Қазақстанның өсімдік әлемдері және олардың экологиялық мәселелеері

Қазақстан да  өсімдіктердің  15  мыңдай  түрі  бар.  Оның  2  мыңнан  астамы балдырлар,  5  мыңдайы  – саңырауқұлақтар,  600-ге  жуығы  – қыналар  ,  500-ге  жуығы мүк  тәрізділер  және  6  мыңнан  астамы  – жоғары  сатыдағы  түтікті  өсімдіктер.  Қазақстан  микрофлорасының  (саңырауқұлақтар)  құрамындағы  түрлердің  4,8%-ы эндемик болып  табылады.  Жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  түр  байлығы,  интродукцияланған,  мәдени  дақылдар  мен  кездейсоқ  әкелінген  500-ден  аса  түрлерді  қоспағанда,  161  тұқымдасқа,  1120  туысқа  жататын  6100-ге  жуық  түрден  тұрады.  Оның  ішіндегі  730  түр  тек  Қазақстанда  өсетін  –  эндемиктер

Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулыксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Өсімдіктердің Қазақстанжерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі.

Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық,эволюциялық ерекшеліктеріне байланыстыәр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

"Дала қызғалдақтары"

Өсімдіктерді қорғау
Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жератмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.

Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады. Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қа

Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, олардың да 210— 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400— 3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер.

Орман   байлығы
Еліміздегі барлық орман қоры 26 млн 216 мың га жерді алып жатыр, бұл Қазақстан жерінің 4,7%-на тең. Соның ішінде таза орманды алқаптың аумағы 12 млн 428 мың га. Еліміздегі жалпы орман қорының 50%-дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Сексеуіл ағаштарының қорғаныштық мәні зор. Ол шөлейтті, шөлді аймақтардағы құмның жылжуына тосқауыл болады. Сексеуіл ағаштарын қырқуға тыйым салынған, соған қарамастан соңғы жылдары Қазақстанның барлық, аймақтарында сексеуіл ағаштарын қырку өте қарқынды жүріп жатыр.

Орман қорғау– орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өртхимия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары

Шаған (лат. Fraxіnus) — зәйтүн тұқымдасына жататын, жапырағы түсетін ағаш.Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында, кейде Азия мен Американың тропиктік аймақтарында кездесетін 70-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы таулардың, ормандардың, өзен жағаларындағы су жайылымдарында өсетін 4 түрі бар. Соның ішінде саябақтарда, көшелерде қолдан өсірілетін түрі — сириялық шаған (F. syrіaca). Оның биіктігі 30 м-дей, бұтақтары цилиндр пішінді, қабығы қоңыр сұр түсті. Бүрлері қоңырқай немесе қара, қысқа түкті, жапырақтарының ұзындығы 25 см, бір — үштен жұпталып шығады, шеті ара тісті, үстіңгі беті қанық жасыл, астыңғы жағы ақшыл келеді.

Шаған ағашы

Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер  Қызыл кітап - бұл қауіп қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.

Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген. Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).

Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі 
Өсімдіктердің Атаулары Өсімдіктердің ғылыми атаулары Тұқымдасы

Қалқан асаймұса

Abelia corymbosa

Ұшқаттар тұқымдасы

Кәдімгі өрік

Armeniaca vulgaris

Раушангүлдер тұқымдасы

Шолпаншаш сүмбілі

Adiantum capillus-veneris

Сүмбілдер тұқымдасы

Көктем жанаргүлі

Adonis vernalis

Сарғалдақтар тұқымдасы

Линчевский кемпіршөбі

Acantholimon linczevskii

Кермек тұқымдасы


Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь