Операциялық жүйе


Slide 1

Операциялық жүйе

Операциялық жүйе түрлері

Операциялық жүйе ядросы

Slide 2

Операциялық жүйе (ОЖ) - бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады. Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т. б.

ОЖ болмаса, қазіргі заманғы компьютердің апараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық ақпараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.

Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі - пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады. Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.

Slide 3

Операциялық жүйе (ОЖ) - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа

Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Slide 4

Дербес компьютерге арналған ОЖ-лер

бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын.

бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.

Slide 5

Бір міндетті операциялық жүйе дегеніміз:

Қай кезде де адамның компьютерде тек

бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана

мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режімде бір программаны және фондық деп аталатын режімде тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді.

Мысалы, негізгі режімде мәтіндер редакторын, ал фондық режімде басу прогграммасын іске қосуға болады.

Slide 6

Көп міндетті операциялық жүйе дегеніміз:

- бірнеше программаны қатар іске

қосуға мүмкіндік береді.

Бұл прогграммалар бір - біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы,

бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютермен бірге

модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бірмендетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуаты аз компьютерлерде жұмыс істей береді, жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтанда біртіндеп ығыстырылуда.

Slide 7

Бір адам пайдаланатын ОЖ дегеніміз:

компьютерде тек бір ғана адамның мұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы

компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.

Slide 8

Бірнеше адам пайдаланатын ОЖ дегеніміз:

- бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы

өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша

алатын ақпаратына шыға алады.

Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNIX, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар(пернетақтасы бар бейнемонитор), не ДК-де іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.

Slide 9

ОЖ-лер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді. Оның орта ғасырлық болса да тарихы бар. Енді осы тарихи деректерге тоқталып өтелік.

Slide 10

1965-1975 Алғашқы операциялық жүйелердің қалыптасып, даму кезеңі. Бұл кез жаңа буын компьютерлерінің пайда болған уақыты еді. Сонымен қатар мини-компьютерлер кең таралды. Мультипрограммалық, көпмақсатты, файлдар жүйесімен тиімді жұмыс жасайтын ОЖ қажет болды. Алғашқы ОЖ-дің бірі OЖ UNIX болды.

Slide 11

1981-1985 Microsoft фирмасы - MS DOS, IBM фирмасы - PC DOS, Novell фирмасы - Novell DOS операциялық жүйелерін шығарды және әр жыл сайын жетілдіріп, жаңа версияларын шығарып отырды. Мысалы: MS DOS 1. 0; MS DOS 1. 1; MS DOS 2. 0 . . . MS DOS 3. 1; т. с. с.

Дамыған сайын олардың мүмкіндіктері көбейіп, жаңа командалар қосылып отырды.

Slide 12

1985, ХІ Microsoft Windows ОЖ-нің алғашқы 1. 0 версиясы құрылды.

1987, IV IBM фирмасы OS/2 ОЖ-ін іске қосты.

1987, ХІ Microsoft Windows 2. 0

1990, V Microsoft Windows 3. 0

1992, IV Microsoft Windows 3. 1

1993, IV Microsoft Windows NT

1994. ІІІ UNIX ОЖ-і негізінде Linux 1. 0 ОЖ-і шықты

Slide 13

1995, VIII Windows 95 ОЖ-і жарық көрді. Бұл компьютер әлемінің көптен күткен арманы еді. Қолданушы интерфейсі, қосымша мүмкіндіктері, т. б. көптеген ерекшеліктері ОЖ-ің рыноктағы ерекше орнын анықтады.

1996, VII Windows NT 4. 0 компьютерлік желілермен жұмыс жасауға негізделген ОЖ-сі шықты.

Slide 14

1998, VII Windows 98 ОЖ-і жарық көрді. Бұл версияда Интернет желісіне, компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлінді.

2000 жыл Windows 2000 (Win-NT), Windows Me (Millennium Edition - Win-98) . Бұл жүйелер тағы да жетілдірілген, мәлімет қорғау жүйесі жақсы ескерілген.

Slide 15

Windows - 98

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйе интерфейсі түсінігі
Linux операциялық жүйе
Операциялық жүйені құру принциптері
Желілік операциялық жүйе
Операциялық Жұйелер, оның даму және түрлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның түрлері)
Операциялық жүйелер туралы ақпарат
ОЖ, оның даму жә не тү рлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның тү рлері)
Серверлік операциялық жүйелер
Операциялық жүйелер және түрлері
Linux операциялық жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz