Кездейсоқ айнымалы ұғымы және тармақталу алгоритмін бағдарламалық жүзеге асыру


Slide 1

Тақырыбы: Кездейсоқ айнымалы ұғымы. Алгоритм. Тармақталу алгоритмін орындайтын программаны құру.

Slide 2

Кіріспе

Айнымалы - белгілі бір мәліметтер типін сақтай алатын және программаны атқару барысында мәнін өзгертуге болатын атауы белгілі объект.

А й н ы м а л ы шама - әр түрлі сан мәндерін қабылдайтын шама. Ал сан мәні өзгеріссіз қалатын шама т ұ р а қ т ы шама деп аталады. Дегенмен айнымалы шама мен тұрақты шаманың арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде болады. Өйткені кейбір мәселедегі тұрақты шама, басқа бір жағдайда айнымалы шама болуы мүмкін.

Айнымалы шаманы математикаға енгізіп, оны жүйелі түрде зерттеуді бастаған француз ғалымы Рене Декарт (1596 - 1650) болды.

Slide 3

Айнымалы - аты, типі және мәні болатын шама.

Айнымалыныңмәнін программаның жұмысы кезінде өзгертіп

отыруға болады.

Айнымалылардың типі:

integer { бүтін }

real { нақты }

char { бір символ }

string { символдық тіркес }

boolean { логикалық }

var a, b: integer;

Q: real;

s1, s2: string;

Slide 4

Оператор - жоғары деңгейлі программалау тілінің

командасы.

Меншіктеу операторы айнымалының мәнін өзгерту

үшін қолданылады.

program qq;

var a, b: integer;

begin

a := 5;

b := a + 2;

a := (a + 2) *(b - 3) ;

end.

a

?

5

5

b

?

5+2

7

a

5

7*4

28

Мысал:

Айнымалының мәнін қалай өзгертуге болады?

Slide 5

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай жұмысын жүргізу т. б. ) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм - математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.

амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу

Slide 6

Паскаль тілінде мәліметтер

Тұрақтылар

Айнымалылар

Программа орындалу

барысында көрсетілген

қалпынан өзгермейтін

шама

Программа орындалу

барысында мәндер

өзгеретін шама

Slide 7

Алгоритм - қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы - адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау - бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:

а-ны x-ке көбейту R1 деп,

оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,

с-ны х-ке көбейту R3 деп,

сх-тан d-ны алу R4 деп,

R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді.

Slide 8

Алгоритмді талдаудың негізгі әдістері

1) Сөздік-

формулалық

2) Құрылымдық

немесе

блок-схемалар

3) Арнайы алгоритмдік

тілдерді қолдану

4) Граф-схемалар

көмегімен

5) Петри торының

көмегімен

Slide 9

Алгоритм қасиеттері

дискреттілік: жекелеген қадамдардан(командалардан) тұрады

айқындылық: атқарушыға түсінікті болатын командалардан тұруы керек

белгілілік: бастапқы деректері бірдей болған жағдайда нәтижесі де бірдей болады

нәтижелік: әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз керек

жалпылық: алгоритм әр түрлі алғашқы мәліметтер үшін әр түрлі нәтижелер беруі тиіс

дұрыстылық: алғашқы мәліметтер әр түрлі болғандығына қарамастан барлық жағдайда дұрыс нәтиже береді


Ұқсас жұмыстар
Кездейсоқ айнымалы ұғымы және тармақталу алгоритмін Паскаль тілінде жүзеге асыру
C++ тілінде кездейсоқ айнымалыларды генерациялау және тармақталу алгоритмін құру
Кездейсоқ айнымалы тұжырымдамасы, C++ тіліндегі псевдо кездейсоқ сандарды генерациялау және тармақталу алгоритмдері
Тармақталу алгоритмін жүзеге асыратын Паскаль тіліндегі бағдарламаны құру
Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері және RSA криптографиялық алгоритмін бағдарламалық іске асыру
Билік: ұғымы, түрлері, саяси биліктің ерекшеліктері мен жүзеге асыру әдістері
Кездейсоқ функциялар: ұғымы және негізгі сипаттамалары
Құқықтық нормаларды іске асыру: мазмұны, субъектілері және жүзеге асыру әдістері
Саяси билік: мәні, құрылымы және жүзеге асыру механизмдері
Инвестициялық жобалар: түрлері, ерекшеліктері және қаржылық жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz