Сөйлеу туралы жалпы түсінік




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған:Аманжолова Ж.Е
Топ:ПХ-415
Тексерген:Тезекбаева М.Ж
.
Жоспар:
Сөйлеу туралы жалпы түсінік
Тіл,қатынас және сөйлеу
Сөйлеудің физиологиялық механизмі
Сөйлеудің түрлері
Сөйлеу( орыс. речь, говорение)— адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой
білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске
асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қо ғамда ғы пікір
алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірді ң
мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша
айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім
дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады.
Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі
қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым- қатынас құралы
болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін т үрі
болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік
сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент
Адам баласының сана-ссзімінің
дамуьшда дыбысты тілдің пайда
болуының маңызы зор
болды.Сөйлеудің пайда болуы
нәтижесінде адам организмі
анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс
артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу
аппараты жасалды. Осының арқасында
адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі
дыбыс тіркестерін, тиісті мән-
мағынасы бар сөздерді айта алатьн
қабілетке ие болды. Сөйлеу адам
санасының басты белгісі. Ол бізді
жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп
тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен
сананың пайда болып, біртіндеп
қалыптасуын тек биологиялық
жағдайлардан емес, ең бастысы
қоғамдық-әлеуметтік, тарихи
факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана
мен тіл адамзат қоғамының тарихи
дамуының, олардың іс-әрекетпен
айналысуының, еңбек құралдарын
жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл — адамзат қоғамының
белгілі бір кезеңінде туып,
заңды түрде дамыған
семантикалық жүйе. Оның
ең басты қызметі ақпарат
хабарлардың жасалу,
сақталуымен және оларды
таратумен байланысты.
Тіл адамды қоршаған
шындық өмір туралы білімді
сақтаумен бірге, жаңа білімді
қабылдайтын, сөйтіп,
адамның ойлау процесін
жетілдіріп қамтамасыз ететін
қоғамдық сипаты бар
құбылыс. Тіл адамзат
қоғамының негізгі қатысым
(коммуникативтік) құралы.
Тілдің дыбыстық табиғаты
оның заттық көрінісі
(материалы) болып
табылады.
Тіл үш түрлі қызмет атқарады:

Сөйлеудің коммуникативтік қызметі – тілдік
қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-
бірімен түсініседі;
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі –
адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар
арқылы түсінетін болады;
Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан
хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі
сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс
ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп,
өзгелерге жеткізілу тәсілі.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін
туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да к өп
адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды а қпарат, т әжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас т ұл ғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында
адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен,әжірибемен, біліммен,
дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы ж үзеге
асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген
үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. де ңгейлері болады.
Негізгі қызметі:
1) ақпараттық
коммуникативтік(ақпара
т алмасу және
адамдардың бірін-бірі
тануымен байланысты);
2) реттеуші
коммуникативтік(адамда
рдың іс-әрекетін реттеу
және біріккен әрекетті
ұйымдастыру);
3) аффективтік
коммуникативтік(адамн
ың эмоционалдық
аясымен байланысты
Сөйлеу оның физиологиялық механизмі
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың
нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді
қабылдағанда біз екінші сигнал жүйесі арқылы тітіркендіру
нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар
аламыз. Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс ж әне оның
жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлініп,
олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасқан. Мысалы,
ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналас қан
болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың
белгілі алабының зақымдануына
байланысты. Осындай зақымдану
салдарынан адам сөзінің жүйесі ж әне
бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға
ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты
шарларының белгілі бір алаптары
жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не
түрлі ауруларға ұшырағанда пайда
болады.
Адамның сөйлеу әрекеті түрлі
белгілеріне қарай бірнеше т үрге бөлінеді.
Біріншіден, сөйлеу күрделілігіне, өзінің
психикалық және физиологиялық
механизмне орай, көпшіліктің бірге
қосылып айтатын сөзі – хормен сөйлеу
және қарапайым түрде қайталау болып
отыратын – жаңғырық сөзі болып
бөлінеді. Осы негізде сөздер атаушы
сөздер мен коммуникативті с өйлеу болып
та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы
түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі
бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда,
сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын
активті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын
талап ететін реактивті сөйлеу болып
жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудің тағы бір
түрі қосалқы сөз деп аталады.
Сөйлеудің қосалқы түрі сөйлеудің
қалыпты құрылысын қатаң талап етпесе
де, өздігінен сөйлеу түрі болып
саналады. Төртінші негіз бойынша
сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріне
орай жіктеледі. Осы негізге с үйене
отырып, сөйлеуді сыртқы сөз – дауыстап
естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу деп екі
топқа бөлеміз.
Сөйлеудің адамдар
әрекетінде жетекші қызмет
атқаратын түрі –
коммуникативті сөйлеу. Ол
күнделікті қарым-қатынас
барысында кеңінен
қолданылады.
Монологтық сөйлеу – сөйлеу
әрекетінің кең тараған түрі.
Мұнда айтылуға тиісті ой-
пікір толық сипатталып,
ұзағынан айтылады, әрбір
жайт пен жағдай
тыңдаушыларға жете
түсіндіріледі. Соған орай ол
жүйелі, дұрыс ырғақты,
екпінді, бет, дене
құбылыстары мен қимыл-
қозғалыстар арқылы қажетті
сөздерді өзгелерге жеткізудің
әдіс-тәсілдерін қамтиды.
Диалогтық сөйлеу –
екі немесе бірнеше
адамның
тілдесуі,оқиға мен
болмыс көбінесе,
нақты тақырыпқа
құрылып, әрбір
сөйлем мен сөз
алғашқы айтылған
ойды ұштастырады
Үнсіз (іштей) сөйлеу –
адамның практикалық
іс-әрекеті мен ой-пікірі
жоспарланып, белгілі
жүйеге салынуы. Іштей
сөйлеуде адамның ерні
жыбырлап, тілі
қозғалады, дыбыс
сыртқа шықпайды. Ішкі
сөйлеудің
психологиялық
мәселелері психолог
А.Н. Соколов
зерттеулерінде
қамтылған.
Жазу сөзі – мұны
монологтық сөйлеудің
бір түрі деуге болады.
Жазу сөзі ауызша
сөйлеуге қарағанда, ой-
пікірді кеңінен, жүйелі,
ерікті түрде жеткізеді.
Сөйлеу әрекетін
үйретуді жазба сөзден
бастаған дұрыс. Жазба
сөз мәдениеті жоғары
адам өз ойы мен пікірін
ұтымды, бейнелі, әрі
түсінікті етіп білдіре
алады
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ә.Алдамұратов “Жалпы
психология”Алматы 1996ж
С.Бап-баба “Жалпы психология”Алматы
2005ж
Қ.Б.Жарықбаев “Жантану
негіздері”1996ж

Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Сө йлеу туралы жалпы тү сінік
Әліппеге дейінгі кезең
Тілдің функциялары
Тіл білімі және оның объектісі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
Мұғалімнің сөйлеу техникасы
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Есту қабілетін дамыту
Пәндер