Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Бекенов Нұрсұлтан Сырымбетұлы Тексерген: Билялов Ермекқазы Ережепұлы
Семей-2015ж
Тақырыбы:Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

ЖОСПАР:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
2. 1 Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
2. 2 Клиникалық терминологияның құрылымы
2. 3 Клиникалық терминологияда жиі қолданылатын жұрнақтар
2. 4 Ережеден тыс қабынулардың атаулары
2. 5 Ерекше клиникалық сөйлемдер
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

КЛИНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЛАТЫН ТІЛІНДЕГІ ДӘРІПТЕЛУІ
(грекше Klinike - дәрігерлік құру өнері, науқас адамды күту) . Оған әртүрлі клиникалық мамандықтарының, патологиялық анатомия және патологиялық физиология сияқты ауруды зерттейтін пәндердің терминдері жатады. Ол ең алдымен терапиялық терминдер (грекше therapia - күту, емдеу) және хирургиялық терминдер (chеir - қол + ergіа - жұмыс, әрекет), ауру атаулары, патологиялық процестер мен жағдайлар, ауру белгілері, операция атаулары, зерттеу әдісі мен емдеу жолдары, медициналық құрал-жабдықтар т. б. Клиникалық терминология - ол ауруларды зерттеу және ауру тарихын жазу барысында оқулықтар мен анықтамаларда кездесетін мыңдаған атаулар. Осы медициналық терминология жүйесінде латын тілін қолдану шарт емес. Клиникалық терминдерді қолдану барысында аурудың қазақ тіліндегі атауларымен қатар олардың латынша баламалары да қолданылады: Жарық (hеrnia), сынық (fractura), қатерлі ісік (carcinoma) т. б. Сонымен қатар клиникалық терминологияда арнайы латын терминдері баламасыз қолданылады: Мыс. : status praesens т. б. Көне грек тілінің сөзжасамымен клиникалық терминология курсын оқу барысында танысасыздар.

Клиникалық терминологияның құрылымы
Клиникалық терминдер өзінің құрылысына қарай төмендегідей болуы мүмкін: А) жай КТ - бір түбір мен жалғаудан тұрады: мыс. : coma, atis n; ulcus, eris n. Б) туынды КТ - жұрнақ арқылы зат есімнен сын есімге айналған, мыс. : comatosus, a, um; ulcerosus, a, um В) күрделі КТ - екі немесе одан да көп түбірден құралған мыс. : dermatologia, cardiodystrophia. Г) КТ-сөз тіркестері үш түрлі болуы мүмкін: 1. қиысқан анықтауышы бар термин -pneumonia chronica, 2. қиыспаған анықтауышы бар термин - cancer pulmonis, 3. аралас термин - fractura transversa claviculae.

КЛИНИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯДА ЖИІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖҰРНАҚТАР
-osis жұрнағының екі мағынасы бар: 1. Егер түбірінде тін, дене мүше білдіретін ТЭ берілген болса жалпы мағынасы «патологиялық процесс, созылмалы зақымдануы» Мысалы: нефроз - бүйректің созылмалы зақымдануы, психоз - психиканың бұзылуы, токсикоз- улануы, артроз -буындардың зақымдануы. 2. Егер түбірінде жасуша немесе ісік білдіретін ТЭ болса, -osis жұрнағының мағынасы көбею болады. Мысалы: лейкоцитоз - лейкоциттің көбеюі, фиброматоз - талшықты ісіктерінің көбеюі. -osis жұрнағы арқылы құралған зат есімдер ІІІ септеу femininum род түріне жатады. Мыс. : arthrosis, is f., leucocytosis, is f -itis жұрнағы қабынуды білдіру үшін қолданылады. Мысалы: гастрит-gastritis- асқазанның қабынуы, нефрит - nephritis бүйректің қабынуы. -itis жұрнағы арқылы құралған зат есімдер ІІІ септеу femininum род түріне жатады.
Мыс. : nephritis, itidis f. -oma жұрнағы органдар мен тіндердің ісігін білдіреді. Мыс. : остеома - osteoma - сүйектің ісігі. Ісіктердің атаулары ІІІ септеу neutrum род түрінің зат есімдері.

Pneumonia, ae f - өкпе қабынуы
Angina, ae f - баспа, бадамша бездің қабынуы
Panaricium, i n - саусақ тырнағының қабынуы, күбіртке
Phlegmone, es f - шелдің іріндеп қабынуы
Empyema, atis n - мүше қуысында іріннің жиналуы
Furunculus, i m - түкті қаппен тер безінің қабынуы, шиқан
Ережеден тыс қабынулардың атаулары

Ерекше клиникалық сөйлемдер
habitus aegroti - аурудың жалпы түрі status praesens - қазіргі жағдай exitus letalis - өліммен аяқталатын жәйт facies Hippocratica - Гиппократ кейпі symptomata inflammationis sunt: rubor, - қабынудың белгілері: қызаруы, tumor, calor, dolor et functio laesa ісінуі, қызуы, ауру сезімі және қызметінің бұзылуы prognosis dubia - күмәнді болжам prognosis mala - жаман болжам prognosis pessima - нашар болжам prognosis letalis - өлім болжам prognosis bona - жақсы болжам prognosis optima - өте жақсы болжам foeter ex ore - ауыздан шыққан жаман иіс.

ҚОРЫТЫНДЫ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz