Күнбағыстағы ақ шірік ауруы (Sclerotinia sclerotiorum): белгілері, биологиясы және күресу шаралары


Slide 1

Орындаған: Қариполданов Б. Қ Тексерген: Сағындыков С

Күнбағыс ақ шірігі.

Slide 2

Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі - тұқымша, онда 22 - 27% май болады.

Slide 3

Ақ шірік - күнбағыс, соя, үрме бұршақ, зығыр және тағы басқа өсімдіктерде, сонымен қатар қоймадағы көкөністерде саңырауқұлақ салдарынан болатын өте хауіпті ауру. Ақ шірік өсімдікті істен шығарады. Күресу жолы: ақ шірік жұққан тұтас өсімдікті немесе оның бөлімін отап құрту, тұқымын тазалау, екінші дақыл егу, овощтар сақталатын қойманың температурасын 1-3 градуста ұстау және оны желдетіп тұру

Slide 4

Ақ Шірік-Күнбағыс егілетін аудандарда жиі кездеседі. Ауруға жас және еремек өсімдіктер шалдығады. Жас өсімдіктердің тұқым жарнағында, жапырақ және сабақ негізіндек мол, түсі ақ киізді өңез түзіледі. Сабақтың жоғарғы бөлігі иіліп, жапырақтары солад. Тамыры жұмсарып, суланады. Сабақтың залалданған бөлігі жұмсарып, түсі қоңырланып, ыдырап, сынып, өсімдік түгел курайды. Өңез бетінде жене сабақ ішінде пiшіні мен көлемі әр түрлі, түсі күңгірт немесе қара, тығыз склероцийлартүзіледі. Ауру өсімдікте себет түзімейді. Құрғақ ауа райында сабақтағы өңез жойылып, оның орнында ақшыл центрлі дақ қалады. Ак шірік ауруы кунбағыстың себетін де залалдайды. Себетінің астыңғы жағында ақшыл коңыр дақтар пайда болып, ұлпасы ылғалданып оңай тесіледі. Дақтар тез ұлгайып, олардьң үстінде және себет бетіде ақ тусі киізді өңез түзіліп, ол тұқымға да енеді. Туқымдардьң ішінде және аралықтарында кейін тұтасқан, торлы қара склероцийлар түзіледі

Slide 5

Ауру қоздырғышы - Sclerotinia sclerotiorum Lib. de Вагу, саңырауқұлағы. Бул саңырауқұлақ әр турлі тұқымдастағы өсімдітерді - темекі, жүгері, қызылша, cә6iз және т. б. залалдайды.

Саңырауқұлақ склероций түріде қыстайды. Көктемде қысқы суықта тоңазыған склероцийдан табақша тәрізді, үзын сабақты апотецийлер өнеді. Оның ішкі жағында калың қабықты қалта мен қалтаспоралар орналасады. Бip склероцийдан көлеміне байланысты бірнеше жеміс денелер түзіледі. Аскоспоралар өсімдік бетіне түсіп, жіпшеге өнеді де, өсімдіке енеді. Инкубациялык кезең-7-10 кун. Склероцийлар көктемде және жаз бойы өнеді, сондықтан өсімдк ауруга барлық өсіп-өну кезеңдерінде шалдығады. Тоңазымаган склероцийлар жіпшелерге өніп, олар өсімдік тамыр мойны мен сабақтың төменгі бөлігіне енеді. Өсімдіктен өсімдікке саңырауқұлақ жіпше арқылы тарайды. Жіпшелер кепкенде де тіршілігін сақтайды. Олардың үзіндісі желмен таралып, ылғалды ортада кунбағысты қайта залалдайды. Кейбір өсмдіктер ақ шіріктің жасырын түрімен ауырады. Бұл жағдайда өсімдікте аурудың белгісі көрінбейді, 6ipaқ кунбағыстың бойы өспей ергежейлнгіп себеті дамымай, өнімі 25% (кейде одан да көп) төмендейді. Кеселдің дамуына қолайлы жағдай -15-180С температура және 60-80% ылғалдылық. Ауру қоры өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады. Склероцийлар тұқым арасында да сақталуы мүмкін.

Slide 6

Ақ шірік өте зиянды кесел. Залалданған жас өсімдіктер қурап, ал ересек өсіп-өркендегендерінде тұқым түзілмейді. Ауруға шалдыққан ересек өсімдіктерде тұқым түзілуі мүмкін, бірақ олар жетілмей, майлылығ төмендеп, іші склероцийларға толы болады.

Slide 7

Пайдаланған әдебиеттер

Н. Ашықбаев, Б. Дүйсембеков, А. Ағыбаев, Р. Карьозова Өсімдік қорғау кітабы “Фолиант” баспасы 2011 жыл


Ұқсас жұмыстар
Жоңышқаның ақ ұнтағы ауруы: белгілері, таралуы және күресу шаралары
Гүлді өсімдіктердің аурулары: фузариоз, монилиоз, антракноз, ақ шірік және күресу шаралары
Қытай бұршағының жалған ақ ұнтағы (Peronospora manshurica): биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Картоптың сабақ нематодасы: сипаттамасы, биологиясы, ауру белгілері және күресу шаралары
Ақ жолақты (мүсінді) саяқ шегірткелер: биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Шортан обасы және тұқы балықтарының шешек ауруы: себептері, клиникалық белгілері және күресу шаралары
Ақ алабота (Chenopodium album): таксономиясы, морфологиясы, экологиясы, биологиясы, шаруашылықтағы қолданылуы және күресу шаралары
Жүзім зиянкестерінің биологиясы, зияндылығы және кешенді күресу шаралары
Күнбағыс сұр шірігі: қоздырғышы, белгілері және күресу шаралары
Найроби ауруы (қой, ешкі): этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz