Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері


Slide 1

Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері

Slide 2

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды.

Slide 3

MS-DOS (Microsoft Disk Operating System) - дербес компьютердің аппараттық жасақтамаларын - процессорды, оның жедел жадын, дискілерді және шалғай құрылғыларды автоматты басқаруға арналған, Microsoft фирмасы жасаған дискідегі операциялық жүйе. Ол құрылғылар мен қолданбалы программалардың өзара байланысын, сондай-ақ осылармен жұмыс істеушінің оларды тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін программа болып табылады. 1981 жылдан бастап Intel процессорларымен жасақталған барлық дербес компьютерлерге арналған стандартты операциялык жүйе ретінде белгілі. MS DOS жүйесін осы күнгі кең таралған UNIX, Windows операциялық жүйелерінің негізі деп атауға да болады.

Slide 4

MS DOS-та каталогтармен жұмыс.

Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың өз аты болады және ол каталог деп аталады.

1-сурет

Slide 5

MS DOS-та каталогтармен жұмыс.

Мысалы:

Каталогтың қосымша бөлiгi болмайды. Каталогтың iшiндегi файлдың жазылуы: Basic kin 1. Bas

Басқа каталогтың iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.

MS DOS операциялық жүйесiнда каталогтармен жұмыс істеу командалары:

1. MD (Make Directory - каталог құру) - жаңа каталог ашу командасы. Мысалы,

1) MDVSTUD - STUD атты жаңа каталог ашу.

2) Md XXX - ХХХ ішкі каталогын ағымдағы каталогта құру;

3) md A: Tekst -A: дискісінің негізгі каталогында Tekst ішкі каталогын құру.

Slide 6

MSDOS-та дискілермен жұмыс.

Файлды немесе буманы дискетке көшiру үшiн, ол алдын ала ақпарат жазуға дайындалған, яғни форматталған болуы керек. Пайдаланып жүрген дискеттi қайта форматтау кезiнде онда бұрын сақталған ақпараттар жойылып кететiнiн есте ұстаған жөн.

Дискжетекке дискеттi орналастырамыз да, мына командалардың бiрiн орындаймыз:

1. Format a: - A: - дискісін форматтау.

2. Format a: /s - А: дискісін форматтап, жүйелі дискета жасау.

Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды дискiге көшiру қатарын белгiлеу қажет. Жүйелiк дискет - операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк файлдар жазылған дискет. Жүйелік файлдар құрамына - COMMAND. COM, IO. SYS, MSDOS. SYS, AUTOEXEC. BAT және CONFIG. SYS файлдары кіреді.

Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де DISKCOPY командасы қолданылады. Команда форматы:

diskcopy (дискжетекJ (дискжетекJ (/V) (/M)

Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.

Көшірілу режимдері:

/V - көшірілудің дұрыстығын көрсетеді;

/M - қатты дисктің көшірілу кезінде қолданылмауын қадағалайды.

Slide 7

Norton Commander - қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған программа, онда командаларды пернетақтада термей-ақ тек пернелерді басу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды «операциялық қабыршық» деп атайды. Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді: •Экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді; •Диск, каталог, файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға; •Бір каталогтан екіншісіне көшуге; •Каталогтар құруға, атын өзгертуге, көшіруге және өшіруге; •Каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге, ауыстыруға, атын өзгертуге және өшіруге; •Кез-келген файлды көруге және мәтіндік файлдарды түзетуге; •Командалық жолдарды түзетіп, DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.

Slide 8

Windows амалдық жүйесі және SCO Unix, Solaris немесе DOS сияқты коммерциялықАЖ басқа, Linux (Линукс) амалдық жүйесі де бар. Linux АЖ ашық жүйелер стандарттарын қолдайды және Unix, DOS, MS Windows жүйелеррлер мен бірге қолданыла алады. Бастапқы мәтіндермен қоса, жүйенің барлық құрамдас бөліктері еркін көшіруге және саны шектеусіз пайдаланушылар үшін орнатып пайдалануға берілетін рұқсатпен бірге таратылады.


Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер және түрлері
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS­DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері)
Операциялық Жұйелер, оның даму және түрлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның түрлері)
Операциялық жүйелер, оның даму түрлері ( MS –DOC, NC,OS/2,UNIX,Windpws оның түрлері)
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS 2,UNIX, Windows, оның түрлері) туралы ақпарат
ОЖ, оның даму жә не тү рлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның тү рлері)
Операциялық жүйені құру принциптері
Операциялық жүйе түрлері
Windows операциялық жүйелері
Оперциялық жүйелер,түрлері,қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz