Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесіні
патологиясы
Орындаған:Смаилова Б.Т.
Топ: ВС-203
Тексерген: Нуркенова М.К
Семей 2015 жыл
I.Негізгі бөлім
2.1. Ас қорыту жүйесіне сипатама
2.2.Қарындағы ас қорытудың патологиялық-
физиологиясы
2.3.Ас қорыту жүйесінің бұзылуы
2.4.Ішекте ас қорытудың бұзылуы
2.5.Зәр шығару жүйесі туралы түсінік
2.6.Бүйректің аурулары
2.7.Бүйрек функциясының бұзылу себептері
2.8.Несеп құрамы мен мөлшерінің сапасын анықтау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.1. Ас қорыту жүйесі (көне грекше systema —
бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) -
адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азы қты)
қабылдау, өндеу қорыту, сіңіру және жын қалдығын
сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын
мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді
мүшелерден және ас қорыту бездерінен
тұрады.Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан
асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі.
Бас бөлімді — ауыз пен жұтқыншақ
Алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын
ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш
ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұй қы безі,
бауыр),
Артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек)
құрайды
Қарында секрет бөлу және қозғалу сипатындағы бұзылулар
байқалады.Қарынның секрет бөлу функцияларының бұзылуы,
қарын секрециясының қалыпты жағдайында бөлінетін қарын сөлі
мен оның қышқылдығы тітіркендіргіштер әсерінен заңды түрде
артады.
Секрет бөлудің гиперацидік типінде- аш қарында едәуір
мөлшерде сөл болып, оның жалпы қышқылдық және бос тұз
қышқылы көрсеткіштері жоғары болады.Қарын секрециясының
астенциялық типінде қарын безінің мехникалық
тітіркендіргіштерге баяулайды.
Секрецияның бұл типі өте жоғары тітіркенуде және қарын безі
тез жүдегенде байқалады.Қарын секрециясының инерттік
типіндеқарының секреторлық клеткалардың мехникалық
тітіркендіргіш әсеріне қозғыштығы кемігенде
байқалады.Субацидтік тиіпте аш қарында сөл шамалы ғана
білінеді.Мехникалық және хмииялық тітіркедіргіштерге бездердің
қозғыштығы кемиді.Қарын сөлінде тұз қыгқылының болмауын-
ахлоргидрия деп атайды.
Ас қорытудың бұзылуының негізгі формасы-
мал тәбетінің болмауы не жойылуы,
организмнің жүдеуіжәне өнімдігінің кемуі,
ацидозға немесе алкалозға, висцералдық
ауырсынуға шалдығуы, талықсуы, құсуы,
қарынан және ішектен қан ағуы іш өтуі және
ас қорыту органдарындағы басқада бұзылу
функциялары болып табылады.
Сонымен қатар кейбір ауруларда аштықты
сезіну(тәбеттің күшеюі)- гиперорексия
Тәбеттің кемуі-анорексия
Тәбеттің бұзылуы-парорексия
Күйіс қайыратын малдарда алдыңғы
қарындардың ас қорытуының бұзылуы
Малды шөппен, сондай-ақ балғын
азықтармен қоректендіргенде қарынды сірке
қышқылының мөлшері кемиді кетоз немесе
ацетонемия-қанда, несепте және сүтте кетон
денешіктерінің көбеюі.Бұл ауру көбінесе өте
өнімді және қоңды малдарда кездеседі.Ауру
мал жем-шөптен бас тартады, өнімділігі кемиді,
нерві бұзылады, салмағы кемиді.Кетоз ауруы
малды дұрыс азықтандырмаудан, әсіресе
құрамында май қышқылы көп сапасыз с.рлем
бергенде пайда болады.
Ішекте ас қорытудың бұзылуы секрет бөлудің
қозғалыс қызметінің, сорылудың ішектегі керексіз
қалдықтардың шығуының (экскреция) сондай-ақ
ішек микрофлораларының өзгеруіне байланысты.
Ішектің қозғалыс функциясының бұзылуы
жиырылып- созылудың күшеюі немесе баяулауы
немесе мүлдем тоқтау арқылы байқалады.
Ішек жіті қабынғанда, сондай-ақ нерв және
гормоналдық жүйелердің функциясы бұзылғанда
жиырылып-созылуы күшейеді.
Ішектің жиырылуының әлсіреуі-гипотония.
Ал мүлде жиырылмауы-анатоия.
Ішек пердесінің қабынуы-перитонит.
Ішектің бітелуі (ileus). Мұндай ауру ішектің
қозғалыс- босату функциясы бұзылғанда пайда
болады. Ішектің бітелуінің мехникалық,
динамикалық,гемостатикалық, түрлері бар.
Мехникалық бітелуі ішек жолының
мехникалық кептелуінен(қысылуынан ішектің
бір бөлігіне екніші бір бөлігінің енуінен,
ішектердің бұралуынан т.б) болады.
Динамикалық бітелу ішек бұлшық еттері
параличке шалдыққанда және түйілгенде пайда
болады. Этиологиясы- қорғасынмен улану, ішек
ішек құрттарынан улану болып табылады.
Гемостатикалық және тромбоэмболдық
бітелу тромбоз немесе эмбол салдарынан ішекте
қан айналысы бұзылғанда байқалады.
Зәр шығару жүйесі деп- жануарлар организмінің
артық суды, тұздарды , зат алмасудан пайда болған
қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органды
айтамыз. Бүйрек ең негізгі бөлу органы болып
саналады. Оның негізгі функциясы бүйректе ж әне зат
алмасуда пайдаланылатын өнімдерді организмнен
тұрақты шығарып отыруы болып табылады.
Несептің тәуліктік мөлшерінің азаюын -олигурия
несеп бөлудің мүлде тоқтауын- анурия, ал несептің
көптеп пайда болуын- полиурия деп атайды.
Бүйректің, олардың функциялық
элементтерінің-шумақтары мен өзекшелерінің
зақымдануының барлық формалары бүйрек
функциясын бұзуға ұшыратады зақымдануының
барлық формалары бүйрек функциясын бұзуға
ұшыратады. Несеп бөлудің бұзылуының
бүйректік формаларының ішіндегі бүйректегі
қабыну апоцестері- нефритте, дегенеративтік
процестер-нефроздар, қан айналысының
бұзылуы-нефрросклероздар сондай-ақ бүйрек
тасы ауруы елеулі орын алады.
Нефрит-әр түрлі зиянды агенттердің, көбінесе
қанның әсер етуінен бүйректің қабынуы.
Процесс бір мезетте екі бүйректе, немесе
шумақтарды, ткань аралықтарын зақымдайды.
Нефроз - бүйрек паренхимасы, негізінен
бүйрек өзекшесі өзгеріп,зат алмасу бұзылатын
ауру. Барлық малдарда, әсіресе
жылқыда,шошқада және итте кезеді.Нефроз
әдетте организмнің улануынан,ірің
кеулеуден,бұзылған азық беруден пайда болады.
Ауру барысы әдетте жіті түрінде өтеді. Ауырған
мал жем-шөптен бас тартады,әлсіреп арықтайды.
Несіп бөлуі азаяды, несебі күңгірттеніп,
тығыздығы артады, онда белок пен формалы
элементтер мөлшері едәуір көбейеді.күшті
зақымдалған жағдайда бүйрек қалыптан тыс
ұлғаяды.
Бүйрек тас ауруы-несеп құрамынан
қалыптасып, көбінесе бүйрек түбінде(лоханка)
тас пайда болатын созылмалы процесс болып
табылады.Бүйрек тас ауруында бүйрек талмасы
немесе шаншуы, қанды несептің бөлінуі
байқалады.
Несеп мөлшері
Олигурия – тәуліктік несеп бөлудің кемуі-
бүйректен тыс және бүйректе пайда болады.
Бүйректен тыс олигурия (экстраренальды)
мынадай жағдайда пайда болады.
Қан айналысы тұтастай бұзылғанда
Организмде су өте көп азайғанда
Организмде су іркілгенде
Орталық нерв жүйесі зақымдалғанда және
психикалық жарақат алғанда
Ішек-қарын жолдары мен терінің әр түрлі
бөліктеріне рефлекторлық ықпал еткеде.
.
Анурия - несеп бөлінудің қысқа немесе ұзақ уақыт
тоқталуы.Ол жіті гломерулонефритте(бүйрек
шумақтарының қабынуы) және нефрозда байқалады
Полиурия - үлес салмағы төмен несептің тәуліктік
бөлінуінің көбеюі және проценттік құрам бөлігіің
кем патологиясы.
Полиурия мына төмендегідей бүйректен тыс
факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін.
Жалпы қан айналысының өзгеруінен
Зат алмасуының бұзылуынан және несептің көп
бөлінуіне ықпал ететін қосылыстардың қанға
жиналуы
Организмге сұйықтықтың тым көп келуінен
Мидың кейбір учаскелерінің тітіркенуінен
Нейро-эндокринді сипаттағы несеп бөлінудің
ерекше патологиясы-қантсыз несептің шамадан тыс
бөлінуі.
Бүйрек ауруынан пайда болатын полиурия бүйректің
бірінші және екінші бүрісуінде дамиды.
1.Бүйректегі нервтің және ішкі секреция бездерінің
реттелу функциясының бұзылуы
2.Бүйректің қанмен жабдықталуының
бұзылуы(атеросклероз, талықсу күйі)
3.Бүйректің инфекциялық аурулары(пилонефрит)
4.Бүйректің
аутоаллергиялықзақымдалуы(диффузды
гломерулонефрит)
5.Несептің ағуының бұзылуы( тас пайда болу,несеп
жолының қысылуы)
6.Ауыр түрде өтетін инфекциялық аурулар мен
уланулардан бүйректің зақымдануы
7.Бүйректегі туа біткен ауытқушылық
(гипоплазия,поликистоз)
III.Қорытынды
Ас қорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және
ас қорыту бездерінен тұрады.Ас қорытудың үлкен 2
түрі болады.
Ал зәр шығару жүйесіне келетін болсам яғни
бүйрек ең негізгі бөлу органы болып саналады.Оның
негізгіфункциясы бүйректе және зат алмасуда
пайдаланылатын өнімдерді организмнен тұрақты
шығарып отыруы болып табылады.
Несептің тәуліктік мөлшерінің азаюын -олигурия
несеп бөлудің мүлде тоқтауын- анурия, ал несептің
көптеп пайда болуын- полиурия деп атайды.
I. Т.Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы»
Алматы 2012 жыл
II. Х.С.Жұмабеков, К.Ю.Дербышев
«Жануарлардың патологиялық
анатомиясы» Алматы 2011 жыл
III. З.Қожабеков, Ә.М.Өтенов «Малдың
патологиялық физиологиясы» Алматы
1992 жыл
IV. Ө.Ығылманұлы «Ветеринариялық
патологиялық анатомия» Алматы 2010
V. Лютинский С.И. «Патологическая
физиология сельско-хозяйственных
животных.» М. 2002.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz