Тәрбиенің түп төркіні – халықтық педагогика
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
С ӨЖ
Тақырыбы: 1)Тәрбиенің түп төркіні – халықтық педагогика
2)Тәрбие сағаты.
Тексерген:Cерикова Н
Орындаған:Мұ рат К
Т-415у
2015 жыл
Тәрбиенің түп төркіні –
халықтық педагогика
Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның тәрбиелік мәні
зор жырлары мен мақал-мәтелдері, Әл Фарабидің ұлттық
мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі
тұжырымдары, Ахмет Яссауидың діни тәрбиенің мәні туралы
ойлары, Жүсіп Баласағұнидің кемелді болу жолдарын
көрсетуі, Мұхаммед Хайдар Дулатидың ұлы тәлімгерлік
ойлары, Абайдың өсиеттері, Ыбырайдың педагогикалық
ойлары, Шоқанның ел мәдениетін арттыру үшін істеген
әрекеттері, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі,
Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзеуі, Жүсіпбек
Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерлей бастауы,
кейінгі ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде
қалыптастырып, пән ретінде оқытуға ұсынуы халық
педагогикасының дамып, қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Халықтық педагогика – халқымызда ертеден
жинақталған игі істердің зерделі ұрпақтың
болашағына дұрыс жөн сілтеп, нақты бағыт
беріп, олардың зиялылар санатына қосылып,
әдемі отау тігіп, баянды бақыт құруына
септігін тигізетін ежелгі үлгі, қанатты да
қадірменді сөз, байырғы қасиетті де киелі
дәстүр.
Қазақ халқының өте әріндегі ата – бабаларының өмір
сүрген кезінен (Түрік қағанаты) бастау алып, күні
бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани
мұраның бірі – халықтық педагогика. «Халықтық
педагогика, - делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында -
тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім
тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне
педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз
әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, жанұя
тәрбиесінің тәжірибелері т.б. жатады. Халық
педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және
өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа
қалдыру».
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиені жас
буын жадына біртіндеп сіңіретін арнаулы жолдар, тиісті
тәсілдері де бар. Мәселен,
1) Мақал – мәтелдер - адамгершілік, имандылық, еңбек
тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарды насихаттайды.
«Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ», «Өнер алды -
қызыл тіл», «Ақыл көкке жеткізеді, өнер көпке жеткізеді»,
«Өнерлігің қолы алтын» т.б. мақал-мәтелдері мен қанатты
сөздерінен әсемдік пен сұлулықты, шешендік пен
шеберлікті, ақылдылық пен даналықты қадірлеген халық
даналығын танимыз. Мақал-мәтел – ата-ананың, көпті
көрген көненің, қоғамның ойлы, білімді, ақылды
адамдардың балаға, жасқа айтар тәжірибесі мен ақыл-
кеңесі, өсиет насихаты;
2) Жұмбақтар мен айтыс термелер, жаңылтпаштар, шешендік
сөздер – ақыл-ой тәрбиені көрсетеді. Мысалы, жаңылтпаштар тіл
ұстарту, сөздің дыбыстылығын дұрыс, тез айта білуге жаттықтыру,
сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланады. Көбінесе
жаңылтпаштар баланың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа
баулу үшін үйретіледі. Бала жаңылтпашты тыңдап қана қоймай,
оны қайталайды, сол арқылы тілі дамиды, жаңа сөздермен
танысып, дүниетанымын кеңейтеді, есте сақтау қабілеті мен тілін
жаттықтырады. Өйткені жаңылтпаш қарапайым ұқсас сөздердің
жиынтығы ғана емес, ол – көркем сөзбен кестеленген тәрбиелік,
тағылымдық мәні ерекше шағын поэтикалық шығарма.
Жаңылтпашта терең философиялық ой жатады. Дыбыстық
ұқсастық пен әуезділікке көмкерілген сөздердің астарында терең
мағынаның жатқандығын аңғарған абзал. Балаға жаңылтпашты
айтқызу барысында өлең астарында жатқан мағынаға үңіліп, оны
анықтай білу қажет.
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды?
Бұл жаңылтпаш болумен қатар ата-баба
дәстүрін насихаттап, салт-дәстүрдің
ерекшелігін ұқтырады.
Жаңылтпаш – көркем поэтикалық туынды
болғандықтан баланың ойы мен қиялын
ұштаумен қатар оған эстетикалық тәрбие
беріп, көркем сөз табиғатына үйре-теді әрі
баулиды, тілін дамытады;
3) Өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық)
тәрбиесі көрінеді;
4) Ертегілер мен аңыздар, бесік жыры мен батырлық
эпостар халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін
қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған.
Мысалы, эпостарда халықтың басынан кешкен тарихи
оқиғалар, елі мен жерін қорғау үшін жат жерден келген
басқыншыларға қарсы күрес, күнделікті өмірде туындайтын
әр адамның қуанышы мен реніші, адамдар арасындағы
адамгершілік сезімдер, өмір салты және эстетикалық
көзқарастар жырланады. Батырлық эпостардың ерлік
дастандық ой-санасы мен мінез-құлқын оқушылар бойында
қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуі қажет,
себебі мұндай жұмыс жүргізу оқушылардың көңіл-күй
әсері мен ынтасын арттырады, оларды елін, жерін сүйе
білуге баулиды, патриоттық сезімін арттырады.
Халықтық тәрбиенің негізгі түйіні – адамгершілік-
имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы
тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Сондықтан да бүгінгі күннің білім беру жүйесінде
халықтық педагогиканы қолданудың атқаратын қызметі
орасан зор. Демек, халықтық педагогика – тәлім-
тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани
мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт: осындай
халықтық мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай
бермейді, олардың озығы мен қатар тозығы да бар. Ең
негізгі мәселе – бұларды бүгінгі күннің талап-тілегімен
байланыстыра пайдалана білу болмақ.
Халықтық педагогиканы қолданудағы мынадай
тәрбиелік ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:
1) Халықтық педагогика негізінде әдептілікке,
адамгершілікке тәрбиелеу.Әдептілік тәрбиесі
халықтық педагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып
табылады. Олар мінез-құлық әдептері, жүріс тұрыс
әдептері, адамдармен қарым-қатынас әдептері болып
үшке бөлінеді. Мінез-құлық әдептеріне: биязылық,
кішіпейілділік, салмақтылық, кеңпейілдік, кеңойлылық,
бауырмалдық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық,
білімділік, ұқыптылық, тындырымдылық, адамгершілік,
қайырымдылық, адалдық қасиеттері кіреді.
Жүріс-тұрыс әдептеріне: есіктен сәлем беріп оң
аяқпен кіру, нанды екі қолмен үзу, тамақты оң қолмен
жеу, айға қарап қол шошайтпау, тамақ ішкенде
жамбастамау, киімді оң жақпен киіп, сол жақпен
шешу, үйге қарай жүгірмеу, есінегенде ауызды оң
қолдың сыртымен жабу, ақты теппеу, астан соң бата
қайыру, ұрлық жасамау, кітапты жерге тастамау,
табанды тартпау, босағаны кермеу, есікті қатты
жаппау, киімді жадағай жамылмау, аяқты
айқастырмау, дауыс көтермеу, өтірік айтпау және т.б.
қасиеттер кіреді.
Қатынас әдептеріне: үлкеннің алдын кеспеу,
үлкенге бұрын сәлем беру, екі қолмен амандасу,
үлкеннен бұрын дастарханға қол созбау, үлкеннің
сөзін бөлмеу, кішіге ізет, үлкенгеқұрмет көрсету,
үкеннің алдында жамбастамау, ата-ананы
құрметтеу, затты өзгеге оң қолымен беру, ата-
анаға қарай аяқ созбау, төрт түлікті қастерлеу,
мазарға қол шошайтпау, қазаны құрметтеу, дәм
тұзды ақтау және т.б. қасиеттері енеді.
Адамдар бір-біріне кездескенде «Ассалаумағалейкум»,
яғни, «Сізге нұр жаусын», «Уағалайкумассалам»
қазақша «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені.
Осылай амандасуы арқылы адамдар бір-біріне
тілеулестігін, ізгіниетін, достығын білдірген.
Сәлемдесу әдебінің де қалыптасқан дәстүрі,
салауатты салты болған.
Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық
ерекшелік: адамның аты-жөнін құрметпен атау.
Адамның аты-жөнін құр-меттеп, оны өз аталуында
атамай жоғары құрметті атаумен атау сыйласым,
азаматты ардақтау болып табылған.
Қазақ отбасында ер бала мен қыз бала тәрбиесіне
ерекше көңіл бөлген. Отбасы үшін қыз бала атқарар
қызметін біліп қоймай, өнерлі шебер болуын, ер
баланың еңбекқор, өнерлі, парасатты, білімді, ұстамды
болуын ең басты қасиет деп таныған.
Оқушылар арасында әдептілік бағытына сәйкес ата-
аналардың қатысуымен тәрбиелік іс-шаралар
ұйымдастырылады. Мысалы: «Қыз сыны», «Жігіт
сұлтаны», «Қоғамдық орындардағы әдептілік деген
не?», «Жастардың әдептілігі» және т.б. әдептілік
тәрбиесі бағытындағы іс-шаралар өткізіледі.
2) Халықтық педагогика негізінде патриоттыққа
тәрбиелеу
Болашақ маманның елін, жерін сүйетін намысшыл азамат
болуын ойластыру. Бұл алдымен, қадірлі қариялардың,
көпке сыйлы үлкендердің бата тілектерінде өзекті орын
алады.
Халқымыздың патриоттық үлгісін Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би, Ақтамберді, Бұқар жырау, қазақ батырлары
және ХХ ғасырдың басында қалыптасқан Ахмет
Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіп-бек Аймауытов,
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сынды
қазақ қай-раткерлері жасап берді деуге негіз бар. «Отан
отбасынан басталады» деген даналық ұйыған халқымыз
ұрпағын ата-ананы, үлкендер мен кіршілерді құрметтеуге,
елдің, халықтың қамқоршысы болуға үндеген.
3) Халықтық педагогика негізінде эстетикаға тәрбиелеу
Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен
сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде
халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың
эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін
байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани
ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті
тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан
әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені
сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті
және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты,
қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы
тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады.
Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық
тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық,
жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты
сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл
қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй
жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С.
Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән
берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі
дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың
белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет,
киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек.
Оқушыларға әдепті әсемдіктен бөліп түсіндіруге
болмайды. Егер оларды бөліп айтуға болатынын
мойындасақ, онда әдепсіз сұлулықтың да болатынын
мойындауға тура келер еді де, сұлулық өлшемдері
тек сыртқы белгілер, симметрия, пропорция, түр-
түстер сәйкестігі, т.б. ғана болып шығады. Орыстың
атақты әдебиет сыншысы әрі эстет В.Г. Белинский
сұлулықты барлық уақытта моральмен бірге
қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене
отырып: «Сұлулық шындықпен моральмен бір
туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа
ие десек, онда ол сөз жоқ, әдепинабаттылық
жағынан да құнды болады», - дейді.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің
маңызы өте зор болды. Оның мазмұны
халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти
отырып, жас ұрпақ санасын әсемдік сезімін,
талғамын, қажеттілігін билейді. «Бірінші байлық -
денсаулық» деген қағиданы пір тұтқан халқымыз
тән сұлулығына ерекше мән берген. Халықтық
эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық,
тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б.
әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да
эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет
етеді.
Ы. Алтынсариннің нақыл сөздері мен мысал әңгімелерін
пайдалансақ, мұның өзі бір бүтін педагогика емес пе?
Ойдағыдай, айтулы мақсаттарға жету үшін күнделікті
қазақ тілі сабақтарында:
1) Халқымыздың тарихын, географиялық орнын білдіру,
таныстыру;
2) Халық педагогикасын зерттеп, сабақта пайдалану;
3) Орыс тілінде шұбарланған атаулардың баламаларын,
қазақша нұсқаларын зерттеп, ұғындыру.
4) Халықтың ұлттық ерекшеліктерін зерттеп, әдебиетін
дамыту, мәдеиетін кеңінен насихаттау керек.
5) Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді таныту.
Әр сабақ, әр тәрбиелік шара ата салтымыздың неше түрлі
қорларын алуға, жоғалуға айналып бара жатқан жақтарын
еске түсіруге, оларды насихаттауға үлес қосатындай
ұйымдастырылуы керек.
Сабақтың тақырыбы: Ардақта ата-анаңды
Мақсаты;
а) білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты
ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да
парасатты ұл мен қыз болу ға тәрбиелеу;
ә)дамытушылығы; Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың
ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен
берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді
балалар бойына дарыту.
б) тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,
қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, жадынама, анкета.
Әдісі; Интерактивті технология.
Барысы; І.Ұйымдастыру .
ІІ.Тәрбие сағаты.
Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.
Алдамен сүй, ардақты ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата-анасын сағынған
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы,тілегі
Әрқашан да бір арнадан табылған.
1.Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ,
Ойда бар, бақта жоқ
2.Рә міздің бірі
3.Ең бек құралы
4.Ең жақын адам
5.Уақытты немен білеміз?
6.Ырыс алды
ынтымақ
Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?
Ей,перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет,ізет
қылуды мойынға алу ләзім.Себебі баланың түп
негізі ата-ана болып табылады.
Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа
алушы болма.Олар сен үшін өлуге де дайын
тұрады.Сен соны білуің керек.
Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң
да ақыл санаңмен,адамгершілікпен өте.Кімде-кім ата-
анасын разы еткен болса, ол жақсы.Алла тағала
оның өмірін ұзартады.
Борыш-ата-анаға ұстаздар мектебіне қызмет
жасап,әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.
Құ ретті ә ке-шеше атың а кір келтірмеуге ант
етемін!
-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
-Анаңның туған күні қашан?
-Үйдегі адам саны қанша?
-Бауырың неше жаста?
-Үйде ыдысты кім жуады?
-Үйді кім жинастырады?
-Таңертең сені кім оятады?
-Әкеңнің туғ ан күні қ ашан?
-Балаңыздың туған күні қашан?
-Балаңыздың ең жақын досы кім?
-Балаңыздың оқитын кітап- журналдарын
атаңыз?
-Бос уақытын қалай өткізеді?
-Балаңыздың үйдегі сүйікті ісі?
-Балаңыз қай пәнді жақсы көреді?
-Балаңыздың арманы не?
-Балаға үлгі болатын адам кім?
1.Атаға қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
жарайсың
5.Баланың жақсысы қызық ...
6.Ұядан не көрсе,...
7.Қарағайға қарап.....
Отбасына қарап ....
Әлпештеп өзіңдей өсірген Айтары мол ғұлама
Нағ ашы әжеңнің баласы Көп жасағ ан бұл адам
Төріндежалпиып көсілген Әкесі ол әкеңнің
Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім? Білер оны сұрағ ан Ол кім?
Аймалайды күнім деп Атаңның баласы
Мейірімді жүзі күлімдеп Кей кезде таласып
Тәтті-ақ дейді немере Қ аласың әжеге
Бал шырындай үнің деп Ол кім? Білгенің асады кәдеге Ол кім?
1.Бақытты отбасы болудың негізгі шартына
нені жатқызар едіңіздер?
2.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі
басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
3.Баларды өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден ?
4.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,
қатал тәрбиелеген дұрыс па?
5.Отбасында бос уақытты қалай пайдаланасың?
6.Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді,
сіз қалай ойлайсыз?
1.Тоқ сандық қ орытындысы бойынша сіздің
балаңыз бір сабақ тан үшке кетті делік.Сіздің
іс-әрекетіңіз.
2.Балаңыз мектептен жылап келді”мұғалім
мағ ан ұрысты” деп ... Сіз не істер едіңіз?
3.Бала мен бала мектептен шығ ып келе
жатқ анда бір-бірімен төбелесіп қ алды.Ол
бала сіздің балаңыздың өте жақ ын
жолдасы еді.Сіздің іс-әрекеріңіз.
4.Балаңыз -өте жақ сы оқ итын бала.Бір күні
сабақ тан екі алып,мұғалімнің ескертпесі
күнделікке жазылып келді..Сіз не істер
едіңіз?
Ой- толғаныс.Аналарына
гүл ұсынып, тілектерін
айтады.
- Не тәтті ? Ананың сүті
- Не жұмсақ ? Ананың қ олы
- Кім жақ ын ? Тату болса ағ айын жақ ын,
Бауырмал болса, інің жақ ын
-Не қ ымбат ? Алтын ұяң Отаның қ ымбат,
Қ ұт – береке атаң қ ымбат.
Аймалайтын анаң қ ымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қ ымбат.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz