Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері



Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Жуванышева А
Эн-401

Мазмұны:
Біртұтас есеп жүйесі және статистика
Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы
Мемлекеттік ұлттық статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері

Шаруашылық есеп жүйесі
Бухгалтерлік есеп -шаруашылық жұмысын алғашқы құжаттар негізінде бірыңғай, үзіліссіз құжаттық көрінісін береді. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
Оперативтік - техникалық есеп маңызды шаруашылық операциялардың орындалу барысы туралы мәлімет береді, кәсіпорынның бүкіл шаруашылық жұмысын қамтымайды, тек қана жеке цехтар мен бөлімшелерді күнделікті жұмыс процесінде қажет болып қалған мәліметтерді беріп отырады.
Статистикалық есеп сапасы мен түрлері жағынан бір тектес көріністер мен процестерді бақылап отырады.

Статистика экономикалық жағдайы жөнінде, жұмыс күшінің қозғалысы жөнінде (жұмыссыздар саны және деңгейі), қалыптасқан нарықтық бағаларды, халықтың жасына, мамандығына қарай топтастырылған саны және т. б. көрсеткіштер жөнінде ақпараттарды жинақтап отырады. Осы мақсатта статистика - бухгалтерлік есеп пен оперативтік есептердің ақпараттарын қолданады.

Операциялық - техникалық есеп кезінде мәліметтерді телефон арқылы да, телефакс арқылы да, ауызша да бере береді. Оперативтік - техникалық есептің көрсеткіштері тек қана кейінгі жағдайларда есеп беруге қажет болса ғана пайдаланады. Бұл есептің сонымен қатар оперативтік - өндірістік, оперативтік-сауда және т. б. түрлері бар.

Бух. есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау.
Бух. есептің негізгі бағыты кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есеп жұмысының барысында толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

1930 жыл
статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен біріктіріледі және онда ол халық шаруашылық есеп бөлімі болып құрылады
1931 жыл желтоқсан
Жоспарлау комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық есеп басқармасы болып қайта құрылады.
1941 жыл
Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгертіледі
1948 жыл
Қазақстан Республикасы Министрлер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта құрылады.
Қазақстанда статистика органы тұңғыш рет 1919 жылы Далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары туралы есеп-қисап жүмыстарының дұрыс жүргізілуіне, ондағы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығына, ақиқаттылығына және әдістемелік біркелкілігіне Орталық статистика басқармасы жауапты.
Сонымен қатар халық шаруашылығы салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап және талдап, оны дер кезінде басшы орындарға беріп отырды.

1987-жылы тамыз айында Орталық статистика басқармасы «Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті» болып өзгертілді.
1995-жылы статистика органына республикада болып жатқан қоғамдық құбылыстармен процестерге талдау жасау жұмыстарының жүктелуіне байланысты "талдау" сөзі қосылды. «Қазақстан Республикасының статистика жәнеталдау жөніндегі мемлекеттік комитет» болып өзгертілді. Оның құқықтығы мен міндеттері Қазақстан Республикасы, Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы бойынша бекітілген Ережеде анықталған.

1996-жылы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің, жариялығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды және статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау жұмыстары бірыңғай талаптарға сай ортақ бағдарлама мен әдістеме бойынша жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі елдің мемлекеттік статистикасына басшылық ететін, оның бүкіл аумағында статистикалық қызметтің мазмұны мен сипатын айқындайтын, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жайы мен үрдісін сипаттайтын қажетті статистикалық және экономикалық деректер деген мұқтажын қанағаттандыратын және халықаралық деңгейде статистикалық деректердің ақиқаттылығы мен әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы атқарушы өкіметінің орталық органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері:
статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау, статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі және жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz