Киімнің адам тіршілігіне маңызы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өнімдері және жеңілөнеркәсіп
бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

Тақырыбы: Киімнің адам тіршілігіне маңызы

Орындаған: Мұратбек Гүлайна, ТК-321

Тексерген: Бауыржанова А.З.

Семей, 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
1.1 Киім туралы қысқаша мәлімет
Негізгі бөлім
2.1 Киімнің пайда болуы,
қолданылуы
2.2 Киімнің қасиеттері
2.3 Заманауи киімнің қасиеттері
Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым,
жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған
ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.
Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі
бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім
тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс
өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім
тігісті және тігіссіз болып бөлінеді.
Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын
лыпа киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни
өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін –
иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда
болды. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады.
Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар
бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий;
солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып;
тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар
теңіз жәндіктерінен киім дайындады.
Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас
айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен
этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер
адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу
үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан
ашылатын қаусырынатын кеуде киім – шапанды
адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік
дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы,
бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі
көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық,
күләпара), балуан, батыр киімдері болған. Жас
ерекшелігіне қарай бала киімі, бозбала киімі,
бойжеткен киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек,
бәйбіше киімі, ақсақал киімдері үлгілерінің әшекейі,
тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді.
Жасы ұлғайған адамның киімі денеге
қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі,
жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола
түседі. Сонымен бірге бақсы киімі, сал-
сері киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі
болады. Әркімнің жеке басында іштік,
сырттық, сулық, бір киер, сәндік және
кейбірінде салтанат, ғұрып киімі
болады. Жасы ұлғайған адамның киімі
денеге қонымды, кең, мол пішілген,
әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым,
кең бола түседі.
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және
қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы
белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз
байланыста болады.Қай заманда болмасын
адамзат алдындағы ұлы мұрат міндеттердің ең
басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты
ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды, білімді,
мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді
адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің
дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере
отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына
ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы
ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы
дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни
сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз
бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке
талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне
білуде өнер.
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең
тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік.
Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне
қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты,
киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын
көзбен қарай алатынының белгісі болып
табылады. Киімді жарасымды етіп пішу
қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз
керек.Сонымен қатар киім адамды қоршаған
ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен
қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет
ететін маңызы бар. Киімнің шығуы адам
еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен
мәдениеттің дамуына тығыз байланысты.
Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
ерекше маталарды қажет ететін өндірістік,
арнайы киімдер, жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен
куроттарға, әскери адамдардың
теміржолшылардың, спорттық деп және тағы
басқа. Киім-утилитарлық және эстетикалық
қызыметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы
әсерден қорғауға арналған бұйымдардың
жиынтығы. Киім сөзімен мағыналас
қолданылатын “Костюм” ұғымы кең мағынаны
қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын
қызметі сан алуан ол ең бірінші қажеттілік
болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын
табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі
зиянды әсерлерінен қорғайды.
Киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі,
төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы,
гигеналық тағы басқада қасиеттері бар. Киімнің
ауа өткізгіштік қасиетті деп адам денесіне
ыңғайлы, суықты, жылыны бірқалыпты ұстауын
айтамыз. Төзімділік қасиеті деп киімнің тозуын
айтамыз яғни киімнің шыдамдылығын, көпке
шыдауын. Мысалға: жуған кезде киімнің оңып,
созылып кетуі, кожа киімдерінің суыққа төзімді
болуы тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы
күннің сәулесінен, ыстықтан, суықтан, шаң
тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау
жатады. Гигеналық қасиеті деп киімнің адам
денесінен бөлініп шығатын тер бөлініп шығатын
заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға
пайдасы өте мол .
Киім қасиеттері ол тікелей матаға және
киілетін орынға байланысты өйткені күн
ыстық кездері ауа өткізбейтін
болғандықтант адамға ыңғайсыздық
тудырады. Киімнің тағы бір қасиетті
жуған кезде тар немесе қысқа болып
қалатындығын ескеген жөн. Көбіне
төзімді киімдерге дженсилік маталардан
тігілген киімдер жатады
Қорытынды бөлім
Стиль – киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым.
Киімге байланысты үш негізгі стильді ажырату ға
болады: классикалық (келісті әрі сәнді); спортты қ
(қозғалысқа, белсенді демалыс пен жұмысқа
қолайлы); романтикалық немесе фантазиялық.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды
«модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді
сәнмүсінге немесе тұлғаға өлшеп жасаған. Алайда
мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан
ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдарды ң
бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, с ән
- мүсінде ол ескерілмейді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Никитина Е.Д. Талғатбекова А.Ж. Киімді
конструкциялау. Астана,2008ж
2. Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді
конструкциялау және тігу тенхнологиясы.-
Астана, 2008ж
3. Сатыбалдинова Б.С. Сәлімбаева М.А. Тігін
өндірісінің технологиясы.- Астана, 2008ж
4. Оралбекова А. Әбдіжаббарова С. Тігін
өндірісінің жабдықтары. Астана, 2008ж
5. Тәкішева Г.Ә Асанова Б.Е Киімді модельдеу
және көркемдік безендіру.- Астана, 2008ж

Ұқсас жұмыстар
Нанотехнологиялар. Ақылды киім
Ересек адамдардың киімдерінің түрлері
Киім дизайнері
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшілігі, баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын талаптар
Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Аяқ-киімге арналған былғары
Спорттық стиль
Киімді көркемдік модельдеу
КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ
Сәнгерлердің мамандануы
Пәндер