Шыны және шыны өндірісінің технологиясы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ
ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Шыны және шыны
өндірісінің технологиясы

Орындаған: Омаргазина Д.М.
ХН-221
Семей,2015
Жоспар:

1. Шыны туралы түсінік
2. Шыны түрлері
3. Жазық шыны өндіру технологиясы
4. Шыны балқыту үшін қолданылатын
шикізат материалдары
5. Шыныны балқыту
Шыны туралы түсінік-
құрылыс өнеркәсібінде және тұрмыста
кеңінен қолданылатын
материалдардың бірі. Әр түрлі
қолданыстағы шыны бұйымдарына
жылдан жылға өсіп бара жатқан
сұраныс, шыны жасау өнеркәсіптерін
өнім шығару мөлшерлерін арттыра
отырып, сонымен қатар олардың сапа
деңгейін түсірмеуге итермелейд і
Шыны түрлері-
Органикалық шыны —полиметилметакрилат, полистирол,
поликарбонаттар негізіндегі оптикалық материалдардың
техникалық атауы. Тығыздығы біршама кем, морттылығы аз,
жүмсару температурасы едөуір төмен. Органикалық шыныдан
авиа, автомобиль, кемежасау салаларында құрылымдық материал
ретінде пайдаланылатын жарқыншақтанбайтын үш қабат шыны
дайындалады.
Сақтандырушы шыны — құрамына байланысты түсірілген
сәулелерді өткізеді (мөлдір) немесе өткізбейді (мөлдір емес),
сондай-ақ белгілі толқын ұзындықты сәулелерді өткізіп, басқа
толқын ұзындықты сәулелерді өткізбейді (түсті).
Сұйық шыны — натрий жөне калий силикаттарының судағы
ерітіндісі. Сұйық шыны — қышқылға төзімді цемент пен отқа
төзімді сылақтардың құрауышы, желімдегіш зат ("кеңсе силикат
желімі"). Mұқият болмаса, білдекші шағын жарақат алуы мүмкін.
Жазық шыны өндіру
технологиясы -
Жазық шыны деп – тегіс түрде өңделіп,
ұзындығы мен еңіне қарағанда
қалыңдығы аз болып келетін шыныны
айтады. Оны күннің көзін өткізетін
құрылыс материалдарын шынылау,
терезе ойығы мен есік орнына орнату,
шамдар мен витриналарда, шыны
пакеттерін өңдіруде және т.б. құрылыс
мақсаттары үшін қолданады.
Жазық шынылардың құрамына бірталай
талаптар орнатылған:
1. балқу процесінің жоғары жылдамдығы;
2. формалаудың жоғары жылдамдығын
қамтамасыздандыру үшін, қатаю
жылдамдығының оптималды болуы;
3. кристалдану температурасы формалау
температурасынан төмен болуы;
4. балқыманың кристалдануға төмен
бейімділігі;
5. шыныға қажетті физика-механикалық
қасиеттері мен химиялық біртектілігін
беру.
Шыны өндірісі
технологиясының сызбасы
Шыны балқыту үшін
қолданылатын шикізат
материалдары
Шыны өндiрiсiнде қолданылатын шикiзат
материалдарын шартты түрде негiзгi және
көмекшi болып бөледi. Шихтаны дайындау үшiн
«Саратовстройстекло» ААҚ келесi шикiзат
материалдарын пайдаланады: құм, кальций
карбонаты, доломит, дала шпаты, сода, натрий
сульфаты, көмiр. Жазық шыны өндiрiсi үшiн
негiзгi шикiзат материалдарына: кварцты құм,
сода, доломит, дала шпаты, кальций карбонаты;
ал көмекшi шикiзат материалдарына: натрий
сульфаты, көмiрдi жатқызамыз.
SiO2 - барлық силикат шыныларының басты құрама бөлiгі. SiO2
шыны массасының тұтқырлығын жоғарлатып, механикалық және
химиялық қасиеттерді жаксартады, шынының қиын балқуын
арттырады және оның гомогенизациясын қиындатады, сыну
көрсеткiшін төмендетеді, сызықтық кеңеюдің температуралық
коэффициентi мен тығыздықты азайтады, жылуға шыдамдылықты
жоғарылатады, кристалдануға бейімділік артады. SiO2-нi енгiзу үшiн
кварцты құмды пайдаланады.
Na2О натрий оксидi кремнеземмен қатар шыны құрамының ең
маңызды бөлiгі болып табылады. Na2О шыны түзілу процесін
тездетедi, балқу температурасы мен шыны тұтқырлығын
төмендетедi, тазарту процесiн жеңiлдетедi. Сонымен бiрге, Na2О
сызықтық кеңеюдің тығыздығы мен температуралық коэффициентін
жоғарлатып, химиялық төзiмдiлiкті және шынының
микроқаттылығын азайтады. Келесі шикiзат материалдары арқылы,
шыны құрамына Na2О енгiзiледі, сода (МЕСТ 5100-85) (Na2СО3 )
және натрий сульфат (ТУ 21-249-00204168-92) ( Na2SO4 ).
Магний оксидің (MgO) шыны құрамына доломитпен (МЕСТ 23672-79)
(MgCO3 x CaCO3) бірге енгiзедi. МgО шыны массасының балқу
температурасын және 6%-ға дейінгі концентрацияда ғы кристалдану
икемділігін азайтып, беттiк керiлiстi жоғарлатады. Шыны құрамында магний
оксиді 2%-дан астам болса, балқу және мөлдірлеу уақыты артады. Суды ң
әрекетiне шыны орнықтылығы бiршама төмендейдi. Сызықтық кеңеюдің
температуралық коэффициентi жоғарлайды.
Кальций оксидін (CaO) қоспаға кальций карбонаттың (ТУ 113-08-667- 98)
(CaCO3) көмегімен енгiзедi. СаО балқу температурасы мен тұтқырлықты
төмендетедi, механикалық және химиялық қасиеттерді жақсартады, бiрақ
тығыздықты жоғарлатып, кристалдануға икемділікт i күшейтедi.
Алюминий оксидiң Al2O3 дала шпатымен (ТУ 5726-036-00193861-96) (K2O x
Na2O x Al2O3 x 6SiO2 ) бірге шыны құрамына енгiзедi. Al2O3 балқу
температурасын, тұтқырлықты, беттiк керiлiсті және жұмсарту
температурасын жоғарлатады, шыны массасыны ң пiсiруiн және оның
гомогенизациясын нашарлатады, химиялық тұра қтылық артып, механикалы қ
қасиеттер және жылу өткiзгiштiк жаксарады, сызықтық кеңеюдің
температуралық еселеуішi және балқытпаның интенсивтілігі азаяды,
шынының кристалдануға бейiмдiлiгі төмендейдi.
Шынының химиялық
құрамы
Шыныны балқыту-
Шыны бақыту процесі 5 кезеңнен тұрады:
1. силикат түзілу;
2. шыны түзілу;
3. мөлдірлеу;
4. гомогендеу;
5. салқындау.
Пайданылған әдебиеттер:
1. Производство листового стекла флоат-способом. Учеб.
пособие / ОАО «САРАТОВСТРОЙСТЕКЛО». – Саратов,
2009.
2. Гинзбург Д.Б. Стекловаренные печи. / Д.Б. Гинзбург. —
М.: Стройиздат, 1967. - 340 с
http://www.aipet.kz/student/diplom/2014/tef/pte/pte_kz/23.pdf
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B9%D0%BD
%D0%B5%D0%BA

Ұқсас жұмыстар
Пісіру жабдықтары
Портланд цемент өндірісі үшін шикізат
Макарон қамырын дайындау
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Керамикалық композициялы материалды алу технологиясы
Жылуоқшаулағыш бұйымдардың түрлері мен қасиеттері
Әктас өндірісінің технологиясының негізі
Әктас өндірісі
КӨБІК ШЫНЫ
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері
Пәндер