Адам денесінің дұрыс пішіні




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өнімдері және жеңілөнеркәсіп
бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

Тақырыбы: Адам денесінің дұрыс пішіні

Орындаған: Мұратбек Гүлайна, ТК-321

Тексерген: Бауыржанова А.З.

Семей, 2015 жыл
Жоспар

• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• Басты өлшемдер
• Дене пропорциясы
• Дене бітімінің формасы
• Қорытынды бөлім
Адамның тұлғасын дұрыс түрде елестету
үшін және киімнің пропорциясын табу үшін
суретшілер дене бөлімінің ара – қатынасын
білуі қажет. Адам денесінің сыртқы
формасы әртүрлі және ол бірінші кезекте
антромарфологиялық дене бітімімен
анықталады. Сонымен қатар дене
формасымен сыртқы рельефіне тамақтану,
жасы, өмір сүру салты, мамандығы тағы
басқалары әсер етеді. Адамның сыртқы
тұлғасын білу үшін пластикалық анатомия
ғылымымен айналысу қажет. Киімді
құрастыру үшін адамның тұлғасының
бірнеше морфологиялық қасиеттеріне
тоқталу керек. Бұндай қасиеттерге басты
өлшемдер, пропорциясы, дене бітімінің
формасы жатады.
Басты өлшемдерге санмен айқындалатын: дененің ұзындығы,
кеуде айналымы және дене массасы жатады. Дене ұзындығы
бірінші қасиеттердің бірі болып табылады. Әйелдердің бойы
16 – 18 жасқа дейін өсу кезеңінде болады. Әйелдің орташа
бой ұзындығы – 154 см. Әйелдердің дене ұзындығының
тұрақтылығы 40 – 45 жасқа дейін сақталады, ол одан кейін
әрбір бесжылдықта 0,5 – 0,7 см кішірейеді екен. Кеуде
айналымының тұрақтылығы 18 – 20 жаста қалыптасады.
Жас келе кеуде ауқаның дамуына, бұлшықеттер мен тері
асты майлы қабаттарға байланысты үлкейеді. Ал 60
жастан кейін сәл кішірейуі мүмкін. Әйелдердің кеуде
айналымы әдетте 72 –ден – 130 см – ге дейін барады. Егерде
осы көрсеткіштерден ауытқыса патологиялық болып
табылады. Әйелдердің орташа дене салмағы 56 кг болады.
Организмі қалыпты жағдайдағы әйелдер салмағы 25 – 40
жас аралығында байқалады. Ал 40 жастан кейін қалыпты
салмаққа салмақ қосу процесі басталады. Бұл процесс 60
жасқа дейін жалғасуы мүмкін.
Кеуде айналымы, дене ұзындығы және
дене салмағының сәйкес келуі адамның
сыртқы тұлғасының белгілі бір
дәрежедегі көрінісін береді. Кеуде – ең ірі
дене бөлігі. Ол көкірек клеткасының
формасымен иық, арқа және көкірек
безімен анықталады. Көкірек
клеткасының формасы үш түр арқылы
анықталады.
• Жазық түр – жоғарыланған көкірек
клеткасымен сипатталады.
• Цилиндрлі түр – кең бірқалыпты дөңгелектеу
көкірек клеткасын сипаттайды.
• Конусты түр – төменіне қарай кеңейтілгенімен
анықталады
Дененің жеке бөліктерінің размерлі
сәйкестігі пропорция болып
табылады. Профессор В. В. Бунак
адамның дене құрылысын басты үш
типті пропорцияға бөледі:
• Долихоморфты тип – дене тұлғасы
кішкентай, ал аяқ – қолы ұзын;
• Брахиморфты тип – дене тұлғасы
ұзын, қол – аяғы қысқа;
• Мезаморфты тип – дене тұлғасы
мен аяқ – қолы орташа.
Адам денесін өлшеуді үш адамнан жасайды, яғни
әрқайсысы өлшенетін адам, өлшейтін адам,
берілгендерді жазып отыратын болып бөлінеді.
Өлшейтін адам тез, анық ықыласпен максималды
дәлдікпен өлшейді, яғни жоғарыда айтылған
нұсқауларды қолданады. Екінші өлшейтін адам
қаламмен (кей қателерді жөндеу үшін) өлшеніп
тұрған адамның дәптеріне жазады, сонымен қатар
ол инструменттердің (өлшеуіш) және өлшеніп
тұрған адамның тұрысына көз салып тұрады.
Әрбір өлшемді екі рет өлшейді, соңынан оның орта
өлшемін алады. Егер нәтижеде 0, 5 см – ден көп
қателік кетсе, онда үш рет өлшем жүргізіледі, сонан
кейін қатты өзгерген санды алып тастап, қалған екі
өлшем нәтижесінің ортақ бөлімін алып жазады.
Өлшемді жүргізу ыңғайлы болу үшін лентаны дененің
оң жағында қиылыстырады, яғни аяқ жағы емес,
сыртқы бетінен бастайды. Негізгі
антропометриялық нүктелердің орналасу схемасы
мен өлшем бірлігінің өлшемдер схемасын дәптерге
түсірген жөн. Бұл жерде сызықты размер
өлшемдерін түзу сызықпен көрсетеді, доғалы
размер өлшемдерін көлденең, ұзына бойы доғалар,
ұзындықтар екі сызықпен көрсетеді. Жалпы
антропометриялық өлшемдерін жүргізгенде дененің
размер өлшемдерінің орта сипаттамасын алу үшін
өлшем нәтижесін математикалық әдіспен
түзетеді. Сонымен қорыта келгенде әйел дене
бітімін танып білу үшін оның табиғи сұлулығын
және оның бойындағы түрлі қасиеттерді,
ерекшеліктерді білу керектігін айқындайды.
Қорытынды бөлім
Негізгі антропометриялық нүктелерді
анықтап болған соң, өлшеу жұмысын
бастайды. Өлшеу жұмыстарын денені ң о ң
жағынан жоғарыдан бастайды. Әрбір
өлшемді екі рет өлшейді, соңынан оны ң
орта өлшемін алады. Антропологиялық
тексеруде өлшенетін адам денесіндегі негізгі
5 нүктені анықтаудан бастайды. Олар:
мойынның негізгі нүктесі, мойын нүктесі,
қолтықтың артқы бұрышы, иық нүктесі,
бел биіктігінің нүктесі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

“Маталарды өңдеу”, К.И. Баданов,
Алматы 2014 ж.
Интернет материалдары:
http://bilimdiler.kz/tehnologia/15930-zhalpy-kii
m-toptary-turleri.-stil-san-siluet-turaly-tusini
k.html

Л. Қуатбекова, Ү. Келесова, «Тігін
бұйымдарының технолоиясы», Астана
-2010жылы.

Ұқсас жұмыстар
Адам анатомиясы.Анатомияның тарихы
Кеуде торының пішінін анықтау
Төменгі жақ - бассүйек сүйектерінің ішіндегі жалғыз қозғалмалы, жұпсыз сүйек
Анатомиялық препараттарда мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының құрылыс ерекшеліктерін оқып білу
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Адам жыныс генетикасы
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы
Панельдік дискуссия
Жалпақ құрттар
Индивидуалды акселерация
Пәндер