Адам денесінің анатомиялық жазықтары мен біліктері. Анатомиялық терминология




Презентация қосу
Қазақстан
Қазақстан Республикасының
Республикасының Білім
Білім және
және Ғылым
Ғылым
Министрлігі
Министрлігі Семей
Семей қаласының
қаласының Шәкәрім
Шәкәрім атындағы
атындағы
мемлекеттік
мемлекеттік университеті.
университеті. Аграрлық
Аграрлық факультет.
факультет.

БӨЖ
Тақырыбы:Адам
Тақырыбы:Адам денесінің
денесінің анатомиялық
анатомиялық жазықтары
жазықтары мен
мен
біліктері. Анатомиялық терминология.
біліктері. Анатомиялық терминология.

Орындаған:Балғанбай
Ж.С.
Тексерген:Сатиева К.Р.
Топ: БЛ-309.

Семей 2015ж.
Жоспар:
І Кіріспе
Адам анатомиясы
ІІ Негізгі бөлім
Анатомиялық терминология.
Адам құрылысның біліктері мен жазықтары.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Адам анатомиясы - адам денесінің құрылысын, пішінін,
қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін
жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының
(латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді)
негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс
ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам
анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында
адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
(15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде
баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі
торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық
затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Адам денесі бас, мойын,
тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына
тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын
құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары
жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми
сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру
ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа),
кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5)
бөліктерінен тұрады.
Анатомиялық
терминология
ХІХғ. соңына дейін анатомиялық терминология, кейбір
ғұлама ғалымдардың тырысып-баққанына қарамастан өте
жақсы қарқынмен дамиды. 1895ж. Базелде ең алғашқы
латын тіліндегі анатомиялық терминдер тізімі ұсынылған
болатын. Сонымен бірте-бірте Базальды анатомиялық
номенклатуралары (ВNA) атпен елдер қатарында
қолданыла бастады. Содан бері бұл тізім бірнеше рет
өзгертіліп және толықтырылған 1955 жылы Парижде VІ
Халықаралық анатомдар федеративті конгрессінде ғылым
тарихындағы ең алғашқы анатомиялық терминдер тізімі
қабылданған болатын. Осылайша Париждың анатомиялық
номенклатурасы (РNA-Parisiensia homina anatomica) деген
атпен, халықаралық деңгейде заңды мойындалды. Сол
уақыттан бері тізім әр бес жыл сайын бірнеше рет
қарастырылып, оған түзетулер мен толықтырулар енгізілді.
РNA-да 6000-дай атауларға анықтама берілген.
Кейбір анатомиялық құрылымдар орыс тіліндегі сияқты, латын
сөзімен аталады. Мысалы: cranium бас сүйегі, femur бөксе, crus
сирақ. Бұл сияқты бірсөздік атауларға ең алдымен дене бөлімдер
атаулары жатады: caput бас, collum мойын, abdomen іш, pelvis
жамбас атауы, dorsum арқа, және т.б.
Анатомияның әр тарауында біз бірсөздік атауларды
кездестіреміз. Мысалы: aorta-аорта, vomer-желбезек, sternum-
көкірек, сlavicula-бұғана, palatum-таңдай, oesophagus –өңеш,
hepar-бауыр және т.б. Есте сақтау керек, кейбір бірсөзді латын
атаулары орыс тіліне аударылған кезде бір эквивалентті орыс
сөзімен емес, ол екі сөзтіркеспен аударылады. Бұған остеология
терминдері мысал бола алады: thorax (грек. панцирь) көкірек
жасушасы, fibula (лат. Ілмек, сүйекке ұқсас кіші жіліншік, tibia
(лат. музыкалық аспаб, сыбызғы, оны бұрын сүйектен жасаған)
үлкен жілінші, humerus иық сүйегі, radius (жебе, таяқша) кәрі
жілік, maxilla үстіңгі жақ, mаndibula астыңғы жақ, calvaria бас
сүйегінің төбесі және т.б.
 
Адам денесінің анатомиялық
жазықтары
Анатомияда жалпы қабылданған өзара
перпендикуляр жазықтықтардың
белгілеулері пайдаланылады, бұл
жазықтықтар ағзалардың немесе олардың
бөліктерінің кеңістіктегі орнын
анықтайды. Мұндай жазықтықтар үшеу:
сагитталды, фронталды және
горизонталды. Бұл жазықтықтардың адам
денесіне қатынасын айтқанда, оның
вертикалды қалпы алынатынын есте ұстау
керек.
Сагитальді жазықтық
Сагитальді жазықтық деп
(грекше sagitta-жебе)-жазықтық
денені бойлай оң (dexter)және
сол(sinister) жаққа қақ бөледі.Дене
ортасынан өтетінсагиталді
жазықтық ортаңғы немесе
медиалді деп аталады.
Фронтальді жазықтық
Фронтальді жазықтық(грекше frons-мандай)-мандайға
паралель сызық денені бойлай алдыға(алдыңғы-anterior)
және артқа(артқы-posterior) бөледі. вертикалды
жазықтықты түсінеді, ол арқылы біз ойша денені тесіп
өтетін садақ оғы бағытында алдынан артына қарай және
ұзына бойымен қақ бөлеміз. Сагитталды жазықтық дененің
дәл ортасынан медиалды өтеді, оны симметриялы оң және
сол екі жартыға бөледі. Вертикалды, бірақ сагитталды
жазықтыққа тік бұрыш жасай өтетін жазықтық, фронталды
маңдайға параллелді деп аталады. Ол денені алдыңғы
және артқы бөлімдерге бөледі. Үшінші, горизонталды
жазықтық сагитталды жазықтыққа да, сондай-ақ
фронталды жазықтыққа да тік бұрыш жасай жүргізіледі.
Ол денені жоғары және төменгі бөлімдерге бөледі.
Горизонтальді жазықтық
Горизонтальді жазықтық(грекше
horizontos-шектеуші)-жер бетіне
(көкжиекке) қатарласа жататын
жазықтық.Бұл жазықтықты дененің
бірнеше жерінен жүргізуге
болады.Денені жоғары(superior-
жоғарғы),төменгі(inferior) бөліктерге
бөледі. Бұл үш жазықтық адам
денесінің кез-келген нүктесі арқылы
өте алады.
Бұл жазықтықтарда жекелеген нүктелер мен
сызықтардың орындары былай бөлінеді: орта
жазықтыққа жақындау орналасқандарын
медиалды, medialis (medianum, латынша -
ортасы) деп белгілейді, орта жазықтықтан
алыстау жатқандары, латералды (laterialis -
бүйір) деп белгілейді. Алдыңғы-артқы бағытта:
дененің алдыңғы бетіне жақындау - алдыңғы,
anterior немесе вентралды, ventralis (venter -
іш), артқы бетке жақындау артқы, posterior
немесе дорсалды, dorsalis (dorsum - арқа) деп
аталады. Вертикалды бағытта: дененің
жоғарғы жағына жақындау -жоғарғы, superior,
төменгі жағына жақындау - төменгі, inferior
деп аталады.
Қол-аяқ бөліктеріне қатысты "проксимальді" және "дистальді"
терминдері қолданылады. Проксимальді (жақын) - тұлғада қол-
аяқтың басталатын жеріне жақындау бөліктерді, дистальді
(алыстағы) -керісінше, алыстау орналасқан бөліктерді белгілеу үшін
қолданылады. Мәселен, қолдың шынтағы саусақтарға қарағанда
проксималды, ал саусақтар шынтаққа қарағанда дисталды
орналасқан. "Сыртқы", externus, және "ішкі", internus, терминдері
көбінесе дене қуысы немесе тұтас ағзаларға қатысты орналасуды,
"ішіне қарай" немесе "сыртына қарай " жатқан деген мәнде
қолданылады; "беткей", superficialis және "терең", profundus
терминдері тиісінше дененің немесе ағзаның беткі жағынан "шамалы
тереңдеу" немесе "көбірек тереңдеу" орналасқан дегенді белгілеу
үшін пайдаланылады.
Шаманың (үлкен-кішілігін) білдіретін кәдімгі терминдер: үлкен
-magnus, кіші - parvus, үлкендеу - major, кішілеу - minor.
Соңғы екі термин - major және minor - екі жақын немесе ұқсас
түзілістердің салыстырма шамаларын белгілеу үшін қолданылады.
Мысалы, тоқпан жілікте tuberculum (төмпешік) majus және minus.
Magnus (үлкен) термині шамасы кішілеу басқа ұқсас түзіліс бар екенін
білдірмейді. Мысалы, nervus auricularis magnus үлкен құлақ нерві оның
жуандығына қарай осылай аталады, бірақ кіші құлақ нерві болмайды.
Адам денесіндегі білік
және жазықтық
қималары:
1-сагиталды жазықтық;2-
көлденең білік,14-сагиталды
білік;3,4-фронталды жазықтық
пен көлденең тік қималар
жүргізу бағыттары,
8-көлденең жазықтық.
Жазықтар: I — сагиттальдық; II —сегментальдық немесе
трансверсальдық; III — дорсальдық (фронтальдық); бағыттар: 1 —
назальдық; 2 — ростральдық; 3 — краниальдық (аборальдық); 4 —
каудальдық; 5 — латеральдық; 6 — плантарлық; 7 — дорсальдық; 8 —
медиальды; 9 — краниальное; 10 — вентральдық; 11 — пальмарлық; 12
— проксимальдық; 13 — дистальдық; 14 — аксиальды; 15 —
абаксиальды
Білік
Білік-аталған жазықтықтарды ойша бойлай
өтетін тік сызық.Бағытты,қарсы және
көлденең жазықтық қиған жердегі мүшенің
басқа мүшелерге қарағанда орналасу ретіне
қарай жақынырақ, алшақ,сыртына қарай,ішке
қарай,аралықта,бас жақта және дененің
соңына қарай немесе құйрық жақта деп
аталуы мүшенің тұлғаға қатысын
білдіреді.Буындардагы қозғалыу беттеуін
немесе ағза ориентациясын анықтауда
айналу біліктері қолданылады-жазықтықтар
қиылысуын жасайтын
сызықтар:вертикалді,сагиталді немесе
алдыңғы,артқы,фронталді немесе көлденең.
Қорытынды:
Адам анатомиясын оқып білуге дененің және жеке
мүшелерін кеңістікте орналасуын түсіндіру үшін дене
бөліктері туралы түсінік қолданылады.
Адамның нақты вертикалді құрылымына қолы төмен
қараған денесі, алақан және сыртқа қараған үлкен
бармақтары жатады. Денеде келесі бөліктер болады:
мойын, тұлға, қол және аяқ сүйектері. Бас бет және ми
бөліктерінен тұрады. Әрбір қол сүйектері иық
белдеуінен,білек және қолұшы,ал әрбір аяқ сүйектері
жамбас белдеуі,ортан жілік,сирақ және аяқұшы
сүйектерінен құралады.
Қалыпты адам организмін зерттейтін жүйелі анатомияны
сонымен бірге қалыпты анатомия деп атауға болады.
Мүшенің немесе тіннің белгілі аурумен зақымданғандағы
құрылысын қарастыратын анатомия-патологиялық
анатомия деп аталады.Осыған байланысты адамның
мүшелері мен жүйелерінің осындай құрлысын,организмнің
оптимальді өмір сүруі толық қалыптастырылған
құрылысты қалыпты деп санауға болады.Осы кезеңдерде
мөлщер көрсеткіштері (салмақ, пішін, өлшемдері және
ағзалар құрылысы) әрқашан нақты бір шекарада, яғни
максималдыдан минималды мөлшерге дейінгі аралықта
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Адам анатомиясы» А.Б. Аубакиров,
М.К.Жаналиева
Астана 2008ж.
2. Атлас адам анатомиясы Ә.Б.Әубәкіров, Ү.Ж.
Жұмабаев,Т.М.Досаев,Ф.М.Сулейменова,
Қ.Е.Сисабеков,М.М.Шайдаров
Астана 2006ж.
3. «Адам анатомиясы» Алшынбай Рақышев.
Алматы 2004ж.
4. «Тәнтану адам анатомиясы» Жандар
Керімбектің Ермаханы.
Алматы 2004ж.

Ұқсас жұмыстар
Халықаралық анатомиялық номенклатура
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Жеке қасықты дайындау
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы
Фармацевтикалық терминология жүйесі
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Бауыр тәрізді
ӨСӨЖ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ
Клиникалық терминология және рецепт
Анатомияның даму тарихы
Пәндер