Жаздық бидайдың морфологиясы, өсіру технологиясы және агроэкологиялық негіздері (Оңтүстік Қазақстан мысалында)


Slide 1

Бидай өндіру технологиясы.

Морфологиясымен танысу.

Slide 2

Орындаған:Сембаева Г. С

Тобы:Ж-405

Тексерген:Татенов. А. Б

Slide 3

Жоспар :

1. Жаздық бидай халық шаруашылығындағы маңызы

және биологиялық ерекшелігі

2. Бидайдың жалпы сипаттамасы.

3. Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері.

Slide 4

Оңтүстік Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында жаздық бидай негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоритивті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайдың агротехникалық ролі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, жалпы өнімі артады. Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік ( агроэкологиялық ) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи зкологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын- шашын мөлшері, оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т. б. ) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек.

Кіріспе

Slide 5

Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-жетілу кезеңін-тыныштық күйін- өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтант дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді. Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді.

бидайдың шаруашылықтағы ерекшеліктері

Slide 6

Бидайдың өсу кезеңдері

Slide 7

Бидайдың жалпы сипаттамасы. Бидайдың шыққан жері - алдыңғы Азия орталығы - қазіргі Иран, Аравия аумактары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан ( Греция, Италия ) қатты бидай шыққан.

И. С. Сүлейменовтың (1973) қортындылауынша Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834ж. өсіріле бастады. ХIХ ғасырда ол қазіргі Қостанай, Ақмола ж. б. облыстар аумақтарында себілген, ал ХХ ғасырдың басынан республикадамыздың барлық жерлерінде өсірілуде.

Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн. га. шмасында, екпе дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай қатты және жұмсақ болып бөлінеді.

Slide 8

Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері.

Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған.

Сабағы - сабан ( буынаралықтары 5-8 ), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді.

Жапырақтары- сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың тақтағы ауысар жерінде тілше ( түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады.

Гүл шоғыры- масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы бөлігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді /3-5 гүлден тұрады/. Агрономның міндеті- мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыруы.

Жемісі- дән, ол үш бөліктен - қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді.

Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20, 29, 30.

Slide 9 Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидайды өсіру технологиясы: морфологиясы, биологиясы және агротехникасы
Жаздық бидайды өсіру, күтіп-баптау және жинау ерекшеліктері
Ноқат дақылының биологиясы, өнімін жоспарлау және Оңтүстік Қазақстан жағдайындағы өсіру технологиясы
Қауын: өсіру технологиясы, морфологиясы және сорттары
Қазақстандағы жаздық жұмсақ бидайдың таралуы, морфо-биологиялық қасиеттері және өнімділік-экономикалық бағалау
Мақта өсіру технологиясы: морфологиясы, сұрыптары және агротехникалық шаралар
Майбұршақтың шығу тегі, морфологиясы және өсіру технологиясы
Оңтүстік-шығыс Қазақстанда май бұршақ өсіру технологиясы және жоғары өнім алу шаралары
Петуния (Шырайгүл): морфологиясы, өсіру технологиясы және көгалдандырудағы маңызы
Райхангүл (Ziziphora): морфологиясы, таралуы және өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz