Стандарттау мақсаттары мен принциптері


Slide 1

Стандарттау мақсаттары мен принциптері

Slide 2

Стандарттау дың жалпы мақсаты-өнім, процесс және көрсетілетін қызымет мәселесі бойынша тұтынушылар мен мемлекеттің мүделерін қорғау. Стандарттау қызымет ретінде мына мақсаттарға жетуге бағытталған.

1. Өнімдер, процестер және көрсетілетін қызыметтерге нормалар, ережелермен сипаттамалар белгілеу.

2. Өнімдердің, процестердің көрсетілген қызыметтердің адам өмірі, денсаулығы және мүліктерінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның корғалуын қамтамасыз ету.

3. Саудада техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қаілетін қамтамасыз ету

4. Өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын сондай-ақ өзара алмасымдығын қамтамасыз ету.

Стандарттаудың жалпы мақсаты

Slide 3

5. Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету.

6. Ресурстардың барлық түрін сақтау жіне ұтымды пайдалану

7. Елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету.

8. Табиғи және техногенді апаттар мен басқа төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

9. Өнімдердің, процестердің көрсетілетін қызыметтердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүделерін қорғау.

Slide 4

Стандарттау функциялары

Реттеу функциясыөнім атауларын, жөнсіз көбейтілген құжаттар түрлері. Объектілердің жөнсіз көп түрлерін (көптеген н) ықшамдап шектеу

Қорғау (әлеуметтік) функциясы - өнімді шығарушылардың, тұтынушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамзатты, табиғатты техногенді апаттардан қорғауға жұмылдыру

Ресурстарды үнемдеу функциясы - материалдардың, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.

Slide 5

Арақатынасқа байланысты функциясы - ақпараттың (компьютерлік, спутниктік, ж. б. ) жүйелерін және хабарды тарату каналдарын пайдалана отырып, адамдардың өзара пікірлесуін және әрекеттестігін қамтамасыз ету. Бұл функция саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық, экономикалық байланыстарды нығайту үшін қажет.

Цивилизациялау (қоғамдық даму) функциясы - адам өміріне қатысты көрсеткіштерді өнім мен қызмет сапаларын белгілеу негізінде жақсарту. Мысалы, адам өмірін ұзарту мемлекеттік стандарттардың тамақ өнімдерінде, ауыз суда, темекінің құрамында болатын зиянды заттардың мөлшеріне қоятын талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты. Бұл мағынада стандарттар еліміздің қоғамдық даму деңгейін, яғни өркениет (цивилизация) деңгейін көрсетеді

Slide 6

Ақпараттық функциясы. Стандарттау өндірісті, ғылымды, техникалық және басқа салаларды нормативтік құжаттармен, эталондармен, үлгілермен, бағалы техникалық және басқару ақпараттарының сақтаушысы болып табылатын өнім эталондарымен, өнім каталогтарымен қамтамасыз етеді.

Норманы бекіту және құқықты қолдану функциясы - стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарттар (немесе басқа нормативтік құжаттар) түрінде заңдастыру және құжаттарға құқықтық күш беру нәтижесі оларды жаппай қолданудан байқалады. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындау экономикалық әкімшілік және құқықтың міндеттеу шараларын (санкцияларын) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дәлелділік функциясы. Бұл функцияның мәні нақтылы техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар регламенттің маңызды талаптарының дәлелділігін көрсетуінде

Slide 7

Стандарттардың түрлері

Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:

негізге алынатын стандарттар;

өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар;

процеске стандарттар;

бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рөсімдеу) стандарттар.

Slide 8

Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері.

Slide 9

Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атңарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т. б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:

сынау құралдары және басқа да керек- жарақтар;

сынауды өткізуге дайындалу тәртібі;

сынауды өткізу тәртібі;

сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері;

сынау нәтижелерін дайындау ережелері;

сынау қателігінің мүмкін деңгейі.

Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атңарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т. б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:

сынау құралдары және басқа да керек- жарақтар;

сынауды өткізуге дайындалу тәртібі;

сынауды өткізу тәртібі;

сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері;

сынау нәтижелерін дайындау ережелері;

сынау қателігінің мүмкін деңгейі.

Slide 10

Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі

Ұлттық стандарттар органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп, баспасөз бетінде және ақпараттық жүйеде жариялайды.

Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты өзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралы хабарлама береді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты өзірлеуші мүдделі тұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.

Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.


Ұқсас жұмыстар
Стандарттаудың мақсаттары
Стандарттау категориясы. Стандарттау түрлері
Стандарттау түрлері
Стандарттау деңгейлері
Кеңес БӨЖ
Мемлекеттік бағдарлама
МЫҢЖЫЛДЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
ПАРАМЕТРЛІК СТАНДАРТТАУ
Өнімдерді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Стандарттаудың негізгі түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz