Педагогтың кәсіби өзін – өзі тануы және өзіндік дамуы туралы ақпарат


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Педагогтың кәсіби өзін - өзі тануы және

өзіндік дамуы

ОРЫНДАҒАН: Хаметова. М. Ж Е - 415 топ ТЕКСЕРГЕН: Жакпарова. Г. А.

Slide 2

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Slide 3

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін - өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А. Дистерверг, К. Ушинский, А. Макаренко, В. Сухомлинский, т. б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнерідей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Slide 4

Обьективті критерийлер

Субьективті критерийлер

Нәтижелі критерийлер

Шығармашылық критерийлер

Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т. б жататындығын атап өтеді.

Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби - педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады

Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қатынасын дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.

Slide 5

Қазіргі мұғалім:

Қазіргі оқушы:

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақты, білімі қажет.

Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Іздемпаз, талапты:

Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Slide 6

К. Д. Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.

Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады.

Сынып жетекшісі ата - ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым - қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.

Slide 7

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;

Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың

Дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.

Slide 8

Мектеп балаларымен жұмыс істеу - ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:

Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;

Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;

Игерілген нәтижелерді бақылау.

Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді.

Slide 9

Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.

Дарынды оқушының ақыл - ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

Жан - жақты ақпараттандыру;

Коммуникативті бейімдеу;

Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін - өзі жарнамалауына көмек көрсету.

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс - тәжірибелерінде пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ.

Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;

Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;

Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;

Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек:

Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;

Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

Slide 10

Тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:

Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;

Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;

Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;

Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.

Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:

Сауалнама

Тест: психологиялық, пәндік

Кесім алу

Бақылау жұмысы

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы»
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайында
Педагогтың өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы және өзіндік дамуы
Педагогтың кәсіби өзінөзі тануы және өзіндік дамуы
Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес белгіленген құзіреттіліктер жүйесі бойынша анықталған тәрбиеші моделі
ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫ
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы ақпарат
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz