Зейнетақы нарығы


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы:Зейнетақы нарығы

Орындаған:Базарбаева А. Б

Тексерген: Нурмадиева Г. Д

Slide 2

Егер шет елдердің зейнетақы жүйесіне жүйелі түрде назар аударатын болсақ, олардың көпшілігінің зейнетақы жүйесін дер кезінде жаңғыртып отырғанын байқаймыз. Мәселен, АҚШ, Дания, Финляндия, Франция сияқты дамыған елдер­дегі зейнетақының жоғары болуы зейнетақы жинақтау жүйеле­рінің ұдайы жаңғыртылып отыруының нәти­жесі екен, ал әлемдік тәжірибе­лерге көз жүгіртетін болсақ, жер планетасындағы тұрғындардың 40 пайыздайы дәл осы - зейнетақы жинақтау жүйесіне тұрақты түрде қатысатын көрінеді. Ал енді кейбір елдердегі бұл көрсеткіш бұдан да жоғары.

Slide 3

Мысалы, АҚШ пен Еуропада

бұл көрсеткіш 80 пайыздың шамасында болса,

Азия мен Африка елдерінде мүлде

керісінше - 5 пайыздың айналасында ғана.

Алпауыт Америкадағы

қарапайым зейнетақы

шамамен1200 АҚШ

доллары төңірегінде.

Дәлірек айтатын

болсақ, орташа айлық

еңбекақының 50 пайызы

мөлшерінде.

Осы жерде тағы бір ескере

кететінең бір өзекті мәселе,

жалдамалы жұмысшылар

мәселесі. АҚШ-тағы

жалдамалы жұмысшылар

зейнетақы қорына айлық

еңбекақысының 7, 5 пайызы

мөлшерінде жарна төлеп

отыратын болса, осынша

пайызды олардың жұмыс

берушілері де төлейді.

Ал жалдамалы

жұмысшылар

санатына жатпайтын

кәсіпкерлер, адвокат пен

суретші дегендер өздері

үшін толық жарна, яғни,

15 пайыз көлемінде

жарна аударып отырады.

Slide 4

Жапонияда зейнетақы

екі

бөлімнен тұрады

Базалық, яғни зейнет

жасына жеткендердің барлығына

берілуге кепілдік беретін

тиісті зейнетақыдан

Жұмысшылар мен

жұмыс берушілер

бірдей мөлшерде

жарна төлейтін

еңбек зейнетақысы

Бұл елдегі зейнетақы мөлшері айлық еңбекақының 60 пайызын құрайды.

Slide 5 Slide 6

Халқының саны сағат сайын емес, секунд сайын өсіп жатқан біздің күн шығыстағы көршіміз - Қытай Халық Республикасында зейнетақы мәселесі мүлде керісінше, өзекті мәселенің өзектісі болып саналады. Экономикалық тұрғыдан алып қара­ғанда, әлем елдерінің алдына шығып кеткен осынау бір жарым миллиард Қытай тұрғынын зейнетақымен қамтамасыз ету, шынында да, оңай емес көрінеді.

Бұл елде «зейнетақы» деген түсініктің өзі соңғы бірнеше жылдан бері ғана жергілікті халықтың санасына сіңіріліп, қалыптаса бас­таған.

Сонымен бірге, бұл елдегі ауыл тұрғындары үшін «зейнетақы» деген ұғым - мүлде жат ұғым. Яғни, ауылдық жерлердегі елді мекендердің халқы зейнетақы алу дегенді мүлде білмейді.

Slide 7

Ашығын айтқанда, Шығыс Еуропаның кейбір елдеріндегі

зейнетақы мөлшері жаңа дамып келе жатқан

біздің еліміз үшін әжептәуір салиқалы болып

есептелгенмен (150-300 еуро төңірегінде), олардағы

өмір сүру қымбатшылығы

«мемлекеттік зейнет­ақыны» жұмырына жұқ қылмай,

жылдам «жеп қойып» отырады. Мәселен, Венгриядағы

зейнетақы мөлшері

айлық еңбекақының 40 пайызы шамасында болса,

бұл көрсеткіш Ресейде небәрі 27 пайыз деңгейінде ғана.

Slide 8

Шындығына келгенде, әлемнің барлық елдеріндегі Мемлекеттік зей­нетақы жүйесі зейнет жасына жеткен азаматтардың қарапайым болса да, жап-жақсы өмір сүруіне мүмкіндік береді екен. Дамыған елдердегі мем­лекеттік емес зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерінің орташа алғанда, 20 пайызын қамтамасыз ететін болса, Чехия, Польша, Венгрия, Словакия сияқты елдерде бұл көрсеткіш не бары 5 пайыздың төңірегінде ғана.

Slide 9

Назар

аударғаныңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы
Орталықтандырылған қаржылар Орталықтандырылмаған қаржылар
Валюта нарығы түрлері,кезеңдері
Қаржы нарығының құрамдас бөліктері
Қазақстан қор биржасының даму тенденциялары
Инвестициялық портфельдің құрамы мен құрылымы бойынша тұсаукесері
Бағалы қағаздар нарығы
Әлемдік бағалы қағаздар нарығы
Еңбекпен шұғылданбаған жұмыссыздар
Қаржы нарығының міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz