ж.)  жасаған.Ол  микроскоппен 1662 жылдан  бастап  түрлі 
объектілерді:тығын  шұрықтарын  (пораларын),  қымыздық,  қамыс 
және  басқалардың  ішкі  қуыстарын  көрді.  Гуктің  микроскопы 
қаралатын затты жүз еседен астам  ғана  үлкейтіп көрсететін болған. 
Роберт Гукөсімдіктерді  микроскоп  арқылы  қарап  отырып,олардың 
ұлпаларынан  ара  ұясы  тәрізденген  құрылысты  тапқан.Ол  осы 
ұяларды  грек  сөзімен  “целлюлла“-  “жасуша”  деп  атады.Бұл  жерде 
Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын  ғана көрген еді. 
17  ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук 
объектіні  үш  есе  үлкейтетін  микроскоп  жасап,оның  көмегімен  судағы 
біржасушалы организм-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді.
  Жасуша
органоидтары
 жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың 
көмегімен ғана орындалады.
1.Эндоплазмалық тор - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан 
түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына 
рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. 
2.Рибосома  - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын 
нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
3.Митохондрия  - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді 
түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты 
жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. 
Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз 
ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен 
аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.
4.Лизосома  - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. 
Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді 
ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын айнала қоршап жататын 
көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына,  қажетсіз со ңғы 
өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
6.Жасуша орталығы - Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 
денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске 
карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. 
Жасушаның негізгі тіршілік
Жасушаның  негізгі  қасиеттері
тіршілік  қасиеттеріне  жататындар: зат
алмасу, тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б.
Зат алмасу.  Жасуша  мен  қоршаған  орта  арасында  тынысалу,  қоректену, 
қажетсіз  өнімдерді  шығару  арқылы  үздіксіз  зат  алмасады.  Жасушадан 
сыртқы  ортаға  тотығу  өнімдері  шығарылып,  корек  заттар  мен  оттек 
қабылданады.  Көпжасушалы  ағзалардың  жасушалары  ағзаның  ішкі 
ортасында  тіршілік  етеді.  Ағзаның  ішкі  ортасына қан,лимфа,  ұлпа 
сүйықтығы  жатады.  Осы  ортадан  жасушаның  жарғақшалары  арқылы  су, 
тұздар,  витаминдер,  гормондар,  оттек  өтеді.  Бұлар  -  жасушаны  түзетін 
құрылыс  материалдары.  Оттек  нәруыздарды,  майларды,  көмірсуларды 
тотықтырып,  энергия  бөлінеді.  Энергия  жасушаның  барлық  тіршілік 
әрекеттерін  жүзеге  асырады.  Оттектің  жасушаның  құрамды  бөліктерімен 
қосылуы  -  жасушалық  тынысалу  деп  аталады.  Бұл  кезде  ағзада  қажетсіз 
заттар  (көмірқышқыл  газ,  тұздар)  түзіліп,  қан  ағынымен  зәр  шығару 
мүшелері  арқылы  сыртқа  шығарылады.  Зат  алмасу  -  тірі  ағзаларды  өлі 
табиғаттан ажырататын негізгі белгі.
Тітіркенгіштігі.  Жасушалар  сыртқы  ортаның  түрлі  тітіркендіргіштерінің 
әсерінен  қозады.  Қозғыштық  -  барлық  тірі  ағзаға  тән  қасиет.  Мысалы, 
суықтын,  ыстықтың,  жанасудың,  химиялық  заттардың  барлығы 
тітіркендіргіштер.
Көбею жасушалардың  бөлінуі  арқылы  жүзеге  асады.  Алдымен  ядро,  содан 
соң цитоплазма екіге  бөлінеді.  Әрбір  бөлінудің  алдында  ядродағы 
хромосомалар  ұзынынан  екі  еселенеді  де,  бірінен-бірі  ажырап,  жас 
Жасушаның химиялық
құрамы
Жасушаның  құрамында  80-нен  астам  химиялы қ  элементтер  кездеседі.  Олар 
жасушадағы зат алмасу процестеріне  қатысады.  Әрбір жасушаны ң  құрамы агзалы қ ж әне 
бейагзалық  қосылыстардан тұрады. А ғзалы қ  қосылыстар ға: н әруыздар (а қуыз), майлар, 
көмірсулар  және  нуклеин  қышқылдары  жатады.  Бейа ғзалы қ  қосылыстар:  су  ж әне 
минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша  құрамыны ң 20-30%  үлесіне те ң.
1. Нәруыздар -  көміртегі,  сутегі,  оттегі, азот,  күкірт  және  т.  б.  элементтерден  т ұратын 
күрделі  ағзалық  заттар.  Нәруыздар  45°-80°  С-да  ұйиды.  Оларды ң  құрамы  20 
аминқышқылынан тұрады.
2. Майлар үш  элементтен  құралған,  олар:  көміртегі,  сутегі,  оттегі.  Майлар  судан  же ңіл, 
суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.
3. Көмірсулар -  майларға  ұқсас,  көміртегі,  сутегі,  оттегіден  т ұрады.  К өмірсу  деп  аталу 
себебі,  сутегі  мен  оттегінің  ара қатынасы  сумен  бірдей.  Демек,  сутегі  атомы  оттегі 
атомынан  2  есе  көп  деген  сөз.  К өмірсулар ға  әр  т үрлі  суда  тез  еритін  т әтті  (кристаллы) 
қанттар  жатады.  Бұлардың  ішінде  к өбірек  тарал ғандары  -  глюкоза (жүзім  қанты)  мен 
гликоген (жануарлар  крахмалы).  Гликоген  бауыр  мен  б ұлшы қеттер  жасушаларында 
кездеседі.
Нәруыздар,  майлар  ж әне  көмірсулар  -  жасуша  цитоплазмасыны ң,  ядросыны ң  ж әне 
органоидтарының  негізгі  құрылыс  материалдары  болып  саналады.  Н әруыздарды ң 
молекулалары жасушада ғы химиялы қ реакцияларды тездетуге  қатысады. Н әруыздар мен 
көмірсулар  ыдырағанда  энергия  б өлінеді.  Майлар  жасуша  жар ға қшасыны ң  құрамында 
көп болады, әрі энергия көзінің негізгі  қоры болып табы
Жасушаның құрылысы
Адам ағзасы (организмі) - миллиардтаған жасушалардан 
құралған,  өзддгінен  реттеліп,  жаңарып  тұратын  біртұтас 
күрделі  жүйе.  Ағзанын  даму  үдерісінде  жасушалар  мен 
жасушааралық заттар -  ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер 
жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді.
Адам  денесі  жасушаларының  пішіні  -  домалақ,  ұзынша, 
жалпақ,  төртқырлы,  көпқырлы,  призма  төрізді  және  т.  б. 
Жасуша  мөлшері  мен  пішінінің  әр  түрлі  болып  келуі 
аткаратын  қызметіне  байланысты.  Мысалы, 
канның эритроцит жасушалары  сұйық  ортада 
болғандықтан  домалақ;  тері  жасушалары  көпқырлы; 
бұлшықет  жасушалары  ұзын;  жүйке  жасушалары  көп 
өсінділі  (жұлдыз  тәрізді)  және  т.  б.  Жасушалардың 
мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар 
-  жұмыртқажасушасы  мен  жүйке 
жасушасы. Қан мен лимфада болатын  ең  кішкене 
жасушалар - лимфоциттер.
Пайдаланылған әдебиеттер

•  Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - 
Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009
•  «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. 
Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас 
редакциясы, 1998

Ұқсас жұмыстар
Биомембрана арқылы зат тасымалдау
Эндоплазмалық тор
ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ ЖАНУАР ЖАСУШАСЫ
КЛЕТКАНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЦИТОЛОГИЯ ГИСТОЛОГИЯ
Қай жылы қай елдің ғалымы
ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Нейрондардың жіктелуі
Қан жасушалары мен қан құрамы
Геннің құрылымы
Электр және магнит өрісінің тірі организмге әсері
Пәндер