Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Орындаған: Әлихан Ерқанат Тобы: Т-411 Семей, 2015

Slide 2

Отбасылық тәрбие

БАЛА

Стихиялы тәрбие

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?

Slide 8

Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.

Slide 9

Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналар арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.

Slide 10

Үндістан балалары. Үнділер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ер жеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.

Slide 11

Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.

Slide 12

АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейльге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.

Slide 13

Салт дегеніміз - халықтың кәсіп, сенім, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын дәстүрдің бір түрі. Ұлттық дәстүр дегеніміз - тарих барысында қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мінез-құлық қалыптары. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т. б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т. б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.

Тұрмыс - салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.

Slide 14

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.

Жеті қазына Жеті ата Жеті жұт

Ер жігіт 1. Бала 1. Құрғақшылық

Сұлу әйел 2. Әке 2. Жұт (мал қырылу)

Ақыл, білім 3. Ата 3. Өрт

Жүйрік ат 4. Арғы ата 4. Оба (ауру)

Қыран бүркіт 5. Баба 5. Соғыс

Берен мылтық 6. Түп ата 6. Топан су

Жүйрік тазы (ит) 7. Тек ата 7. Зілзала (жер сілкіну)

Slide 15

Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі: халық педагогикасы - қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі - халықтық педагогика. Халықтық тәлім- тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы, берері орасан зор. Әсіресе, тәрбиелік шараларды түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің ізденісіне байланысты болмақ. Негізгі мақсат-тәрбиенің ұлттық жаңа үлгісін жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру.

Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата - бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін тәрбие сағаттарымызда мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді шара сайын жүргізсек.

Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағатының үлгісі
«Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану»
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану;халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар .(Отбасындағы бала тәрбиесі)
Бала тәрбиесінде қолданылатын халықтық ұстанымдар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар,қанатты сөздер
Баланың жағымды мінез - құлқы
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. Бесік. Бесікке бөлеу
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (экологиялық тәрбие)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz