Психолингвистиканың тарихы мен лексика-семантикалық өріс теориясының дамуы


Slide 1

Психолингвистиканың қысқаша тарихы.

Slide 2 Slide 3

Психолингвистика - психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы; ”адам - тіл” қатынастарын (адамның зейінін, жігерін, ниетін т. б. ) зерттейді, яғни сөйлеу үрдістерін зерттейтін ғылым.

Ол сөйлеу үрдісін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді.

Slide 4

Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі адамның жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет.

Slide 5

Психолингвистика психологиялық эксперимент арқылы сөйлеу қызметінің үлгісін жасап тексереді. Бірқатар практикалық мәселелердің теориялық мәнін түсіндіру үшін таза лингвистикалық тәсілдер жеткіліксіз. Ол үшін психолингвистиканың тәсілдерін қолдану қажет.

Slide 6

Психолингвистика мынадай мәселелерді

шешеді: шет тілдерін үйрену, логопедия

мәселелері, ми қызметіне байланысты

сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат

құралдарындағы сөйлеудің рөлі, авиция мен

космостық психология, криминалистика мен

машина аудармасы мәселелері және т. б.

Slide 7

Психолингвистика термині 1954ж. бастап қолданылып келеді (АҚШ) ;

Slide 8

Сөздің семантикасын зерттеу көп уақыт бойы жеке сөздерді зерттеумен шектеліп келді. Өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қана ғалымдар сөзді жеке қарастыру дұрыс емес екенін, жеке сөздер мағынасы мен формасы жағынан бір-біріне туыс сөздермен бірігіп, сөздердің топтарын немесе өрісін құрастыратынын, сөздің мәнін, мәнісін білу үшін оның құрамын бір-бірінен жеке алып қарастырмау керектігін айтып, ортақ пікірге келді. Бұл қажеттілік тіл білімінде өріс теориясының шығуына әкелді. Ол тіл білімін тың және жаңа жолға бағыттады.

Slide 9

Семантикалық өріс теориясының негізін салушы неміс ғалымы Иост Трир. Ол лексиканы жүйеге келтірудің жаңа ұстанымдарын жете зерттеп, 1931 жылы өзінің «Der deutsche Wortschatz im Sinnbezirk des Verstandes» (сөзбе сөз: Неміс тілінің сөздігі ұғым мағынасында) атты еңбегінде алғаш рет өріс теориясы ұғымын қолданып, осы теорияның лексикалық зерттеулерге қажеттілігін көрсетті. Автор бұл еңбегінде: «Сөз тек біртұтас бүтіндік және сол тұтастық арқылы ғана мағынаға ие болады», - деген қорытынды жасайды

Slide 10

Л. Вайсгербер тілдің заттар әлеміне белсенді әсері туралы тезисті әрі қарай дамытып, тілдің ойға және біздің санамыздың дамуына әсерін зерттеді. Тілдегі жүйелілікті негіздеу үшін ол өз теориясын жасады.

Slide 11

Өткен ғасырдың 30-жылдары негізі қаланған өріс теориясы туралы ілім кезінде лингвист ғалымдар арасында үлкен пікірталас тудырған болатын, бірақ тіл білімінде әлі де өз шешімін толық тапқан жоқ. Бұл мәселе - ғалымдар арасында әр түрлі бағытта зерттеліп келе жатқан тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.

Slide 12

Өрісті лексика жүйесінің басты бірлігі

ретінде қарастырып, оның теориялық

мәселелерін жан-жақты зерттеген

ғалымдар: Ю. Д. Апресян [10], В. Г.

Гак [11], Е. В. Гулыга [12], Ю. Н.

Караулов [13], А. А. Уфимцева [14], Г.

С. Щур [15] және т. б.

Slide 13

Лексика-семантикалық өріс - лексиканы зерттеудегі, семантикадағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл ұғым лексикалық семантиканың басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелілігін басшылыққа алатын қағидаға негізделген, өйткені өрісті және оның құрылымын анықтауда лексикалық бірлікте жеке күйінде емес, жүйеленген бір топ түрінде қарастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Психолингвистиканың қысқаша тарихы және Қазақстандағы дамуы
Психолингвистиканың тарихы, теориялық бағыттары және Қазақстандағы дамуы
Дәстүрлі және функционалды грамматика: қазақ тіл білімі тарихы мен функционалды-семантикалық өріс теориясы
Психолингвистиканың тарихы мен қазіргі зерттеу бағыттары
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер: синтетикалық, аналитикалық және лексика-семантикалық
Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты, құрамдық түрлері және семантикалық топтары
Менің астанам: лексика, морфология және семантикалық карта арқылы жұмыс
Тілдік бейнедегі жүрек концепті: лексика-семантикалық және концептуалдық зерттеу (Абай поэзиясы мен фразеология, мақал-мәтелдер мысалында)
Жасуша теориясының дамуы және жасушаның құрылымы мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz