Шемен
Презентация қосу
Ісіну және
шемен
Шемен
Шемен – организмдегі көптеген
күрделі, жалпылай және жекелей
бұзылудың белгісі. Қабыну
салдарынан жиналған іріңдіктен
– экссудаттардан (қабынып ісіну,
экссудативтік плеврит,
перитонит т.б.) шеменді
ажырата білу қажет.
Шемен
Ісіну сұйығы Тері және тері асты
организмнің бүкіл клетчаткаларының
ісінуін – жекелей
тканіне сорылған шемен дейді.
жағдайда жалпы
шемен дейді.
Шемен этиологиясы.
Жалпы шемен.
Жалпы шемен сұйықтың қаннан
(лимфадан) тканьдерге және қуыстарға
көптеп келуінен өршіп, әр түрлі
органдарды (жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе,
құрсақ, ірі тамырлар т.б.) ауыр
сырқатқа, сондай-ақ қатерлі ісікке және
зат алмасудың тұтастай бұзылуына
ұшыратады.
Жалпы шеменде организмдегі бір немесе
бірнеше органдар ауыр дертке ұшырайды.
Жекелей шемен
Жекелей шемен веноздық
тамырларды (ісіктер, дәнекер тканьді
тыртықтар т.б.) шектеулі жаншу
түрінде қоздырады. Қан
тамырларының кенересі мен қызыл
қан құрамының өзгеруінен, сондай-
ақ қан мен тканьдерде улы заттар
мен тұздардың іркілуінен де шемен
пайда болуы мүмкін.
Ісіну
Ісіну деп, сұйықтың тканьдерге және
ткань аралығындағы қуыстарға
патологиялық жиналуын және іркілуін
айтады. Сұйық клетка ішінде де іркілуі
мүмкін. Мұны клетка ішіндегі ісіну деп
атайды.
Ісіну кезінде ткань көлемі ұлғаяды, оның
созымдылық қасиеті, температурасы
кемиді. Ісінген тканьді немесе органды
басқанда біраз уақыт ойық пайда болады.
Ісінудің пайда болу механизмі
Тамырлар мен тканьдердегі сұйықтың
алмасуы капиллярлар кенересі арқылы
өтеді. Бұл кенерені жартылай өткізетін
биологиялық мембрана ретінде
қарастыруға болады, өйткені ол екі
бағытта суды, электролитті, кейбір
органикалық қосылысты (мочевина)
іркіліссіз өткізеді, бірақ белоктарды іркіп
қалады.
Ісінудің дамуы мынадай
факторлармен айқындалады:
1. Плазманың коллоидтық-осмостық қысымының
кемуі;
2. Капиллярлардағы қысымның артуы;
3. Капиллярлар кенересінің өткізгіштігінің артуы ;
4. Клетка аралығындағы сұйықтың коллоидтық-
осмостық қысымының артуы;
5. организмде судың және хлорлы натрийдің
бөлінуінің азаюы және олардың көптеп келуі;
6. Қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылуы;
7. Нерв-эндокринді жүйелердің бұзылуы және т.б.
Ісінуді жіктеу
1. Іркілу ісінуі.
2. Бүйрек ісінуі (нефроз және нефрит).
3. Уытты ісіну.
4. Қабыну ісінуі.
5. Кахексиялық ісіну.
6. Эндокринді ісіну.
7. Невроздық ісіну.
Іркілу ісінуі
Іркілу ісінуі веноздық қан айналысы бұзылған
кезде және лимфа тамырларынан лимфа
бөлігінде пайда болады.
Бұл ауру жүрек жетімсіздігінде, веноздық
қысымда және қан іркілісінде өршиді. Алдыңғы
қуыс венада қысымның көтерілуі лимфа
тамырларын тарылтып, лимфатикалық
жетімсіздікке ұшыратады да, ісікті одан әрі
өршіте түседі. Малда ісік жамбас және кеуде
учаскелерінің төменгі тұсындағы тері асты
клетчаткаларында байқалады.
Бүйрек ісінуі
Бүйрек ісінуі бүйрек ауруларында (нефроз
және нефрит) пайда болады.
Нефроздық ісінудің пайда болуына бірқатар
факторлар қатысады. Нефроз кезінде қанда
белок мөлшері, сонымен қоса хлорлы натрийдің
бөлінуі де азаяды. Соның салдарынан қан
қысымы кеміп, онда белок мөлшері азаяды.
Нефриттік ісінудің басты ерекшелігі – ткань
аралығындағы сұйықта белоктың өте көп
болатындығы және тканьдердің гидрофильділігі
артатындығы. Нефрит кезінде су мен тұздың
іркілетін себебі, гипофиздің антидиуретикалық
гормонының көп бөлінуінен болуы мүмкін.
Уытты ісіну
Уытты ісіну әр түрлі улану кезінде
(фосгенмен, хлормен, дифосгенмен,
хлорлы аммониймен т.б.), сондай-ақ
көптеген улы заттардың жекелей
әсер етуінен өршиді. Мәселен, хлорды,
фосгенді, әсіресе дисфосгенді ауамен
жұтқанда өкпе ісінуі, ал теріге
иприт, люизит және басқа заттар
әсер еткенде – тері ісігі пайда болады.
Қабыну ісінуі
Қабыну ісінуі көптеген ауруларға
ұшыратып, әсіресе қан айналысын, зат
алмасуды бұзып, қабыну ошағында
нервтік-трофикалық өзгеріс тудырады.
Қабыну ісігінің өршуіне тканьдердегі
осмостық және онкотикалық қысымның
артуы, қанның іркілуі және тамыр
кенересінің өткізгіштігінің артуы ықпал
етеді.
Кахексиялық ісіну
Кахексиялық ісіну созылмалы ауыр сырқаттан
(инфекциялық, қан аздық, қатерлі ісік т.б.)
организм жүдегенде, сондай-ақ ашыққанда пайда
болады.
Мұндай ісіктің пайда болуына әр түрлі себептер
әсер етеді: қан плазмасының онкотикалық
қысымының әлсіреуі, гипопротеинемия және
қанда альбуминдердің кемуі, капиллярлар
кенересінің өткізгіштігінің артуы, ткань
тонусының кемуі, жүрек-тамыр жүйелерінің,
жүрек қызметінің әлсіреуі, артериалдық
қысымның төмендеуі, қан ағысы
жылдамдығының баяулауы, тканьдерге натрий
иондарының жиналуы салдарынан онда осмостық
қысымның күшеюінен.
Эндокринді ісіну
Эндокринді ісіну кейбір ішкі
секреция бездерінің функциясы
бұзылғанда білінеді. Мәселен,
гипотиреоидтық ісік (кілегейлі
ісік - микседема) қалқанша без
функциясы әлсірегенде пайда
болады.
Невроздық ісіну
Нефроздық ісіну нерв жүйелері,
оның трофикалық функциясы
бұзылғанда пайда болады.
Аллергиялық ісік (қан сарысуы
ауруында, есекжемде т.б.) деп
аталатын да патогенезі жағынан
невроздық ісікке жатады.
Ісінудің организм үшін мәні.
Алуан түрлі ісіктің даму механизмі
көп жағдайда ортақ, сондықтан
ісіктерді нағыз патологиялық
процеске жатқызуға болады. Кез
келген патологиялық процесс
секілді, ісіктің де зақымдайтын,
сондай-ақ қорғанып-бейімделетін де
қасиеті болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz