Геоэкология жайында


Slide 1

СРО

Геоэкология

Орындаған: Ботабаев С. Б

Топ: БЖ-315

Slide 2

Минералды-шикізат ресурстары

Адамзат қоғамының минералды - шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Қазақстан - жердегі минералды - шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 -ы металдар) Қазақстанда 39 -ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде - 49, Қытайда - 45, Австралия және АҚШ - 42, Бразилия - 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.

Slide 3

Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша - екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша - алтыншы, марганец бойынша - сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.

Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

Slide 4

Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымы­ның алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауап­кершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен - жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.

Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық ба­ғыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, олар­ға өз салаларында мемлекеттік бағдарлама­ларды іске асыру жүктелді.

Slide 5

1. 2. Адамның литосфераға әсері

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км2 - ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану - радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады. Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға қоршаған ортада болуы.

Slide 6

Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т. б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т. б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Геоэкология жер ғылымдар жүйесінде
Геоэкологияның негізгі санаттары
Геоэкология - экология және геграфия түйісіндегі кешенді ғылым
еоэкология
Табиғи - техногендік жүйелер қызметінің геоэкологиялық аспектілері
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары
Экологияның зияны
Табиғатты қорғаудың мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Экологиялық қауіпсіздік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz