Әр жас кезеңінде жас дағдарыстарының болу себептері. Д.Б Эльконин бойынша жас кезеңінің бөлінуі (толық нұсқасы)
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Орындаған: Уразбекова Балжан
Тексерген: Құлмышева Н.А
Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың
өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму
кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу
барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды.
Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы,
дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір
қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды,
бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды
сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді.
Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін.
Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі.
Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік
кезеңі келесі сипатқа ие:
- жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1
жас);
- 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас):
- 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас):
- 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас);
- 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас)
Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен
Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады.
Тарихи даму үдерісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік
жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады ж әне
бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер
етпей қоймайды.
Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін
жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату
керек. Әр жас кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болғанымен бір-біріне
байланысты. Сондықтан әр жас шамасында балалы қ ша қ кезе ңі
әртүрлі мөлшерде өтеді. Мысалы: нәрестелік кезеңде бір жылды ң
ішінде 5 сатыдан өтеді. 1-3 жасқа дейін 3 сатыдан, бастауыш
сыныпта 3-4 сатыдан өтеді. Бұл баланы ң денесіні ң ж әне
психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтынды ғын к өрсететін
ерекше факт.
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші р өл
атқарады. Іс-әрекеттің әрбір түрлері бала дамуына әр т үрлі
әсер етеді. Әр кезеңде болатын тұлғаның және психикалық
функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-
әрекеттермен қамтылған. А.Н.Леонтьев жетекші іс-
әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет
аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және
ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: р өлдік
ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері
қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы
психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында
шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта
бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.
Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды.
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам
өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де
болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жо қ. Бала
келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);
2) тамақтану (сору, жұту);
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар
ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстерді ң
алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл
тамақтандыруға деген рефлекс.
Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы.
Бір жастағы дағдарыс.
Бала өмірге келгендігін өзінің
алғашқы жылауымен білдіреді.
Бала туылған кезде физикалық
тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол
мүлдем басқа жағдайға тап
болады: температура, жарық,
кеңістік, тамақтану жолы, дем
алудың басқа жолын талап
ететін орта. Жаңа ортаға
бейімделуі барысында бала
дағдарысқа ұшырайды.
Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс
деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері бас қа әлеуметтік ортада
емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л.С.Выготский 1 жас
дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен
және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады.
Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік,
ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты
болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын
түсінбегендіктен немесе түсініп, о ған қажет н әрсені
орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады.
Бала бұл кезде жүре бастағанды қтан немесе белсенді жылдам
еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттар ға қол
жеткізе алады. Үлкендер өткір заттарды, розеткаларды жауып,
ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланы ң барлы қ
тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оны ң әрекеті о ған ж әне
айналасындағыларға кері әсерін тигізуі м үмкін. Бала
«болмайды» деген сөзбен таныс, бірақ да ғдарыс кезінде б ұл
сөз аса өзекті болып табылады.
Нәрестенің эмоциялық сезімі
Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін т әрбие жа ғдайыны ң
әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.
Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары,
мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-те ңдігін
жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау т үрінде к өрінеді.
Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету то қталса, бала ая қ қолын
қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп ай ғайлап жылайды.
Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қа қса қ, балада жағымды
эмоциялық көңіл-күй байқалады.
Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі баланы ң барлы қ органикалы қ
қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы то қ, т өсек орны жайлы,
киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек көңілді болады, жа ғымды эмоция
туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, қажеттіліктерімен
қанағаттандырылмаса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді
үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы
дәрі ішкен кезде де байқалады.
Баланың үш жастағы
дағдарысы
Үш жастағы дағдарысты қарастыру ға себін тигізетін үш т үрлі к өзқарас
бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жа ңа-құрылымдар мен
саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасыны ң дамуында ғы
дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймя ғына қатысгы
қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды.
Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста- уымыз керек, м ұндай
материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жаста ғы
дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңы ң дамуьшда ғы сырт қы
және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін т үйінді жері
бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жа ғдайлар ға
байланысты болады және оның қалыпты жа ғдайдан ауыт қуына әсер етуші
фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі —
қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық.
Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек.
Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап
етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес,
бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі.
Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, біра қ оны
бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына
қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз,
сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса
қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады.
Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык,
сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол к өнбейді,
бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп,
үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; б әрібір үйге
кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзіні ң бастап қы
шешіміне байланысты болады.
Баланың жеті жастағ ы
дағ дарысы
Мектеп жасындағы бала, барлық жас
кезендері сияқты, психикалық
дамуыңда дағдарысқа немесе күрт
өзгерістерге ұшырап отыратындығы
ғылыми әдебиеттерде баяндаған.
Мұндай өзгеріс баланын жеті
жастағы дағдарысы деп те аталады. Осы
кезевде баланың акьш-ойының өсуіне
орай қауырт өзгерістерге үшырап,
тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа
қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні
айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді
мектеп жасына дейінгі бала деп те,
оқушы деп те атау киын. Өйткені ол
өтпелі кезеңді басынан кешіреді.
Жеті жастағы баланың басынан өтетін
дағдарыстың негізінен екі түрлі ерекшелігін
қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады.
Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін
жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас
күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ
ретінде көрсетеді, Мұндай қылықтар баланың жеті
жасқа дейінгі кезеңің болғанымен, оның төңірегінде
оған жете мен бермейді.Жеті жастары баланын
дағдарысынын ең басты көрініс оның жеке басының
ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеул; өзгерістерге
ұшырау себептерімен байланысты.
13 жастағы дағдарыс
Жасөспірімдік жас – сындарлы жастық кезең. Осы кезе ңде адам өзіні ң
ішкі жан дүниесіне алғаш рет үңіліп, онда болып жатқан өзгерістерді
түсіне бастайды, алайда өзгерістердің себептері түсінікті бола бермейді.
Сондықтан да сізге жасөспірімдік жас дағдарысының физиологиялы қ ж әне
психологиялық мәнін сезіне отырып, балаңызға қолдау мен к өмек
көрсетуге тура келеді.
11-13 жасқа дейін балаға сыртқы орта маңызды рөл ойнайды. Ол
сыртқы ортамен үлкен қызығушылықпен танысады, өзінің қиялы мен
эмоциясын қосады. Ал жасөспірімдік дағдарыс кезеңінде бала өзіні ң жан-
дүниесіне назар аудара бастайды, іштегі тол қуларына қызығушылы қпен
қарап, айналасындағы адамдар арасында өз дәрежесі мен өзіні ң бірегей
болмысын білгісі келеді.
Жасөспірімдік жастағы бала қанында үлкен көлемде өсу мен жынысты қ
гормондар бөліне бастайды. Соның нәтижесінде баланың бойы мен
салмағы артып, жыныстық жетілу, көңіл-күйінде өзгерістер байқалады.
Жасөспірімдік жас дағдарысы процесінде к өп кездесетін
физиологиялық және психологиялық өзгерістер мынадай
нәтижелерге әкеледі:
• өз бет-әлпетіне деген қызығушылық;
• тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу;
• құрбыларымен топтасу;
• жыныстық қатынас пен жыныстар арасындағы қарым-
қатынасқа деген жоғары қызығушылық;
• жалғызсырау;
• өзінің жеке кеңістігіне деген қажеттілік және оны қыз ғану;
• кесіп айту, үзілді-кесілді пікір;
• қаталдық көрсету арқылы ренжу.
Отандық психологтар бала дамуының әрқайсының өзіндік
ерекшелігін, кезеңнің әлеуметтік даму жағдайы және жетекші іс-
әрекет түсініктерімен анықтайды. Әлеуметтік даму жағдайы Л.С.
Выготскиймен анықталған. «Дамудың ішкі процестері мен сырт қы
жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол жас кезе ңіне
тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және жаңа сапалы қ
өзіндік психологиялық жаңалық, яғни соңында байланысты». Жетекші
әрекет түсінігі А.Н.Леонтьев еңбектерінде ашылған. Әрбір жас кезіне
сәйкес іс-әрекет түрі сәйкес келеді, ол баланың жеке басыны ң
дамуына және қалыптасуына, рның танымдық мүмкіндіктеріне әсер
етеді. Психологиялық – педагогикалық ғылымның тереңдетіліп
дамуына байланысты, жас кезеңдері де зеттелуде. Бұған Д.Б.
Элькониннің еңбектері дәлел бола алады.
Д.Б Эльконин бойынша жас
кезеңінің бөлінуі
Д.Б. Элькониннің жас
кезеңдері мына кестеде
көрсетіледі: Нәрестелік жас
туғаннан кейін -1 жас.
жетекші әрекеті –
эмоциональды қарым-
қатынас. Б ұл жастағы
маңызды жаңалық (жетістік)
қарым-қатынасқа деген
қажеттілік басқа адаммен.
Сәбилік кезең 1-3 жас. Жетекші әрекеті
– заттық әрекет. Жетістік сөйлеудің дамуы
және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы.
Мектептегі жасқа дейінгі кезең-3-7 жас.
Жетекші әрекеті – рольдік ойын. Жетістігі –
қоғамдық маңызы, қоғам бағалы іс-әрекетке
ұмтылу.
Бастауыш сынып оқушысы-7-14 жас. Жетекші
әрекеті – оқу. өз процесінде ес қалыптасады.,
сыртқы әлемнің заттарын меңгереді. Бұл жасты ң
жетістігі болып психикалық құбылыстарды ң
ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлекция
алынады.
Жеткіншілік жас 11-15 жас. Жетекші әрекеті
қоғамда пайдалы іс-әрекет жүйесіндегі қарым-
қатынас (оқу, қоғамдық –ұйымдастыру, еңбек
т.б.) бұл процесте жеткіншек әртүрлі жағдайдағы
қарым қатынас дағдыларын меңгереді. Маңызды
жетістіктері болып өзін-өзі бағалаудың қалып,
қоршаған адам. Сын көзбен қарау «ересек болуға
ұмтылу және ұжым өмірінің нормаларына
бағына білу іскерлігі мен дербестігінің
қалыптасуы.
Балғын жастық шақ 15-17 жас. Жетекші
әрекет - кәсіптік оқу, жетістігі: оқу
процесінде дүниетанымы, кәсіби
қызығушылығын, өзіндік санасы, арман,
мұраты қалыптасады. Бұл классификация
жас кезеңдерінің өзгеру механизмін ашуға,
диалетикалық материалистік ілгеріге сүйене
отырып дамудың қозғаушы күштерінің, яғни
жаңа қажеттіліктер мен (оларды бұрынғыша)
ескі мүмкіндіктерді қанағаттандыру
арасындағы қайшылықтар күресін түсінуше
мүмкіндік береді.
Мұнда, жас - нақты психикалық дамудың уақытпен
шектелген сатысы. Ол физиологиялық және психикалық
өзгерістер заңдылықтарының жиынтығы мен жалпы
адамның жеке даму айырмашылықтарымен байланысты
еместігімен сипатталады. Жас психологиялық
ерекшеліктерінің нақты тарихи жағдайларымен
шарттасқан бұлар тұқым қуалаушылық әрекет
ерекшелігі индивидуалдылықтың қарым – қатынасы.
Дамудың қозғаушы күштері – жеке бас өз өмірінде ішкі
қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке
бастың қоршаған ортамен байланысына оның
жетістіктерімен сәтсіздіктеріне қоғаммен индивидтің
тепе – теңдігінің бұзылуына байланысты. Дамушы жеке
бас жаңаша өмір сүру жағдайына қоғамдық маңызды
әрекетке қарай ұмтылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда
өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас кезеннің өзіне
ғана тән және сол кезендегі психикалық даму ға әсер
ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы баланның өмірі ,
олардың өздеріне өмір мазмұнына толы. Қоршаған
адамдармен өзара қарым – қатынасы белгілі бір жас
кезендегі жетекші әрекет. Сонымен қатар әр жас кезенде
бала орындайтын белгілі бір міндеттер және бала
орындауға тиісті міндеттер болады. Дағдарыс - Бір жастан
екінші жас кезеніңе өту кезінде психикада өзгеріс болып
даму секірмелі сипатта болады. Дамудың жас
дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен
сипатталады. Жетекші әрекет – адамдардың белгілі бір жас
кезеңдерде пайда болатын және қалыптасатын негізгі
психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет.
Адамның психологиялық дамуында екі негізгі
факторлардың ролі маңызды орын алады.
Биологиялық фактор – табиғи тұқымқуалаушылық.
Әлеуметтік фактор - өмір шарты, орта. Осы
факторларлардың өзара қарым – қатынасы
биогенетикалық және социогенетикалық
теорияларының өкілдерімен әр – алуан
қарастырылады. Сонымен әр жас кезеніне тән және
сол жас кезенге тән психикалық даму динамикасымен
шарттасады және жаңа сапалық өзіндік
психологиялық жаңалық соңында байланысады.
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова,
Қ.Н.Нығметова / - 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин;
ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф.
Обухова / - 2014
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник
и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева
Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / -
2014
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz