Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері




Презентация қосу
- Өнімнің өзіндік құнын төмендету
- Пайда, рентабельділікті арттыру
Өнімнің өзіндік құны өнеркәсіптік
кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын
маңызды көрсеткіш болып
табылады. Оның деңгейіне кәсіпорын қызмет
етуінің қаржылық нәтижелері,
кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқындары,
шаруашылық жүргізетін субъекттердің
қаржылық жағдайы тәуелді болады.
Келесі көрсеткіштер өнімнің өзіндік құнын
талдаудың объекттері болып табылады:
тауарлық өнімнің жалпы алғанда және
шығындар элементтері бойынша толық өзіндік
құны;

тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы
шығындар;

салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік
құны;

жеке бұйымдардың өзіндік құны;
Өнімді өндіруге кететін
тікелей материалдық
шығындар (ТМШ)

Тауарлық Тауарлық Өнім бірлігінің
өнімді өндіру өнімнің шығындар
көлемі құрылымы деңгейі

Өнім бірлігіне шикізат Шикізат пен
пен материалдардың материалдар бірлігінің
шығыны орташа құны

Тікелей материалдық шығындардың факторлық жүйесінің блок-
сұлбасы.
Өзіндік құн кірістер мен шығындарды өлшеудің негізі , сонымен
қатар, қорларды тиімді қолдану мен интенсификацияның жалпылама
көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзіндік құнды талдаудың
міндеттері:
өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны бойынша жоспардың
шиеленістігі мен негізделуін бағалау;
өзіндік құн бойынша талдаудың орындалу деңгейі мен динамикасын
белгілеу;
өзіндік құн көрсеткіштерінің динамикасына әсет ететін факторлар
мен олар бойынша жоспардың орындалуын анықтау, жоспарлы
шығындардан нақты шығындардың ауытқу көлемі мен себептерін
анықтау;
өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау;
шығын мен түсімнің оптималды арақатынасын анықтау мен бағалау.
Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық
база болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық
калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша
шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі табылады.
Өзіндік құнның нақты төмендеуін
негіздейтін үнемдеу келесі факторлардың
құрамы бойынша есептелінеді:
1 Өндірістің техникалық деңгейін арттыру. Бұл жаңа прогрессивті
технологияларды енгізу, өндірістік процестердің механизациялануы
мен автоматизациялануы; шикізат пен материалдардың жаңа түрлерін
қолдану мен тұтынуды жақсарту; өндірістің техникалық деңгейін
жоғарылататын басқа да факторлар. Өзіндік құнды төмендету
басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, ЭЕМ қолдануда,
қалыптасқан техника мен технологияларды модернизациялау мен
жетілдіруде барысында болуы мүмкін. Шығындар өндірісте
қалдықтарды толық қолдануда, экономикалық алмастыруларды
қолдануда және шикізатты кешенді қолдану нәтижесінде азаяды.
Үлкен резервтер өзіне өндірісті жетілдіруді, оның
еңбексыйымдылығы мен материал сыйымдылығын төмендетуді,
машиналары мен құралдарының салмағын азайтуды және т.б. қосады.
2 Еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру. Өзіндік
құнды төмендету өндірісті ұйымдастыпудағы
өзгерістердің, өндірісті мамандандырудың дамуындағы
еңбек формалары мен әдістерінің, өндірісті басқаруды
жетілдіру мен оған кететін шығындарды азайтудың, негізгі
қорларды пайдалануды жақсартудың, материалдық-
техникалық жарақтануды жақсартудың, транспорттық
шығындарды азайтудың, өндірісті ұйымдастыру деңгейін
жоғарылататын басқа да факторлар нәтижесінде жүруі
мүмкін.
Ағымдағы шығындарды төмендету негізгі өндіріске
қызмет көрсетуді жетілдіру нәтижесінде жүргізіледі
(мысалға, нақты өндірісті дамыту, өзгеру коэффицентін
жоғарылату, технологиялық жұмыстарды ретке келтіру,
құрал-жабдықты шаруашылықты жақсарту, өнім мен
жұмыс сапасына бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру).
3 Өнім көлемі мен құрылымының өзгерісі, олар шартты-
тұрақты шығындардың (амортизациядан басқа)
салыстырмалы азаюына, амортизациялық аударымдардың
қатысты азаюына, өнімнің ассортименті мен
номенклатурасының өзгерісіне және оның сапасының
артуына алып келеді. Шартты-тұрақты шығындар
шығарылатын өнімнің санына байланыссыз болады.
Өндіріс көлемін арттыру арқылы олардың өнім бірлігіне
деген саны азаяды, ол оның өзіндік құнының төмендеуіне
алып келеді.
Кәсіпорын қызмет етуінің нәтижелілігі және экономикалық
орындылығ ы тек абсолюттік көрсеткіштермен ғ ана емес,
сонымен қатар, салыстырымалы көрсеткіштермен де
бағ аланады. Кең ауқымды мағ ынада пайдалылық
(рентабельділік) дегеніміз табыстылықты білдіреді.
Кәсіпорын пайдалы (рентабельді) болып саналады,
егер өнімді сату нәтижелері өндіріс шығ ындарын өтесе
және кәсіпорынның қалыпты қызмет
етуі үшін жеткілікті пайда сомасын қалыптастырса.
Пайдалылық (рентабельділік) көрсеткіштерін бірнеше
топқа біріктіруге болады:

өндіріс шығ ындарының және инвестициялық
жобалардың өтелімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;

сатылымдардың пайдалылығ ын сипаттайтын
көрсеткіштер;

капиталдың және оның бөліктерінің табыстылығ ын
сипаттайтын көрсеткіштер.
Пайдалылықтың (рентабельділіктің)
экономикалық мәні көрсеткіштер жүйесінің
сипаттамасы арқылы айқындалуы мүмкін.
Олардың жалпы мағынасы – капиталға
салынған бір теңгеден пайда мөлшерін
анықтау. Ал бұл салыстырмалы
көрсеткіштер болғандықтан, олар шың
мәнінде құнсызданудың ықпалына
түспейді.
Пайда сомасының
көбею резервтері

Өнімнің сатып өткізу Бағалардың Өнімнің өзіндік
көлемінің көбеюі жоғарылауы құнының төмендеуі

Тауарлық өнімнің Сатып өткізудің Бұдан гөрі оңтайлы
сапасының тиімдірек нарықтарын (оптималды)
жоғарылауы іздестіру мерзімдер-де сатып
өткізу

Өнімді сатып өткізуден пайданы көбейту
резервтері көздерінің блок-сұлбасы
Өнімді сатып өткізу көлемін көбейткен кезде пайданың өсу резервтерін анықтау үшін көлемнің
айқындалып қойылған өсу резервісін өнімнің сәйкес түрінің бірлігіне шаққандағы нақты
пайда мөлшеріне көбейту керек:

Р↑ПСӨӨV = Р↑СӨӨVі × Пні.

Тауарлық өнім мен қызметтердің өзіндік құнының қысқаруы есебінен пайданың көбею
резервтерін санау келесі түрде жүзеге асады: өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір
түрінің өзіндік құнының айқындалып қойылған төмендеу резервісі оның өсу резервілерін
ескергендегі оның сатылымдарының мүмкін болатын көлеміне көбейту керек:

Р↑ПӨҚ = ∑ (Р↑Пн × (СӨӨV + Р↑СӨӨV)).

Өнімнің сапасы жақсарған кездегі пайданың өсу резервтерін санау келесі түрде жүзеге асады:
әрбір сұрыптың (кондицияның) үлес салмағының өзгерісі сәйкес сұрыптың сату бағасына
көбейтіледі, нәтижелер бір-біріне қосылып, орташа бағаның алынған өзгерісі өнімді сатып
өткізудің мүмкін болатын көлеміне көбейтіледі.
Осыған ұқсас сатып өткізудің өсу өзгеруі есебінен пайданың өсу резервтерін саналады.
Өнім пайдалылығының (рентабельділігінің) жоғарылау резервтерінің негізгі көзі – өнімді сатып
өткізуден түскен пайда сомасының көбеюі (Р↑П), тауарлық өнімнің өзіндік құнының төмендеуі
(Р↓ӨҚ).
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері ретіндегі пайда мен
пайдалылықты (рентабельділікті) бағалау (талдау) тәсілдері:
баланстық пайданың құрамы мен динамикасын бағалау тәсілі;
өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатып өткізудің қаржылық
нәтижелерін (пайда мен пайдалылықты (рентабельділікті)) ба ғалау
тәсілі;
сатып өткізуден тыс және басқа да қаржылық нәтижелерді бағалау
тәсілі;
шартты мысал арқылы кәсіпорын пайдалылығын (рентабельділігін)
бағалау тәсілі;
пайда мен пайдалылық (рентабельділік) сомасын көбейту резервтерін
бағалау тәсілі.

Халықаралық стандарттарға мыналарды жатқызуға болады:
директ-костинг жүйесінде пайданы бағалау (факторлық талдау)
тәсілі;
директ-костинг жүйесінде пайдалылықты (рентабельділікті) ба ғалау
тәсілі;
пайданы шекті талдау және оңтайландыру әдістемесі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРА-
М, 1997. 310 с
2. Грозденко А. Возможности использования затратного и
маркетингового подхода к ценообразованию //Практический
маркетинг № 11(5).- 2005г.-451с
3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. -
Алматы: Экономика. 2001 ж.
4. Дәуренбекова Ә.Н. Шығындарды басқару/ Оқу құралы. -
Алматы: Экономика. 2009

Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістер
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельдікті арттыру әдістері
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ
ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ
Бағаны белгілеу және бағалар жұйесі
Құнды құру тізбегін талдау
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайданы арттыру
Өндірістік шығындар
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУДЫ ОҢТАЙЛАҢДЫРУ
Пәндер