Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Презентация қосу
Еліміз тәуелсіздік алғасын, өткенімізге көз жіберу мақсатында бұрын
айтуға тыйым салынған, «жабық» тақырыптардың бірі − Желтоқсан
көтерілісі. Қазақтың қылшылдаған қыз-жігіттерінің көз жасынан
тұратын бұл тақырыпты біраз қаламгерлер өз шығармаларына арқау
еткені белгілі. Р.Нұрғалиевтың, Т.Сәукетаевтың «Ай қараңғысы» атты
романы мен Н.Құнантайұлының «Қараөзек» романы бұл тақырыпты
үлкен прозаға әкеледі.
Әңгіме-повестерде бұл тың тақырыпқа – А.Алтай,
М.Байғұтұлы, Ж.Қорғасбек пен Қ.Түменбайлар түрен салды.
М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» атты әңгімесі оқыс
хабардан басталады. «Жұрнақ көке жынданып кетіпті».
Әңгіме оқиғаны оқушы баланың көзімен суреттеген.
Жұрнақ – желтоқсан қасіретінің құрбаны болған жас
жігіт. Бұл – жоғалған ұрпақтың символы. «Жынды
Жұрнақ адамдарды бір-бірінен айырмайтын, кісі
танымайтын, кімнің кім екенін мүлде білмейтін». Қазіргі
қазақ баласының кейпіне ұқсайды, ана тілін білмейді,
өзі мен жатты, ақ пен қараны ажырата алмайды. Бұл
образ арқылы ұлтсыздану мен жаһандану дертіне
шалдыққан ұрпақ қасіреті бейнеленген. Ұлтының
қасиетін танудан қалып, қазақтықтан аулақ кетіп
барады.
Мұңлық әкенің күйі ол болса, көтеріліске қатысқаны үшін жазықты
болып, жынданған бейшара ұлының күні тіптен мүшкіл еді. Барынан
айрылған, адамзат баласына тән ең ұлы қасиет – санасынан, ақыл-
есінен айрылған, жарым ес атанып, көрінгеннің есігінде қу құлқыны
үшін өлместің күнін кешіп жүр. Қаламгер кезінде оқу озаты болған
Мәскеу оқу орны студентінің бүгінгі мүшкіл халін суреттеу арқылы
тағдыры да, заманы да, солақай саясаты да аямаған жас жігітті туып-
өскен ортасы, кіндік қаны тамған ауылдастары да аяды ма,
мүсіркегендері бір күндік боқ дүниемен теңелгендігін шебер суреттеген.
Жұрнақ жынды бола тұра туған табалдырығына тізерлеп,
кіндік кескен үйіне басын иген қалпы өмірмен
қоштасады. Жалпы шығарманың әлеуметтiк мазмұнын,
жазушы үй, қара шаңырақ мотиві арқылы айқындап
отырады. Демек, қаламгер ұлттық танымға тән мотивтер
мен дәстүрлі символдарды шебер пайдалану арқылы
Желтоқсан қасіретінің қазақтың халықтық рухына
тигізген зардаптарын аша білген.
А.Алтайдың «Прописка» атты әңгімесінің тақырыбы да желтоқсан. Урбанизация
қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға отырудың соры. Қала
қазақты қабылдағысы жоқ. Әңгіме жолға шыққан Арқат есімді жігіттің бір сәт
басынан кешкен драмасына құрылған. Алайда бұл жеке бастың қайғысы емес,
бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауырпалықты таңбалайды. Алтайда
көктем келсе де, бораны басылмай тұрғаны – ол да – тұспал. «Бұландай жігіттер»
деп автор тегін айтып отырған жоқ. Махамбетте «Бұландай ерді кескен күн» деген
өлең жолдары бар. Үш жігіт – желтоқсан құрбандары. Сол боздақтарды
тұспалдайды. Арқат қалаға пропискаға отыру үшін төрт ай қаңғиды. Қала қазақ
баласына өгей шешеден бетер. Абайша айтқанда, бір қайғы мың қайғыны
қозғайды. Ол – қазақ қоғамындағы шындық.
Желтоқсан тақырыбына арнап жазылған қазіргі қазақ әңгімелерінің ішінде
А.Алтайдың «Сібір офицері» атты әңгімесінің түрі мен пішіні бөлек. Көбінесе б ұл
тақырыпта жазылған әңгімелердің көпшілігінің оқиға желісі желтоқсан
зардабынан жапа шеккен Желтоқсанға қатысқандардың өмірін суреттеуге, сол
қанды оқиғадан бір үзік сыр түюге құрылатұғын. Ал, аталмыш әңгімеде жағдай
мүлдем басқаша суреттеледі. Қаламгер қаһарлы суықта қарусыз қайрат
көрсеткен жұртты жаппай қанға бөктіріп, өзін адал сезінетін, совет заманының
азат азаматымын дейтін офицер Бураханның тағдырының тәлкекке ұшырауын
шеберлікпен бейнелей білген. Асқар Алтайдың кейіпкері абақтыдағы өмірді ң
әділетсіз сипатын, кесінді биліктің кесірлі пендесі болып шы ққан адам
болмысының кері өзгерісін суреттейді.
Автор өзінің осы шығармасы арқылы кісенді қоғамның зорлығын,
аңқау офицердің әмірлі биліктің құрбанына айналғандығын: партиялық
бұйрықтың қаталдығын, кеңес саясатының екі жүзділігін көрсеткісі
келген. Отаны алдындағы әскери парызын адал атқарып жатқан кеңес
офицерінің жазықсыз қолын жазалы еткен де – саясат. Кейіпкердің жанын
жегідей жеген де, намысын жер қылған да – «желтоқсан». Бураханның
көзін ашқан да, көңілін басқан да сол желтоқсан деп пайымдайды автор.
Орындады:Сургутанова М.ЖУ-302
Тексерді: Секей Жанбота
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz