Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау


Slide 1

Орындаған: Жуванышева А.

Эн-401

Статистикалық

мәліметтерді

жинақтау және топтау

Slide 2

Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтар тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру керек.

Статистикалық жинақтау - бастапқы материалдарды, белгілі бір жүйе бойынша орындалатын нәтижелік есептер көмегімен, ғылыми түрдегі жалпылау.

Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты - бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Slide 3

Статистикалық мәліметтерді жинақтау

Жай жинақтау

жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау.

Күрделі жинақтау

бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.

Slide 4

Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:

1 тәсіл

2 тәсіл

Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.

Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.

Slide 5

Мәліметтерді жинақтау тәсілдері

Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау

электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі.

Қолмен жинақтау

Машинамен жинақтау

Slide 6

Сонымен, статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Slide 7

Статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз қоғамдық процестер мен құбылыстарды белгілеріне, ұқсастықтарына, түрлеріне, үлгілеріне қарай бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу.

Топтаудың мақсаты-жинақталған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілерге қарай іріктеу, қанша топқа бөлу керектігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу.

Slide 8

С

Т

А

Т

И

С

Т

И

К

А

Л

Ы

Қ

Т

О

П

Т

А

У

Біртиптік топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.

Біртиптік топтаудың мақсаты - біртектес топтарды, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау.

Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді.

Құрылымдық топтау мақсаты - біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру.

Талдаулық топтаудың негізгі мақсаты - жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін, себептерін зерттеу болып табылады. Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстардың өзгергенін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшының мамандық дәрежесін жоғарлату себептік белгі болып табылса, ал оның салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.

Slide 9

Бір белгіге қарай топталған топтар - жай, ал екі немесе одан көп белгілер бойынша бір-бірімен сәйкес топтарға бөлінсе комбинациялық деп аталады.

Топтау белгілерінің түрлері. Топтау атрибутті (олар құбылыстың сапасын сипаттайды және мөлшердік сипаты болмайды) және мөлшердік (бұл құбылыс өзгермесі санмен беріледі) маңызды белгілер негізінде жүргізіледі. Бірінші жағдайда топтар санын белгі сипаты анықтайды, ал екіншісінде - қандайда бір зерттеудің нақты міндеттері.

Slide 10

Таксономия. Статистикалық бақылау нәтижелерін топтау айтылғанмен қатар бейнелерді тану теориясының көмегімен жүргізіледі. Бұл жағдайда топтар (таксондар) арнайы әзірленген алгоритмдер негізінде құрылады. Бұл әдіс көп өлшемді объектілерді жіктеу үшін ең ыңғайлы болып келеді.

Slide 11

Қайта (кейінгі) топтау. Егер бастапқы статистикалық материалдарды топтау топтар саны жағынан немесе мәліметтерді салыстыру жағынан зерттеу мақсаттарын қанағаттандырмаса, онда қайта (кейінгі) топтауды жасайды.

Жаңа топтар құрылуының екі тәсілі ажыратылады:

1) бастапқы топтау интервалдарын өзгерту;

2) жиынтықтағы бірліктердің анық үлесін белгілеу.

Slide 12

Статистикалық кесте - ол зерттелетін қоғамдық құбылыстардың цифлі сипаттамаларының талдауы мен мазмұндамасының рационалды түрі.

Статистикалық кестеде бастауыш (зерттеу объектісі) және баяндауыш (зерттеу объектісін сипаттайтын сандық көрсеткіштер) ажыратылады.

Бастауыш сипаты бойынша статистикалық кестелер келесілерге бөлінеді:

жай

(оларға тек объектілер тізімі кіреді) ;

топтастырылған

(оларға қандайда бір белгісі бойынша құрылған топтар кіреді) ;

Күрделі немесе комбинациялық

(оларға қандайда екі немесе одан көп белгілері бойынша құрылған топтар кіреді) .

Slide 13

Комбинациялық кестелерде мәліметтер жиынтығы бір емес бірнеше белгілер бойынша бөлінеді. Кесте тұрпатын таңдау оның құрастыру мақсатына байланысты. Егер кестелер жоспарлау және басқару үшін қолданылатын болса, олардың құрамында жоспарлау мен басқару жүргізілетін бөліктер бойынша мәліметтер болуы керек. Мұндай мақсаттарға көбінесе топтастырылған жай кестелерде қолданылады. Егер зерттелінетін объектіні тереңірек зерттеу керек болса, онда топтастырылған және комбинациялық кестелер қолданылады.

Жай кестелерде әдетте әртүрлі ұйымдар бойынша танымдық мәні бар деректер орналасады: кәсіпорындар, құрылыстар, мекемелер, министрліктер және т. б.

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ
Статистикалық кестелер
СТАТИсКАЛЫҚ мәліметтерді топтау, жинақтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау,топтау және түрлері
Статистикалық мә ліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Статистикалық мә ліметтерді жинақ тау, топтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру
Статистикалық мә ліметтерді жинақ тау, топтау жә не кесте құ ру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz