Программалық жабдықтар
Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Программалық жабдықтар
Орындаған: Карамолдина Айнур
БЛ-509
Программалық жаб-
дықтар – бұл түрлі есеп-
терді шешуге арналған
күнделікті қолданатын
программалар жиынты-
ғы. Олар ЭЕМ-нің жұмы-
сын қамтамасыз ететін
барлық програм-малар жиынынан тұра-ды.
Программалық жабдықтар-дың жіктелуі:
1) Қолданбалы программалық жабдықтар
2) Жүйелік программалық жабдықтар
3) Аспаптық программалық жабдықтар
Қолданбалы немесе кәделі программалар – белгілі бір
мамандық саласындағы арнаулы есептерді шығаруға
арналған программалар тобы. Текстік программалар – текс
түрінде дайындалып, операциялық жүйенің басқаруымен
бірден орындалатын программалар жиыны.
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
Мәтінді енгізу. Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы
құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу
арқылы енгізуге болады.
Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін
орнату арқылы қажетті түрге келтеру.
Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды
қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл
аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTML
пішімдері жатады.
ASCII – ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім.
RTF - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі.
Ең негізгі ерекшелігі - оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің
барлық элементтерін беруді қамтамасыз етеді.
DOC - бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word
2000 және MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді
емес).
HTML - Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді
белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге
жатады.
Кростық немесе тестілік программалар деп
компьютердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін
тексеріп, оны жасап шығару кезеңінде
аппараттық құрылғыларының қызметін толық
бақылауға арналған программаларды
айтады.
Жүйелік программалар компьютерді толық басқаруды
қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану
жұмысын атқарады. Олар операциялық жүйелерден, шеткері
құрылғыларды басқару программалары – утилиттерден,
драйверлерден және программалау тілдерінен тұрады.
Утилиттер – программалау ортасында белгілі бірн қызмет
атқаруға пайдаланатын қосымша программалар. Мұндай
программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде,
түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі. Мәліметтерді
қысатын (архивтейтін), компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін
болса, оларды жоятын программалар да утилиттер болып
табылады.
Драйвер — компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара
әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді
басқаратын операциялық жүйелердің cыртқы құрылғылармен
байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін
қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады. Компьютердің
кеңейтілген жедел жадын басқару бағдарламасы да драйвер болып
есептеледі. Әрбір сыртқы құрылғының өз драйвері бар. Мысалы,
принтер драйвері компьютер процессорынан келіп түскен
сигналдарды саралап, қағазға басу процесін басқарады.
Драйверлер жаңадан шығып жатқан компьютер құрылғыларының
қалыптағы қолданылу өрісін кеңейтіп, олардың дискіден
мәліметтер алу жылдамдығын арттыруды, әр түрлі ұлттық әліпби
әріптерін пернетақта арқылы енгізу, дисплей экранына шығару,
қағазға басу істерін, т.б. жеңілдетуге көмектеседі. Мысалы,
компьютерде басқа бір жұмыс атқарылып жатқанда, драйвердің
көмегімен бір мезгілде әуен тыңдауға, факс қабылдауға, алдын-
ала дайындалған мәліметтерді қағазға шығаруға болады.
Драйверлер стандартты және жүктемелі болып екіге бөлінеді. Ішкі
драйверлер операциялық жүйе құрамында орналасып,
компьютердің стандартты құрылғыларын басқарады.
Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі
ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді
байланыстыратын формальды тілді айтамыз. Әр түрлі
белгілер бойынша жіктеуге болатын бірнеше жүздеген
программалау тілдері бар. Ең жалпысы тілдің машинаға
жақындық дәрежесі бойынша жіктеу болып табылады. Осы
белгісі бойынша программалау тілдері екі үлкен топқа
бөлінеді:
1.машинаға тәуелді тілдер;
2.машинаға тәуелсіз тілдер;
Машинаға тәуелді тілдер өз кезегінде былай бөлінеді:
1.машина тілі;
2.машинаға бағдарланған тілдер;
Машинаға бағдарланған тілдер кейде автокодтар деп те
аталады. Машинаға бағдарланған тілдердің екі деңгейі бар:
символдық кодтау тілдері, басқаша айтқанда мнемокодтар;
макротілдер.
Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерге әр
түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.Жалпы
жағдайда тіл депинформацияның жазылуын және оның
түрле-нуін белгілі ережелер бойынша формальды етіп беруші
құрал-дарды түсінеміз.Программалау тілі деп деректерді
жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге
арналған адам мен компьютерді байланыстыратын формальді
тілді айтамыз.Әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болатын
бірнеше жүздеген программалау тілдері бар. Қазіргі кезде
кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі- Turbo
Pascal. Оның алғашқы нұс-қасын 1970 жылы Швейцария
физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы
арифметикалық есептеу машинасын жа-саған француздың
ұлы ғалымы Паскальдың құрметіне Паскаль деп атап, тіл
атауының үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.
Программалық жабдықты құрудағы негізгі міндеттердің бірі
программаның статикалық күйі, яғни бастапқы жазылуымен
оның динамикалық күйі, яғни компьютердегі орындалу тәртібі
сәйкес келуі керек немесе программа командалары жазылу реті
бойынша орындалуы тиіс.
Бұл мәселені шешу үшін жаңа тиімді программалау
технологиясын жасау қажет болды. Бұл ізденістің нәтижесінде
70- жылдардың басында IBM корпорациясы ұсынған,
теориялық негізін профессор Э. Дейкстра қалаған құрылымдық
программалау технологиясы пайда болды. Мұнда, программалар
белгілі бір ережелерге сәйкес немесе технологиялық әдістерге
негізделіп құрылатын болды. Мұның негізінде күрделі
программаларды кішкентай шағын программаларға жіктеп алу
яғни «декомпозиция» принципі жатыр. Бұл кезеңнің
программалары модульдерден құралды. Модульдерден
құралған мұндай программалар көптеген мәселелерді
шешкенімен, оның тиімсіз жақтары да болды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz