Тіркесу және кроссинговер


Презентация қосу



Тіркесу. Бір хромосомада орналасқан гендердің ай қаса
алмай, бірігіп тұқым қуалауын гендердің тіркесуі деп
атайды.Яғни, олар бір-бірінен тәуелсіз ажырап кетпей, бірге
тұқым қуалайды.Алғаш рет бұл құбылысты 1905 жылы У.
Бэтсон ж/е Р. Пеннет хош иісті бұрша қ өсімдігіне жаса ған
тәжірибелерінде ашқан болатын. Бұл заңдылы қтың
теориялық тұжырымдамасын жасаған ж/е тере ң зерттеген
ғалым Т. Морган болды. Бір жұп хромосомада бірнеше мы ң
ген болады. Бір хромосомада орналас қан гендерді тіркескен
гендер деп атайды. Ол гендер тіркесу тобын құрайды.
Жасушаның мейоздық бөлінуі кезінде тіркескен гендер бір
гаметаға түседі. Т. Морган тіркесу құбылысын аны қтау
мақсатында зерттеу нысаны ретінде жеміс шыбыны –
дрозофила меланогастерді алады.
Себебі оның мынадай ерекшеліктері бар.
Олар:
1) аз уақыт ішінде ұрпақ береді. 8-10 күн;
2) ұрпақтарының саны көп, 2-3 аналық, бір аталықтан
500-600 ұрпақ шыбын алады.
3) өзгерген түрлері көп;
4) хромосома саны аз. 4 жұп-8. Денесінің түсі сұр,
қалыпты қанатты шыбынды денесінің түсі қара,
жетілмеген қанатты аталығымен будандастырады.
Белгілердің 3:1 қатынасында ажырауын, дененің түсін,
қанатының пішінін анықтайтын гендер бір жұп
хромосомада орналасқан гендердің бірігіп, тіркесіп
тұқым қуалайтын дәлелдейді. Тіркесудің 2 түрі болады.
Толық тіркесу ж/е толық емес тіркесу. Толық тіркесу –
сирек кездесетін құбылыс.
Сонымен Т. Морган зерттеген белгілердің тіркес
тұқым қуалауы Морганның тіркесу заңы н/е
генетиканың 4-ші заңы деп аталады.
Томас Гент Морган
(1866-1945)
Америкалық генетик. Алғаш
рет өз зерттеулерінде жеміс
шыбыны дрозофиланы
пайдаланды. Морган өз
қызметкерлерімен бірігіп,
тұқым қуалаушылықтың
хромосомалық теориясын
ашып, гендердің
хромосомаларда
орналасатындығын дәлелдеді.
Нобель сыйлығының лауреаты.
(1933)
Кроссинговер. Табиғатта толық емес тіркесу
гендердің бірге тұқым қуалау сипатына байланысты жиі,
кейде сирек көрініп отырады. Т. Морган гомологтік
хромосомалар жұбында гендер үнемі алмасып
отыратындығын көрсетті. Мысалы, денесінің түсі сұр,
жетілген қанатты дрозофила шыбынының аналығын,
денесінің түсі қара, жетілмеген қанатты аталығымен
будандастырғанда, ұрпақтарында белгілердің фенотип
б/ша ажырауы мынадай қатынаста болады. Былай болу
себебі, тиісті гендері бар гомологтік хромосомалардағы
сәйкес бөліктердің алмасу процесі хромосомалардың
айқасуы н/е кроссинговер деп аталады.Кроссинговерге
ұшыраған хромосомалары бар гаметаларды кроссоверлі
деп, кроссинговерге ұшырамаған гаметаларды
кроссоверлі емес гаметалар деп атайды.
Генетикалық карталар. Кроссинговер
құбылысының ашылуы Т. Морган ж/е
оның шәкірттеріне хромосомалардың
генетикалық картасын жасауға мүмкіндік
туғызды. Картаны жасауға
хромосоманың ұзына бойына гендердің
тізбектеле орналасуы негіз болды.
Генетикалық карталар гомологтік
хромосомалардың әр жұбы үшін
жасалады. Тіркесу тобын нөмірлейді.
Жыныстың хромосомалық анықталуы.
Цитогенетикалық ғылыми дамуының
нәтижесінде жануарлардың аталық және аналық
жасушаларындағы хромосомаларда
айырмашылық бар екенін анықталады.
Организмнің жынысы ұрықтану кезінде
анықталады. Бұл хромосомалар жиынтығына
байланысты. Адамның дене жасушаларында 46
хромосома бар. Олар 23 жұп түзеді. Олардың 44
хромосомасы еркектерде де әйелдерде де
мөлшері, қызметі жағынан бірдей ұқсас болып
келеді. Оларды аутосомдар деп атайды.
Ал 23 жұпты жыныстық хромосомалар деп
атайды.
Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым
қуалауы. Гендері жыныс
хромосомаларда орналасқан белгілерді
жыныспен тіркескен белгілер деп
атайды. Ал белгілердің жыныстық
хромосомалары арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа берілуін жыныспен тіркескен
белгілердің тұқым қуалауы деп атайды.
Бұл құбылысты Т. Морган дрозофила
шыбынына тәжірибе жүргізгенде ашқан.
Жыныстық хромосомаларда орналасқан
гендер анықтайды белгілердің тұқым
қуалауы, Мендель анықтаған белгілердің
ажырауынан өзгеше болады. Х ж/е Ү
хромосомалардың гомологті емес бөліктері
бар, сондықтанда Х хромосомадағы
гендердің аллельдері Ү хромосомада
болмайды. Керсінше, Ү хромосомада бар
гендердің аллельдері Х хромосомада жо қ.
Гендердің мұндай күйін гемозиготалы деп,
ал мұндай генотипі бар организмді
гемозигота деп атайды.
Егер ген Х хромосомада орналасқан
болса, онда ген әкесінен қыздарына,
шешесінен қыздарына ж/е ұлдарына
белгілер теңдей беріледі. Белгілердің
шешесінен ұлдарына, ал әкесіне
қыздарына Крисс-кросс тұқым қуалау деп
аталады. Адамда көптеген 60-қа жуық
белгілер, оның ішінде гимофилия , көз
жүйкесінің атрофиясы, дальтонизм Х
хромосомада тіркескендіктен, жыныспен
тіркесіп тұқым қуалайды.



Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь